Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Иран ядролық бағдарламасына орай Американың алаңдаушылығын тудырған кей мәселелерге орай түсініктеме берді. Ресей Иранға қажет уранның негізгі бөлігін өз жерінде байытып, болмашы бөлігін Иран жерінде байытуға келісіп отыр деген хабарды ол сейсенбі күні Американдық әріптесі Кондолиза Райспен бірге Вашингтонда өткізген баспасөз мәслихатында теріске шығарды. Баспасөз мәслихаты барысында Ресей мен Американ сыртқы саясат мекемелерінің жетекшілері Иранның ядролық бағдарламасы мәселесінде, сондай-ақ тағы да бірқатар мәселелерде, ресми Вашингтон мен Мәскеу ортақ көзқарас танытып отырғанын тағы да растағандай болды.
Кондолиза Райс пен Сергей Лавров БҰҰ-ның шектеу шараларына кезікпеу үшін не істеуін керек екенін Иран біледі дей отырып, Ресей мен Америка Иранның ядролық бағдарламасы мәселесінде ортақ көзқарас ұстанып отырғанын тағы да көрсетті.
Бұл тұрғыда Райс былай деді:
"Иран жерінде уранды байыту мен қайта өңдеу ядролық қару таратпау тұрғысынан келгенде қауіпті екенін және сондықтан бұған келісуге болмайтынын Құрама Штаттары анық айтып келді".
Лавров мұнымен келісетінін айтқан. Ол сондай-ақ, Ирандағы атомдық бекетке қажет отынды Ресейде байытып, сол арқылы ресми Тегеранның ядролық қару жасау мүмкіндігіне орай алаңдаушылықты шешу тұрғысындағы келіссөздерді өз елінің Иранмен әлі де өткізіп жатқанын хабарлады. Лавров сонымен қатар, Ресей ымырашыл келісімге жол беріп, бұл жағдай ресми ресми Вашингтон мен Мәскеу арасындағы байланыстарға қаяу түсіріп отыр деген хабарларды теріске шығарды.
"Ресейдің уран байыту жөніндегі бұл ұсынысы жаңа ұсыныс емес. Бұл ұсынысты келіссөзге қатысы бар тараптардың бәрі мақұлдаған болатын, және мұнда ымыра жөнінде сөз жоқ, қандай да бір ымыраның болуы мүмкін емес", - деген Ресей сыртқы істер министрі.
Лавров пен Райс Таяу Шығыс бейбітшілік келіссөздері мәселесін де сөз етті. Mәлім болғанындай, "Жол картасы" деген атауға ие болған Таяу Шығыс бейбітшілік келіссөздеріне "Төрттік" деп аталып кеткен Ресей, АҚШ, БҰҰ және Европа Одағы ара ағайындық етіп отыр.
Ресей жетекшілігінің Палестин Парламент сайлауларында жеңіске жеткен Хамас тобын Мәскеуге келіссөзге шақыруы кей "Төрттік" мүшелерінің алаңдаушылығын тудырған еді. АҚШ және Европа Одағы Хамасты террорлық топ деп біледі және Хамастың сайлауларда жеңіске жетуіне байланысты өкінішін жасырмаған еді. Алайда, Лавров Хамасқа Израил мемлекетін мойындау және зорлық атаулыдан бас тарту керектігін "Төрттік" мүшесі Ресейдің бетпе-бет кездесіп айтуы қажет болды дегенді айтты.
Хамастың бұған берген жауабына орай Лавров былай деді:
"Хамастан естігеніміз олар Палестин президенті Махмуд Аббастың билігі мен беделін мойындамақ. Ендігі естігеніміз олар "Жол картасына" байланысты өз көзқарастарын білдіруге дайын болмақ, және олар "Жол картасына" ешқандай ескерту айтпастан "Төрттік" ұсынған түрінде қабыл алуға әзір болады деген үміт бар".
Ресей сыртқы істер министрінің Вашингтонға сапары қарсаңында Американ саясатына ықпал ететін Сыртқы Байланыстар Кеңесі Американ-Ресей байланыстарына орай өз есебін жария еткен еді. Бұл құжатта Президент Путин жетекшілігіндегі Ресейде ішкі саясат барған сайын әкімшіл-әміршіл боп бара жатқаны, ал сыртқы саясат барған сайын Батыс елдеріне қарама-қайшы боп бара жатқаны сөз болған.
Американ Мемлекеттік Хатшысы Кондолиза Райсқа журналистер Американ-Ресей байланыстарына орай жеке сауал қойды.
"Менің айтайын дегенім біз Ресей Федерациясымен арада игі байланыстарымызды одан әрмен жалғастырудамыз. Бірқатар ғаламдық мәселелер бойынша қоянқолтық жұмыс істеп жатырмыз", - деп жауап берген Кондолиза Райс Американ-Ресей байланыстарына орай қойылған сауалға.
Райс Ресейдің ішкі саясатында Вашингтонның алаңдаушылығын тудырып отырған жағдайларды Лавровпен болған кездесулерде талқылағанын мойындады. Алайда ол, бұл алаңдаушылық Ресейді Әлемдік Сауда Ұйымынан шеттететіндей дәрежеде емес екенін атап өтті.