Израиль әскері Жерихо қаласында орналасқан палестиндік түрмеге шабуыл жасап, алты тұтқынды күшпен алып кеткен соң Израиль мне Палестина арасында дау өсе түсті. Палестиндік топтар тойтарыс пен ереуілдерге шақырып жатыр. Наразылық толқыны өсе түскенде палестиндік топтар бірнеше шетелдік азаматты аманатқа алды. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі және АҚШ үкіметі сабырлық танытуға шақырды.
Жерихо қаласындағы түрмеге сейсенбі күні жасалған шабуылдың салдарынан екі адам қаза тапты. Палестина жерінде наразылық шаралары қақтығысқа ұласты. Газа қаласында орналасқан Британ Кеңесінің кеңсесіне өрт қойылды. Палестиндіктер түрмеде бақылау жасап жатқан АҚШ және Британия мамандары жөнсіз кетіп қалды, бұдан соң бірнеше сағаттан кейін Израиль әскері шабуыл жасады деп Батыс тарапына лағнет айтып жатыр. Палестинаның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы бақылаушысы Рияд Мансұр да осындай пікірде:
- Жериходағы "Әл-Мұқата" түрмесінен британиялық және америкалық бақылаушылар аяқ астынан кетіп қалмағанда Жерихо қаласында агрессия орын алмас еді, түрме шабуылы мүмкін болмас еді. Бұл шаруа аяқ астынан істелді, Палестина билігімен тиісті координация жасалмады.
АҚШ пен Британия мұндай айыптарды жоққа шығарады, түрмедегі бақылау топтарына керісінше қауіп төнді, олар кетуге мәжбүр болған дейді. Израиль әскері түрме шабуылын он сағаттан артық жүргізді. Ауыр техника қолданылған шабуылдың арқасында Израиль әскері қалаған алты азаматты қолына түсірді. Олардың арасында Ахмед Саадат деген қарулы топтың бұрынғы басшысы бар, ол осыдан бес жыл бұрын Израиль туризм министрі Рехавам Зеевиды өлтірген шабуылды ұйымдастырды деп табылған. Израиль үкіметінің өкілі Раанан Гиссин бұлар түрмеден босатылмақ болды, сондықтан тез арада қимылдауға мәжбүр болдық дейді:
- Осыдан шамамен бір апта бұрын Британия мен АҚШ үкіметтері түрмеде отырған бұл азаматтардың қауіпсіздігін палестиндіктер тарапынан қамту мүмкін емес, сондықтан бақылаушыларымызды әкетіп жатырмыз деген. Олар Палестинаның жаңа үкіметі Ахмед Саадатпен оның серіктестірін шығарып жіберуге ынталы деп айтты. Әрине бұдан соң бізде амал қалмады. Олардың босатылмағанына, әділет бұзылмағанына көз жеткізуіміз керек болды. Біз оларды Израиль заңына тарта алатын боламыз.
Израиль үкіметі осылайша Палестина парламентінде билікке келіп, үкімет құрып жатқан "Хамас" тобына қатаң ескерту жасап отырмыз дейді. Бірақ Израильдың қимылы Палестина президенті Махмұд Аббастың да шамына қатты тиді. Сейсенбі күні ол Еуропадағы жоғары дәрежелі сапарын үзіп тастады. Газа секторы мен Батыс Жағалауда түрме шабуылына наразылық танытқан шаралар көп болды кеше. Ал кепілдікке алынған шетелдік азаматтардың барлығы тез арада аман-есен босатылды деген жаңалықтар да түсіп жатты.