Наурыздың 24-і күні Астанада өткен Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысына оппозцияның бірде-бір өкілі қатыспайды деп мәлімдеді «Азаттық» радиосына оппозиция лидерлерінің бірі Ғалымжан Жақиянов жұма күні. Оның сөзіне қарағанда, ең алдымен саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасына кінәлі азаматтар анықталып, тергеу дұрыс жүруі тиіс. Алайда, әлі тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Асылбек Қожахметов «егер шақырса, комиссия жұмысына қатысамыз» десе, «Нағыз Ақ жол» партиясының басшылығы өздерінің ол жиынға шақырту алмағандарын айта отырып, оған қатысу-қатыспау туралы әлі бір шешімге келмегендерін жеткізді.
Сарапшылардың бір бөлігі, елде жаңадан жұмысын бастаған демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның ісі тиімді әрі нәтижелі жүруі үшін ең басты шарт орындалуы керек - оған оппозция өкілдері қатысу тиіс деген пікір айтады.
«Сол кезде ғана Қазақстан Республикасын саяси реформалау бойынша президенттік партиялар мен олардың Парламенттегі өкілдері айтып жүрген ұсыныстардан өзге де варианттар қарастырылатын болады. Екіншіден, комиссия президент әкімшілігіне бағынышты болмауы тиіс. Себебі, бұған дейін жұмыс істеген Ұлттық комиссияда талқыланған ұсыныстардың көбі жоғарыдағы шенеуніктермен келісіліп отырылғаны белгілі», - дейді, Тәуекелді бағлау тобының директоры, саясттанушы Досым СӘТПАЕВ.
Әйтсе де, саясаттанушы айтқан екі шарт та әзірге орындалмай отыр: біріншіден, президенттің ұсынысымен мемлекеттік комиссияның жұмысшы органы ретінде президент әкімшілігі белгіленсе, екіншіден, бұл комиссияның жұмысына оппозиция өкілдерінің қатыспайтындығын оппозиция лидерлерінің бірі Ғалымжан ЖАҚИЯНОВ жеткізді.
«Мына бүгінгі жағдайда, мен Алтынбек Сәрсебайұлының қайтыс болуына байланысты жағдайды айтып тұрмын, тергеу ісі аяқталмай, нақты өлтірген адам, тапсырма берген адам табылмай жатқан жағдайда біз билікпен бір үстелдің басында қарама-қарсы отырып, бас қоса алмаймыз деп есептеймін. Осы себептерден оппозиция бүгінгі күні мынандай комиссияға қатысудан бас тартуы керек. Менің білуімше, бұл комиссияға оппозицияның бірде-бір өкілі қатыспайды», - деді жұма күні «Азаттық» радиосына Ғ.Жақиянов.
Десек те, мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысына конструктивті оппозциялық партия болып есептелетін «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменов қатысса, әлі тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ те «комиссия жұмысына қатысып көрген дұрыс» деп отыр.
«Мемлекеттік комиссия мына Парламенттің орнына құрылып жатыр. Себебі, егер дұрыс мемлекет болғанда, толық жауапкершілігі бар Парламент болғанда ешқандай дөңгелек үстел де, ешқандай комиссия да керек болмас еді. Біздің ойымызша, мемлекеттік комиссияға қатысу керек. Бірақ бірінші, екінші отырысына қатысып, сөйлесуге тырысқанмен, ол жақта еркіндік берілмей жатса, онда одан шығып кету қажет. Сенім болмаса да, оған бару керек! Себебі, келіссөздер бастау үшін біздің парызымыз бар ғой? Сондықтан, бізді шақырғанда біз баратын едік», - деді А.Қожахметов мырза.
Ал Астанадағы жиынға шақырту алған Қазақстан Коммунистік партиясы мемлекеттік комисссия жұмысына қатысуды жөн көрмесе, жақында ғана тіркелген оппозициялық «Нағыз Ақ жол» партиясы басшыларының бірі Ораз ЖАНДОСОВ өздерінің әлі бір шешімге келе қоймай, дүдәмал күйде отырғандарын жеткізді.
«Бұл комиссия туралы ештеңе білмейміз! Не шақырту алған жоқпыз, не оның ережелерімен танысқан жоқпыз. Әдетте жиналып алып, сонан кейін не үшін жиналғандарын талқыламайды ғой?! Сондықтан, бірінші Нұрсұлтан Әбішұлы шешсін: бұл жиында талқыға түсетін мынадай мәселелер деп, сонан кейін біз оны оқып, өз ойымызды білдіреміз», - деді «Нағыз Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Ораз Жандосов.
Ал, оның партияласы Айдос САРЫМ болса, алдымен мемлекеттік комиссияның тиімді екендігіне, оның елде шынайы өзгерістер жасай алатындығына көз жеткізу керек дейді.
«Егер бұрынғы форматтағыдай комиссия құрылып, біз оған барып, ақылдасып, бір құжат қабылдасақ, бірақ ол аяқсыз қалып жатса, одан қандай пайда бар? Егер билік онда қабылданған қандай да бір құжатты толық орындаймыз, оған ерік-жігеріміз жетеді деп кепілдік беріп жатса, онда оған баруға болады», - дейді А.Сарым мырза.
Ал экс-сенатор Зәуреш БАТТАЛОВА бұған дейін қоғамды демократияландыру бойынша құрылған Тұрақты Кеңестің, Ұлттық комиссияның жұмыстарының ешқандай нәтиже бермегенін тілге тиек ете отырып, осы жолғы Мемлекеттік комиссияның жұмысына да күмәнмен қарайтынын айтып отыр.
«Бұл комиссияның жұмысы дұрыс болады деп айта алмаймын. Халық алдында көзбояушылық жасау үшін ана мәселені көтереді, мына мәселені айтады, бірақ іс жүзінде ол мәселелерді жүзеге асыруға олар ешқашан да бармайды. Бұл халықты да, халықаралық ұйымдарды да, ОБСЕ-ні де алдап отырған бутафорлық комиссия деп айтуға тура келеді», - дейді З.Батталова ханым.
Сонымен, әзірге қазақстандық оппозиция өкілдері Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысына қатысу-қатыспауға байланысты өзара ортақ келісілген бір тоқтамға келе алмай отыр. Ал жұма күні Астанада осы комиссияның алғашқы отырсын өзі басқарып өткізген президент Н.Назарбаев оның жұмыс жоспарын әзірлеуге президент әкімшілігіне 1 ай уақыт берді.