Өзбек президенті Ислам Каримов мамырдың 13-індегі бірнеше мыңдаған адамның өліміне әкелген, Әндіжан көтерілісшілеріне қарсы күш қолданғаннан бері соңғы бір жылдай уақыт Өзбекстан елі халықаралық алаңдаушылық ортасында болды. Орта Азиялықтардың көбі - Өзбекстанда қалыптасқан бұл жағдай бүкіл аймаққа тұрақсыздық әкеледі деп ойлады.
Өзбекстан Орта Азиядағы төрт мемлекетпен және Ауғаныстанмен шекаралас болғандықтан бұл тұрақсыз аймақтың басқа елдерге де ықпалы болады.
Аймақтың сарапшылардың айтуынша, оның әсері бар. Бірақ, халықаралық істер жөніндегі институттың маманы Аннетта Бор бұл мәселеге байланысты даурығуға қарсы, дегенмен ол былай дейді:
“Ол жерде Өзбекстандағы жағдайдың көршілеріне әсер еткен саяси, әлеуметтік және экономикалық салдары болды”.
Мәселен, Қырғызстан Ислам Каримовтың режиміне қарсы шыққаны үшін қуғын-сүргін көріп қашқан босқындарды қабылдауға мәжбүр болды. Өзбекстанның талабы бойынша ол босқындарды қайтару немесе оларды басқа елдерге жіберу сияқты қайшылықты шешімдерді қабылдау, елдің бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың биліктен құлатылған кезінен кейінгі саяси қарбаласпен тұспа-тұс келіп, Қырғызстанды тығырыққа тіреді.
Сарапшы Бор ханымның айтуынша, өз кезегінде Қазақстан арзан қол жұмыс іздеп ағылған заңсыз иммигранттарды тоқтатуға тырысып жатыр. Қаңтар және ақпан айларында Қазақстан өз аймағына жұмыс іздеп келген 50 шақты өзбек иммигранттарын елінен шығарып жіберді. Және оның пікірінше, өзбек тарапының контрабандалық әрекетінен Қазақ-Өзбек шекарасында бірнеше қақтығыстар болып, кісі өлімдері де орын алды. Ал, азаматтық соғыстан кейін әлі де өзінің қалпына келуге тырысып жатқан Тәжікстан, барлық қысым түрлеріне қарсы тұра алмай келеді.
Халықаралық істер жөніндегі институттың келесі бір сарапшысы Юрий Федеровтың пікірінше, Өзбекстан барлық аймақтағы оқиғалар үшін негізгі мәселе болып отыр.
“Өзбекстанның ішкі оқиғалары шындығында алаңдатарлық, жетекші режим репрессиялар арқылы билікті ұстап отыр. және Өзбекстандағы көптеген адам репрессиялардың ақыры өз кезегінде елдегі және көрші аймақтағы жалпы тұрақсыздыққа соқтыратын күйреуден қазіргі режимді сақтап қала алмайды деп біледі”- дейді сарапшы Федеров.
Оның айтуынша, халық тығыз орналасқан Ферғана даласындағы қандайда бір толқулы оқиғаның Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанға әсері болып, ол тұрақсыздықтың орталығы болуы мүмкін. Халықаралық істер жөніндегі институттың тағы бір маманы Джеймс Никсей бұл алқапта халық толқулары тезарада кең тарап кеткуі мүмкін дегенмен келіседі.
“Ферғана жазығының алаңдаушылық тудыратын жері, шекаралары борпылдақ, жақсы қорғалмаған, оларды жақсы күзетпейді, сондықтан мұнда ресми шекара арналарына қарағанда, экстремистер қозғалысы көбірек оңай болып отыр”, - дейді Д.Никсей.
Бұл тұрғыда сарапшының сөзіне қарағанда, Түркіменстан мен Қазақстанның үкіметтері өте мықты болып отырғандықтан, ол аймаққа Өзбекстандағы оқиғалар онша әсер етпейді.
Әндіжан оқиғасына байланысты Өзбек билігіне Құрама Штаттар мен Еуропа Одағының сынынан кейін екі жақты қарым-қатынастарға салқындық түсіп, Өзбекстанға Батыс елдерінің ықпалы азая бастады.
Десе де сарапшы Никсей Өзбекстанға Батыстың ықпалы азайғанымен, оның бұрынғы советтік одақтасы Ресейдің ықпалы күшейіп барады. Сондықтан, Уашингтон мен Еуро Одақ елдері өнеркәсібі жақсы дамыған елдердің “Үлкен Сегіздік” тобын пайдаланып, ол топқа жетекші елдердің Мәскеуді Өзбек билігінің ұстамды болуы үшін қысым жасауға шақырып келеді.
Бұл арада Қазақстан аймақтық жетекшілікті алып отырғаны да белгілі. Ол дегеніміз Өзбекстанмен көбірек байланысты болу дегенді білдіреді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бірінші ресми сапарын 19-шы наурызда Тәшкентке жасады. Онда екі ел басшылары бірігіп, аймақтағы қауіпсіздік, саяси және экономикалық тұрақтылық шараларын қабылдауға келісті. Сарапшы Никсейдің айтуынша,
“Назарбаев әлбетте өзін аймақтағы билік иесі ретінде көрсеткісі келеді. Бұл оның ең үлкен жоспарының негізі. Оны жақында ғана қайта сайлады, ол мықты позицияда тұр. Орта Азияның тұрақсыз аймағын иелену оның мүддесі емес. Бір жағынан астыртын сарында да болуы мүмкін, шын мәнінде онда Назарбаев аймақтық қауіпсіздікке өз басы үшін де мүдделі болып отырғандықтан, онда өте айқын әрі прагматикалық себептер де болуы ғажап емес”, - дейді сарапшы Никсей.