Сәуірдің 1-інен бастап «Қазақтелеком» ұлттық компаниясы интернет желісіне күндіз және түнде қосылу қызмет бағамын орта есеппен 25%-ға арзандатпақ. Ал одан кейін оны біртіндеп 50%-ға дейін арзандату көзделген. Мамандардың есебі бойынша осындай арзандату саясатын жүргізудің арқасында биылғы жылдың қазан айына дейін Қазақстандағы 100 адамға шаққанда әрбір алтыншы адам интернет пайдаланбақ. Әйтсе де, тәуелсіз сарапшылар Қазақстандағы телекоммуникация саласындағы монополия мен интернеттік қызмет көрсету жұмыс сапасының әлі жетілмегендігін тілге тиек етеді.
Қазақстан президенті әкімшілігінің ресми деректеріне сүйенсек, былтырғы жылы Қазақстанда интернет пайдаланушылар саны миллионнан асып, 1999-шы жылмен салыстырғанда 70 есеге артқан. Мұндай қарқын олардың пікірінше, телекоммуникация базарындағы демонополизация мен интернет қызметі үшін бағаны арзандату саясатының жүргізілуімен байланысты. Әйтсе де, телекоммуникация маманы Қайрат ОЛЖАС керісінше Қазақстандағы интернет желісі бойынша қызмет көрсету аясы монополия дертіне шалдыққан әрі интернеттегі қызмет көрсету бағамы да салыстырмалы түрде қымбат деп есептейді:
- Қазіргі таңда Қазақстандағы интернет саласында, мысалы, «Қазақтелекомды» алатын болсақ, оны монополист деуге болады. Әрине, біздегі интернет тарифтері Батыс, Еуропа елдерімен салыстырсақ қымбат. Өте қымбат десе де болады.
Десек те, бұл кезде «Қазақтелеком» сәуірдің бірінен бастап, интернет желісіне кіру қызмет бағамын 25 пайызға арзандатпақшы. Ал қазан айында дейін 50 пайызға дейін жеңілдіктер жасау көзделген. Сонымен бірге, телекоммуникация саласындағы қызмет сапасын жақсарту да алға қойылған мақсаттардың бірі деген болатын «Қазақтелеком» президенті Хайрат КӘРІБЖАНОВ:
«Бүгін телефон абоненттің дауысын жеткізуші ғана емес, біз оны түрлі ақпараттық өнімдермен толтырамыз. Қазіргі рыноктағы бәсекелестіктің күшейе түсуіне байланысты сапа мәселесі одан сайын өзекті бола түсті».
Бірақ, телекоммуникация маманы Қайрат Олжас Қазақстандағы интернеттік қызмет көрсету аясы әлі жетіле қоймаған деп есептейді:
- Сапа жақсы болса, орысша айтқанда, «выделенная линия» дейді ғой, ADSL жүйелері үшін ғана жақсы. Ал Dial-Up немесе телефон арқылы шығу жағынан сапасы нашар. Бұл АТС-терге байланысты. Қазақстандағы барлық стансалар сандық жүйеге көшпеген, әлі аналогтық жүйені қолданады.
Қытайдан Қазақстанға келген Жамали ДИХАНҰЛЫ болса, «Азаттық» радиосына Қазақстандағы интернет саласындағы бір кемшілік – Қазақстанның интернет тілінің тек орыс тілінде дамуында дейді:
- Жастарымыз болсын, шетелдегі қазақтарымыз болсын, ата-мекен туралы осы интернет арқылы хабар алып тұрады. Сондықтан, осы интернетті қазақиландырса деп ойлаймын. Қазір интернетті ашсақ, көретініміз тек орыс немесе басқа тіл жазулары. Сондықтан, қазақша интернет керек. Әсіресе шетелдегі қазақтар үшін осы өте қажет, ауадай қажет!
Егер де Қазақстандағы интернет сайттары латын әрпіне көшіріле бастаса, оны шетелде де тұтынушылар саны артар еді дейді ақын Ермұрат ЗЕЙІПХАН:
- Қытайдағы, Түркиядағы, Еуропадағы қазақтар мүлде орысша білмейді. Тек өз ана тілдерін ғана біледі. Сондықтан, интернетті кириллицамен емес, латын әрпімен жіберу керек. Ал қазіргі Қазақстандағы интернеттегі кириллица олар үшін жат.
ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылдың қазан айына дейін Қазақстандағы 100 адамға шаққанда әрбір алтыншы тұрғын интернет пайдаланбақ. Бұл олардың пікірінше, арзандату саясатының арқасында жүзеге аспақ. Бірақ, сарапшы Қайрат Олжас бұл тым артық айтылған жорамал дейді:
- Интернеттің республика бойынша ең дамыған жерлері – Алматы, Астана және Батыс Қазақстан. Ал басқа аймақтарда интернет жақсы дамыды деп айтуға әлі ерте. Мысалы, ауылды жерлерді айтпаса да болады. Егер оларға интернет жетіп жатса да, олар ең ескі технологиялар түрінде жетуі мүмкін. Сондықтан, әрбір алтыншы азамат биыл интернет қолданады дегенге сенбеймін. Мүмкін, алда әрбір оныншы қолданатын шығар, бірақ алтыншы емес.
Дегенмен, Қазақстан интернет пайдаланушылар саны мен олардың өсуі жағынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында алдыңғы қатарда болып есептеледі. Сондай-ақ былтырғы жылы KZ домен ауқымында 9 мың сайт тіркеліп, қазақстандық провайдер - фирмалар саны 30 пайызға артқан. Ал биылғы жылдың наурыз айының 23-інде Қазақстан премьер-министрінің қаулысымен интернеттегі қазақстандық сегментті реттеу бойынша құқықтық нормативті актілерді әзірлеу бойынша арнайы жұмысшы тобы құру бойынша қаулы қабылдады.