АҚШ сотының мәжбүрлеуімен, Пентагон Кубадағы террорист деп күдіктелгендер қамалған Гуантанамо түрмесіндегілердің аты-жөні мен қай жерден екендіктері туралы ақпаратты бірінші рет жариялады. Ол тізімде 558 адамның аты аталған. Гуантанамо түрмесінде отырғандардың ең көбі Сауд Арабиясы, Ауғаныстан және Иеменнен екені мәлім болып отыр. Құрама Штаттар бірінші рет бұл жерде АҚШ-дағы 11-ші қыркүйектегі шабуылдарды ұйымдастыруға қатысты деп күдіктелген Мухаммад әл Қахтани деген Саудиялық азамат бар екені туралы хабарлап отыр. Сонымен қатар бұл тізімде бірнеше орта азиялықтың да бар екені белгілі болды. Оның ішінде қазақстандық үш азаматтың аты аталды. «Азаттық» радиосының Вашингтондағы тілшісі Гуантанамо қамау мекемесіндегі жағдайды зерттеп жүрген АҚШ-тағы айына бір рет шығатын "Vanity Fair" журналының терроризм атты айдарының редакторы Джон Дэлимен сұхбаттасқан еді.
Гуантанамо абақтысында қамауда отырған қазақстандықтардың да аты жарияланды. Олар - Керімбакиев Абдулрахим, Абаханов Якуб, Магрупов Абдуллах Тоқтасынұлы деген Қазақстан азаматтары екен. Бұл тұрғыда терроризм тақырыбын зерттеп жүрген американдық журналист Джон Дэли былай дейді:
«Мен ол жердегі қазақтар туралы білгенмін және Қазақстан елшілігі де бұл адамдар негізінен қайырымдылық жұмыстарына тартылғандар, бірақ олар жаппай қамау акциясына ілініп кетіп, осы жерге түскен деп отыр».
Бұл журналист өзінің Гуантанамо қамау мекемесіндегі жағдайлармен жақынырақ таныс болғанын айтып отыр. Сол сияқты ол бұл абақтыда Орта Азиялықтардың көп болғандығын білген.
«Бұрынғы совет маманы ретінде мен үшін, бұл аса қызықты болды. Менің бір-екі жыл бұрынғы білгенімдей, онда 11 тәжік болған, қазір олардың саны 6 адам, 5 өзбек, 3 қазақ және 1 әзірбайжан бар», - дейді ол.
Джон Дэлидің сөзіне қарағанда, Өзбекстан билігі өз азаматтарының аты жарияланбай, өздеріне қайтаруын сұраған.
«Сол кезде менің білгенімдей, әрине, Өзбекстан сияқты ел ашық жарияламай, ақырын ғана өз азаматтарын елдеріне қайтарын сұраған, ол жерде өзбекстандықтар бар екені туралы жарияланғанын қаламаған», - дей отырып, бұл журналист өзінің Ташкенттік ресмилермен әңгімесінен байқағандай, ол кезде Өзбек үкіметі Гуантанамодағы өзбектердің аты-жөндерінен хабардар болғанын айтты.
Терроризм тақырыбын зерттеп жүрген Джон Дэли Гуантанамода отырғандардың біразының қай жерден екенін шамамен білген екен, бірақ бәрібір бұл жаңа тізім өзін таңқалдырғанын айтып отыр.
«Тізімдегілердің көбі менің олар сол жерде болуы мүмкін деген өз зерттеуімдегідей. Бірақ, мен онда 9 либиялықты, 1 әзірбайжандық, ирандық пен эфиопиялықтың аттарын көргенде таң қалдым. Дегенмен, бұл тізім менің еңбегімдегі сандарды толықтырған”, - дейді журналист.
Негізі наурыз айында Пентагон Гуантанамо абақтысында террорист деп күдіктелгендердің 517-сінің аты-жөнін жариялаған еді. Енді бейсенбі күні ол тізімді 558 деп толықтырып, жарыққа шығарды.
Джон Дэлидің пікірінше, Гуантанамодағы тұтқындар террорист деп күдіктеліп ұсталғанымен, бәрі бірдей террорист емес екені мәлім.
«Бір жағынан, Рамсфельдтің сөзімен айтқанда, олар - жаманның жаманы. Ал екіншіден, қамаудағыларды қорғаушылар әр жерден ұсталған олардың екеудің үшіншісі, төртеудің бесіншісі әншейін сәтсіздікпен шырмауға түскен дейді. Әлбетте, жақында ғана британдықтар сияқты бостандыққа шыққандар өздерінің Құрама Штаттарға барғанда, Вашингтонның ақша төлеп, террористер деп күдіктелгендерді ұстауға тапсырма берген адамдары оларды ұстағаны белгілі болды. Ол адамдар ақша табуды мақсат еткендердің ақпаратымен ұсталып, олар террорист пе, емес пе - бәрібір айыпталған. Соңында олар Кубадан бірақ шыққан», – дейді Дэли өз зерттеулеріне сүйеніп.