Ислам мен Батыстың қазіргі кездегі ең үлкен мәселесі бірін-бірі қалай қабылдау керектігін түсіну болып отыр. Сейсенбі күні Прагадағы “Азаттық” радиосында өткен талқылауда осындай қорытынды-пікір айтылды. Бұл жиналысты АҚШ-тан келген имам және тағы басқа сарапшылар өткізген болатын. Талқылау барысында екі қоғам арасындағы түсінбеушілік және бір-бірі жөнінде алдын-ала кері пікір қалыптастыру сияқты мәселелер қарастырылды.
Мэрилендтегі Ислам мәселелері бойынша кеңес директоры әрі АҚШ Мемлекеттік Департаментінің дінаралық диалог бойынша кеңесшісі Имам Мохамад Башар Арафат Құранның бір сүресін оқып, оны “21-ші ғасырға сәйкес келетін шумақ” деп атады. Имам Арафаттың айтуынша, ол сүре түрлі мәдениеттер ортасында диалог жүргізуге шақырады.
“Құдай бізге былай дейді: Мен сендерді әртүрлі қылып жараттым бірақ сендерді - осы ерекшеліктерің арқылы бір-біріңді жақсы білулерің үшін жараттым. Мен сендерді не үшін ақ, қара, қызыл, сары, қытайлық етіп жараттым? Бір-біріңді білу үшін жараттым. Бірі-біріңді және мәдениеттеріңді білу - маңызды”, - деді имам Арафат Құранның бір сүресін келтіре отырып.
Соңғы жылдары батыс елдерінде Ислам жөнінде кері пікірлер қалыптасып жатыр. Әлемнің әр түкпірінде болып жатқан лаңкесттік шабуылдарға байланысты адамдардың көбі мұсылмандарды терроршыларға теңейді.
Ислам және Батыс тақырыбына арналған талқылауға қатысқандар екі жақ арасында қарым-қатынас байланыстың тапшылығына байланысты кейбір адамдар Ислам және мұсылмандар туралы қате пікір қалыптастыруда дейді.
Олардың айтуынша, қазіргі кезде Ислам және Батыс мәдениетінің дамуына төніп тұрған кауіп-қатерлердің бірі әсіресе экстремизм мен фанатизм мәселелері. Экстремисттер Исламды өз мақсаттарында пайдалануда, дейді сарапшылар.
Бұл жерде сұрақ туындайды: Алланың айтқандарын кім дұрыс түсіндіріп жатыр? Діни басшылар ма, саясаткерлер ма немесе Исламды өздерінің саяси мақсаттарында пайдаланып жатқан соғысушылар ма?
Осыған байланысты Таяу Шығыс мәселелері бойынша сарапшы әрі “Азаттық” радиосының хабар тарату бойынша басшысының орынбасары Джойс Дэвис мұсылман әлемі расында да Батысқа нағыз Ислам жөнінде түсіндіру мақсатында әрекет жасауда дейді.
Арафат 1981-ші жылдан 1989-шы жылға дейін Дамаскіде имам болған. Кейінірек ол Америка Құрама Штаттарына көшіп кеткен. АҚШ-та “ойлары таза емес адамдар да бар”, бірақ бұған қарамастан ол жердегі демократия мұсылмандарға өз дінімен шұғылдануға еркіндік береді, дейді Арафат.
Талқылау барысында, сондай-ақ, мұсылман иммигранттарының американдық және еуропалық қоғамдармен бірігу мәселелері де қаралды.
Имам Арафаттың пікірінше, жаңа мемлекеттерге көшіп барған мұсылмандар сол елдердің мәдениетіне бейімделуге тиіс:
“Ислам адамдарды Исламның уағыздарына қайшы келмейтін барлық жақсы нәрсені қабылдауға шақырады”.
Сонымен қатар, талқылауға қатысқандар Исламда әйел адамдардың хұқықтары жөнінде де сөз қозғады.
Прагада орналасқан Халықаралық қарым-қатынастар институтында жұмыс істейтін Павел Барса батыс елдері мен Исламның гендерлік тепе-теңдік мәселесіне байланысты көзқарасы әртүрлі дейді. Бірақ имам Арафат Барсаның пікірімен келіспейді.
“Құран да, Мұхаммед Пайғамбардың хадистері де әйел адамдарды дамуға бағыттайды”, - дейді имам.
Оның айтуынша, мұсылман елдері қоғамда әйелдердің белсенділік танытуларына жағдай жасап беруі керек. “Басына орамал таққан мұсылман әйелдің Исламшыл ұйым атынан сөйлеп тұрғанын көріп, қуанар едім”, дейді Арафат.