Сәрсенбі күні Беларус оппозициясының жетекшісі Александр Милинкевич президент Александр Лукшенконы екі жылдың ішінде ел билігінен кетіремін деп уәде еткен болатын. Ол мұндай мәлімдеуді Минскідегі мыңдаған адам қатысқан Чернобыль апатының 20 жылдығына арналған жиында сөйлеген сөзінде айтқан еді. Ал бейсенбіде Беларус билігі Милинкевичті, одан басқа да оппозицияның тағы бірнеше жетекшісін тұтқынға алды.
Жергілікті хабарларға қарағанда, Александр Милинкевич Минскідегі полиция бекетіне бейсенбі күні апарылған. Бірақ оған қандай айып тағылып, не үшін кінәланып отырғаны жөнінде бірден ешқандай ақпараттар бола қоймады. Беларус халық майданы оппозициялық партиясы басшысының орынбасары және сәрсенбі күнгі Чернобыль жолы митингісін басты ұйымдастырушылардың бірі Виктор Ивашкевич, тағы да екі оппозиция жетекшісі тұтындалды деп хабарлады, сол күні «Азаттық» радиосына берген сұхбатында:
- Сәуірдің 27-і күні таңертеңгісін олар Коммунистер партиясының жетекшісі Сергей Калякин мен Еңбек партиясының жетекшісі Александр Бухвостовты тұтқындап алып кетті. Олар қазір қамауда отыр және полицияға түсінік беруде, бірақ олардың қандай түсініктемелер беріп жатқанын мен білмеймін.
Бір күн бұрын, сәрсенбіде, Беларус халық майданы партиясының жетекшісі Винсук Вячорка қамауға алынған болатын. Ал одан да ертерек Біріккен азаматтық партиясының басшысы Анатолий Лебедко тұтқындалған еді. Чернобыль апатының 20 жылдығына арналып, онда құрбан болғандарды еске түсіруге арналған шеруге қатысушыларды Беларус астанасы - Минскінің Октябрь алаңына кіргізбеудің шаралары алдын-ала жасалған болатын.
Шерушілер алаңға дейін жеткісі келіп әрекеттенген кезде, полиция олардың жолдарын бөгеп, 2 шақырымдай жердегі Ғылымдар академиясы алдында тоқтатып, митингіні осында өткізіңдер деген талап қойған. Октябрь алаңы Беларуста 19-наурызда өткен президенттік сайлаудан кейін орын алған наразылық шерулерінің орталығына айналып, полиция мен демонстранттардың қақтығысы да орын алған болатын.
Ивашкевич шеурге қатысушылардың көпшілігі жас ұрпақтың өкілдері болғанын айтады.
- Наразылық танытқандардың басым бөлігі жастар болды және бұл шындық. Біз олардың көбі студенттік жастағы жастар болғанын айта аламыз және шерулер кезінде айтылған басты сөз, ол - Бостандық деген сөз болды, - дейді Ивашкевич.
Ивашкевич оппозиция аймақты артқа тартып отырған экономикалық проблемаларға қатты назар аударып отыр дейді. Ол егер Ресей Беларусқа берілетін газдың бағасын қымбаттатып жіберетін болса, экономика бұдан әрі құлдырап, жастар мен зейнет жасындағы кәрі-құртаңдардың бәрі көшеге шығады деп атап көрсетеді. Осы сәрсенбі күнгі митингте сөйлеген сөзінде Александр Милинкевич оппозиция президент Александр Лукашенконы алдағы екі жылдың ішінде мемлекет басынан кетіреді деп айтқан болатын.
- Біз мұны қалай жасауды білеміз. Мұнда біз үшін бес жыл күтудің қажеті жоқ, біз бұл жүйені құлатып, оның басшысы Лукашенконы биліктен кетіреміз. Бұл біздің мақсатымыз және оны орындаймыз, - деген еді Милинкевич.
Сәрсенбі күнгі шеру Беларуста президенттік сайлау өткен соң бір айдан кейін орын алды. Ресми жарияланған қорытындыға сәйкес, сайлауда Лукашенко 83 процент дауыс жинаса, Милинкевичті жақтап дауыс бергендер саны 6 процент болған. Бірақ Беларус еліндегі сайлаудың мұндай нәтижесін тәуелсіз бақылаушылар, Батыс үкіметтері мен оппозиция жаппай сынға алған болатын. Осы президенттік сайлаудан көп уақыт өтпей-ақ, Европа одағы Беларус президенті мен тағы 30-ға жуық лауазымды шенеунікке виза бермеуге шешім шығарған болатын.
Александр Милинкевич президенттік сайлаудан кейін Беларус оппозициясының қимылдарына қолдау іздеп, Батыстың бірқатар елдеріне де барып қайтты. Сәрсенбі күнгі митингідегі сөзінде Милинкевич Беларустағы қазіргі жағдай ұзаққа бармауы тиіс, ол жуық арада өзгеруі керек деп атап көрсетті.
- Біз тобыр емеспіз, біз - адамбыз. Беларус халқы ұзақ өмір сүреді, беларустықтардың ғұмыры ұзақ болады, - деді ол.
Александр Милинкевич ендігі митингі 1 мамыр - Беларустың ұлттық мерекесі күні өткізіледі деп жариялады.