Сәуірдің 27-сі күні Алматы ауданаралық әкімшілік соты рұқсат етілмеген жиынға қатысты деген айып бойынша 10-нан астам адамға 10-15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салса, тағы үш адам ескерту алған. Сәрсенбі күні Алтынбек Сәрсенбайұлының туған-туыстары мен бірқатар оппозициялық ұйым мүшелері Алматыдағы Республика алаңында саясаткер А.Сәрсенбайұлының қастандықпен өлтірілуіне байланысты тергеу жұмысы дұрыс жүргізілмей отыр деп, үнсіз наразылық акциясын өткізетіндерін жариялаған болатын. Бірақ, акция басталмай жатып-ақ, полиция қызметкерлері орталық алаңнан 23 адамды, Фурманов көшесі бойынан 7 адамды ұстап, ішкі істер басқармасына алып кеткен еді.
Сәуірдің 26-сы күні Алматы қаласында орталық алаңға шығып, үнсіз наразылық акциясын ұйымдастырған Алтынбек Сәрсенбайұлының туыстары мен оппозиция мүшелеріне қатысты әкімшілік сот ісі келгендердің бәрін залдан шығарып, оларды жеке дара есіктен құжаттарын тексеріп қайта кіргізумен басталды.
Осыдан кейін судьядан төлқұжатын қайтарып беруді сұраған журналист Бақытгүл Мәкімбайды, «сот процесінің ашық болуын», яғни, фототілшілер мен телеоператорлардың да сот залында қалуын сұраған тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Асылбек Қожахметовті судья шығарып жіберуді бұйырды. Осыдан кейін залға жиналғандар наразылық танытып, «судьядан бас тартамыз» деп залдан шығып кетті.
Ал залдан шыға алмай қалған үш адамға – Краснов, Енекеев және Мұқашеваға қатысты сот ісі тез, бір-біріне ұқсас жағдайда өтті. Үш адамға прокуратура қызметкері Тосаева Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекстің 373-ші бабы бойынша рұқсат етілмеген жиынға қатысты деп, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды сұрады, ал судья бірден шешім шығарды.
Прокурор: - Құрметті судья, 15 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салсаңыз екен!
Судья: - Жақсы. Сот Данияр Енекеевті айыпты деп тапты...
Алайда, «Эпоха» газетінің штаттан тыс тілшісі Данияр ЕНЕКЕЕВ өзіне тағылған айыпты мойындамайды, сондықтан, әрі қарай аппеляциялық шағым беруге мүдделі екенін білдірді:
- Біріншіден, мен қорғаушыны талап еттім. Бірақ, менің өтінішімді судья қанағаттандырмай тастады. Екіншіден, менің құжатымды алып, қайтармады.
Бұл үш адамнан өзге басқа бөлмелерде тағы 2 адамға 10-15 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Ал жауапқа тартылғандардың бірі, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы, журналист Рысбек Сәрсенбайұлы болса судьяның сот кезіндегі іс-әрекетіне өздерінің көңілі толмайтынын, сондықтан, прокуратураның атына хат әзірлегендерін айтты.
- «Сендер кетіңдер, шығыңдар!» деп, судьяның зекіруі заңға да сай келмейді, сот этикасына да жат. Осындай ашулы, қаһар төгіп келген судья процесті дұрыс жүргізе алмайды. Сондықтан, осы «спектакльдерін» дұрыс жүргізсін, бізді азамат, адам ретінде дұрыс сыйласын деген талаппен, біз бұл судьядан бас тарттық. Бірақ, ауданаралық әкімшілік сот төрағасы бұл өтінішімізді, түрлі сылтауды желеу етіп, қабылдамай тастады.
Адвокат Өтеген ИХСАНОВТЫҢ айтуынша, жиынға қатысқан бұл адамдар ешқандай заң бұзушылық жасаған жоқ, керісінше, заң орындары адам құқығын аяқ асты қылып отыр дейді:
- Ең үлкен дәрежедегі заңдарымызды, оның ішінде біздің туған Конституциямызды бұзып тұр. Себебі, оның 32-ші бабы бойынша Қазақстан азаматтары еркін, қарусыз, бейбіт жиын өткізуге құқылы.
Ал сотқа қатысқан саясаткер Ғалымжан Жақиянов егер мұндай шешімдер қабылдана берсе, ертең Қазақстанда адамдар еркін көшеде жүре алмайтын болады деген пікірін білдірді.
- Бұл бәрімізге, бүкіл қоғамымызға ұят әкелетін жағдай! Себебі, бүгін былай басталса, ертең көшеде жәй тұрған азаматтарды да алып кетуі әбден мүмкін ғой. Сондықтан, біз бір адамдай өз адамдарымызды қорғап, ұстап қалуымыз керек, - деді Ғ.Жақиянов.
Сонымен, бейсенбі күні Алматы әкімшілік соты содан бір күн бұрын, Алматыдағы орталық алаңдағы үнсіз жиынға қатысқан 3 адамға ескерту жасаған. Оның ішінде Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы Рысбек Сәрсенбайұлына қатысты әкімшілік сот ісі сырттай жүргізілген. «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының мүшесі Маржан Аспандиярованың сөзіне қарағанда, шамамен 10-нан астам адамға әртүрлі көлемде айыппұлдар салынған. Ал Аспандиярованың өзіне қатысты іс қалалық прокуратураға жіберілген.