Дүйсенбі күні Қарағанды облысындағы 159/7 колониясында 31 жастағы бір жазасын өтеуші өз-өзіне қол жұмсап, денесін шегемен тіліп, ауруханаға түскен. Бұл туралы "Азаттық" радиосына Қарағанды облыстық қылмыстық-атқару жүйесі басқармасынан хабарлады. Алайда, кейбір ресми емес ақпарат көздері өздерін жарақаттағандар саны 5-6 десе, кейбір ақпарат құралдары олардың саны 20-дан асады деп отыр. Сондай-ақ жазасын өтеушінің не үшін өзін жарақаттағаны турасында да әр түрлі дерек бар.
Сейсенбі күні «Қазақстан тудей» ақпарат агенттігі Қарағанды облысы Долинка поселкесінде орналасқан 159/7 колониясында 20-дан астам жазасын өтеуші өз-өзіне қол жұмсап, жарақаттады деген ақпарат таратты. Алайда, сол күні Қарағанды облыстық қылмыстық-түзеу жүйесі комитетінің басқармасы бастығының орынбасары Жалғас ТАНТАЙҰЛЫ «Азаттық» радиосына бұл ақпараттың толық шындыққа жанаспайтындығын жеткізді:
- Бір-ақ адам – 1975-ші жылы туған Исаев Елеубек Әбдіқалиұлы деген азамат. Туған жері – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы. Ол Қылмыстық кодекстің 259-шы бабының 2-ші тармағымен (нашақорлық) отырған. Сол күн тәртібімен келіспей, өзін жаралаған. Бірақ, бізде заң бар, тәртіп бар. Біз құқықтық мемлекетпіз. Оларға барлық тұрмыстық жағдай жасап отырмыз. Сол адамнан өзгелер тыныш жұмыс істеп жатыр.
Оның сөзіне қарағанда, жазасын өтеуші Исаев қарнына шеге тығып, өзін-өзі жарақаттаған. Ол адам бірден Шахтинск қаласындағы ауруханаға жеткізілді дейді, Қарағанды облыстық қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бастығының орынбасары:
- Қазір бәрі дұрыс. Дәрігерлер оған барлық көмектерін көрсетті.
Жалғас ТАНТАЙҰЛЫ осы оқиға жайында «20 жазасын өтеуші жараланды» деп ақпарат таратқан ақпарат көзін сотқа беретіндігін айтты:
- 20 адам деп олар қалай айтады? Енді қазір оларға қарсы сотқа шағым түсіруге дайындалып жатырмыз. Оларды сотқа береміз!..
Алматыдағы адам құқығын қорғаушы қоғамдық ұйым өкілі Жеміс Тұрмағамбетова құзырлы орындар мұндай оқиғалар бойынша ақпаратты жасырып қалатын кездер болатындығын айтады.
- Біз түрмедегілерге қоғамдық бақылау болсын деп талай айттық. Қалай болғанда да, өз-өзіне қол жұмсау – төтенше жағдай! Ана жолы Алматы облысында осы тәрізді оқиға орын алған кезде бізді сол жерге жіберіңдер деп өтініш жасадық, солармен тілдессек, мән-жайды анықтасақ, ондай жағдай болмас еді! – дейді Ж.Тұрмағамбетова.
Ал оқиға болған жерге тікелей барып қайтқан Қарағандылық журналист Қатира Мағдатқызы колонияда 5-6 адам жарақаттанған деген кейбір дәлелденбеген деректердің де бар екендігін жеткізді:
- Сол жерден шыққан 2 адамның біреуінен сұрап едім, жарақаттанғандар саны 6 адам деді. Бірақ, менің журналист екенімді білген соң, ол әрі қарай айтпай қойды. Тағы бір адамның сол жерден шыққан туысқаны «ешнәрсе болған жоқ, туысым аман» деді. Бірақ, оқиғадан хабардар екендігін білдірді.
Қазір бұл оқиға бойынша бірнеше мекеме тексеру жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, Шахтинск қалалық ішкі істер басқармасының өз аты-жөнін айтудан бас тартқан тергеу бөлімінің қызметкері қазір өз-өзіне қол жұмсаған азаматтың Қарағанды қаласындағы 16-шы тергеу изоляторына ауыстырылғандығын хабарлады:
- Ол наразы - колониядағы жағдайға, тағы бір мәселелерге көңілі толмайды. Оның мекеме әкімшілігіне талабы бар. Ал тергеу ісіне ешқандай сұрағы жоқ. Ол колонияда жазасын өтеп жатқан. Әлгі шараны жасағаннан кейін оны тез осы жерге ауыстырып жіберді, - деді Шахтинск қалалық ішкі істер басқармасының қызметкері.
Адам құқығын қорғаушылар да бұл істі әрі қарай зерттеуді қолға алды. Бірақ, олар мұндай оқиғаларға біржақты баға беруге болмайтынын айтады.
- Мұндай оқиғалар дүние жүзінде болады. Жазасын өтеуші «егер сондай әрекетке барсам, еркіндікке шығамын ба» деп те ойлайды. Сондықтан, осындай жағдай тек Қазақстанда ғана емес, - дейді Жеміс Тұрмағамбетова.
Бұған дейін, наурыз айының 31-інде Алматы облысындағы Заречный колониясында 45 жазасын өтеуші осы қамау мекемесі әкімшілігінің іс-әрекетіне наразылық ретінде өз-өздерін жарақаттаған болатын.