Осы айдың басында Ирақ Парламентінің алғашқы отырысы аяқ аястынан бұзылды. Оған себеп - бір депутаттың ұялы телефоны шырылдап, ол қоңырауда шийттердің өлеңі ойнағанында шиеленіс орын алған. Парламент спикері Махмуд әл Машхадани депутаттың қалта телефонын сөндіріп қоюын сұраған. Бірақ, бұл жерде сүннит өкілі әл Машхаданиді ашу кернегеніне, мүмкін қоңыраудың әуені емес, отырыстағы әдептің сақталмауы себеп болған болар. Ұялы телефондар бірінші шыққанында, олар тек дыбысты еститіндей ғана қарапайым екпіндегі қысқаша әуендерді пайдаланған. Енді қазір қалталы телефондардың әуендері молая түсіп, олар саяси сөздері бар көп дыбысты дауыстармен толыққан. Және әлемдегі саяси белсенділер де өздерінің ұялы телефондарына саяси сөздері бар соңғы әуендерді пайдалана бастаған.
Егер сіз Молдова парламентінде отырсаңыз, ондағы Румынияның ұлттық ұранының әуезін қолданған телефон қоңырауының сөзсіз саяси болмысы бар екенін түсінесіз. Румыниямен жақын байланыстағы Молдованың парламент депутаттары бұл мелодияны өздерінің Бухарестпен бірге екендіктерін таныту үшін таңдаған. Ал, кейбір депутаттар Ресеймен жақынырақ қарым-қатынасты оң көріп, Ресей әнұранының әуен-сазын пайдаланады.
Бірақ, саяси астары бар қоңырау әуендерін тек парламенттен ғана естімейсіз. Сол сияқты ондай мелодияларды ұялы телефонына енгізгендер саяси қарсылығын таныту үшін де қолданады екен. Өткен аптада АҚШ-тың рок оркестрі Ұлттық Қауіпсіздік Агенттігін мазақ қылатын “олар алып болуы мүмкін” деген әуенді жасап, өздерінің интернет парақшасына шығарған. Бұл наразылықтан туған мелодияға, жақында ғана агенттіктің соттың шешімісіз жергілікті тұрғындардың телефонмен сөйлесулерін тыңдап, жазып алғаны түрткі болған.
“Телефон байланысы Ұлттық қауіпсіздік агенттігі арқылы болады. Толық сәлемдеме Ұлттық қауіпсіздік агенттігі арқылы жасалады. Үнемі жалғасқан соғыс барысында Сіздің құқығыңыз уақытша ескерілмейді”, - деп айтылады.
Осыған ұқсас жағдай өткен қыркүйек айындағы АҚШ-тың Жаңа Орлеандыдағы Катрина дауылынан кейін болды. Уашингтондық бір белсенді өзінің наразылығын ұялы телефонындағы қоңырау сазын өзгерту арқылы білдірген. Ол қоңыраудың әуезін әлі де сол “Мобайл актив” тобының веб парақшасынан алуға болады.
Ал мына бір мелодияда АҚШ президенті Джордж Буш Федералды төтенше жағдайларды басқару агенттігінің бұрынғы басшысы Майкл Браунды мадақтап жатыр. Айта кетейік, Майкл Браун дағдарысты реттей алмағаны үшін оны орнынан кетірген. Бұл жерде Буштың сөздері халықтық әнге араласып айтылады.
«Мобайл актив» тобының үйлестірушісі Кэтрин Верклэс өзінің америка коллежіндегі әріптестері қарсылық әуен қоңырауы идеясын Филиппиндегі үзеңгілестерінен алғанын айтады. Ол жерде саяси қоңырау құбылысы жаппай орын алған. Өткен жылы Филиппин президенті Глория Арройоның қарсыластары Арройо мен Орталық сайлау кеңсесінің басшысы Виржилио Гарсилиомен арадағы делінген әңгімесін таспаға заңсыз жазып алып телефон қоңырауының мелодиясына қосқан. Ол екеуара делінген әңгімеде Арройо Гарсило атты комиссия басшысымен сәлемдесіп, “мен әлі де миллионнан аса дауысты жеңіп тұрмын ба” деген сөздері айтылады. Сөйтіп, ол мелодияны 1 миллионнан аса адам телефондарына енгізіп алып пайдаланған. Әрине, 20-30 секунд ішіне саяси уәждеріңді немесе саяси қарсыластардың шабуылдарын сыйғызу қиын, дегенмен, қоңырау дыбыстары саяси қалжыңдарға негіз болды. Мәселен, Ирақтағы бір сайқымазақ телефон шалғанда байланыс болмаса, былай деп Саддам Хуссейн болып сөйлеген.
“Бұл қоңырау шалу дәл қазір орындала алмайды. Сіз терген нөмір өшірулі немесе сигнал қабылдайтын аймақтан тыс. Кейінірек қайта телефон соғыңыз. Сіз соққан телефон өшірулі немесе аймақтан тыс жерде. Кейінірек қайта телефон соғуыңызды өтінеміз”, - дегенде Саддам Хуссейннің даусын салып айтады.
Музыкалық мектеп Миннесота Университетінің музыкалық теория жөніндегі профессордың көмекшісі, ұялы телефондардағы әуендер туралы кітап жазып жатқан Суманат Гопинаттың пайымдауынша, ұялы телефон иелері оңай түрде қоңырау әуендерін өздеріне жасай алатын мүмкіндіктері болғандықтан бұл бағыт кең етек алып кетуі ғажап емес.