АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Ливандағы атыстар осы аптада тоқтауы мүмкін деп мәлімдеді. Егер шынымен солай болса, 3 аптаға созылған Израиль мен “Хезболлаһ” соғысушылары арасындағы қақтығыстарға нүкте қойылуы мүмкін.
Жексенбі күні Израиль әскерлері Қана қаласына шабуыл жасап, кемінде 54 адамды өлтірген, олардың көбі балалар. Бұл - 3 аптаға созылған Израильдің “Хезболлаһ” соғысушыларына қарсы әскери әрекеттерінен ең көп адам қаза тапқан күн болды. Балалардың мәйіттері қираған үйлердің астынан шығарылып жатқандығы теледидар арқылы көрсетілді. Израиль жағы бұл оқиғаға байланысты өкініш білдірді, бірақ бұған осы ауылдан зымырандарын атқан “Хезболлаһ” соғысушылары да кінәлі деді. Израиль әскерлері әуе шабуылдарын 48 сағатқа тоқтатып, тұрғындар бұл аймақтан 24 сағаттың ішінде шығып кетуі керек деп ескертті. Әділет министрі Хаим Рамон Израиль әуе шабуылдарының 48 сағатқа тоқтатылуы соғыстың аяқталғанын білдірмейді деп мәлімдеді.
Израильдің бұл шабуылдары Ливан мен басқа жерлердегі адамдардың ашу-ызасын туғызды. Қанадағы жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жексенбі күні төтенше отырысын өткізді.
“Қауіпсіздік Кеңесі ондаған қарапайым адамның өліміне себеп болған Израиль әскери күштерінің Қананы бомбалауына байланысты терең қынжылыс және күйініш білдірді”, - деді БҰҰ-дағы Франция елшісі Де ля Саблиер.
Бірақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәлімдемесінде атысты тезарада тоқтатуға шақыратын мәлімет болмады. Бұған Америка Құрама Штаттары қарсылық білдірген тұғын. Бірақ Израиль басшыларымен кездескен АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Вашингтонға кетердің алдында Иерусалимде былай деп мәлімдеді:
“Бұдан бұрын қол жеткізген әрекеттерімізге негізделіп, жағдайдың жеделдігіне байланысты біз осы аптада БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін іс-қимыл жасауға шақырамыз. Жан-жақты реттеу әрекеттерінің ішінде атысты тоқтату мәселесі және ұзақ-мүдделі келісімдерге қатысты саяси ұстанымдар, сонымен қатар, Ливан армиясына бейбітшілікті сақтауға көмектесу үшін халықаралық бітімгершілік күштерін орналастыру мәселесі де бар”.
Ал Израиль қорғаныс министрі Амир Перез Ливандағы “Хезболлаһ” соғысушыларына қарсы шабуылдарымызды одан сайын кеңейттіріп, күшейттіреміз деп мәлімдеді.