Осыдан 25 жыл бұрын Music Television, яғни MTV алғашқы рет әуеге шығып, теле-бағдарламаларға өзгерістер енгізген болатын. Бүгінгі таңда MTV АҚШ-тың ең сәтті экспорттарының біріне айналып отыр. Қазір MTV бағдарламалары әлемнің 179 елінде шығуда. Мысалы Ресейдің MTV телеарнасын Ресей, Қазақстан және Қырғызстан елдерінде шамамен 30 миллион отбасы тамашалайды. Ал Украинадағы MTV арнасы осы жылдың соңына дейін 24 сағат бойы Украин тіліндегі бағдарламаларын әуеге шығаруды жоспарлап отыр. MTV, сондай-ақ, музыка мен сән салаларындағы кейде тіпті саясаттағы бағыттарды өзгертуге әрекет жасап жатады.
Британиялық “Buggles” рок-тобының “Video Killed The Radio Star” деген өлеңі MTV телеарнасында шыққан алғашқы виде-клип еді. 1981-ші жылы MTV тек кабель жүйесі арқылы ғана берілгендіктен оның көрермендері онша көп болмаған. Нью-Йоркте орналасқан Танымал телеарналарды зерттеу орталығының директоры Роберт Томсон кабель теледидар жүйесін танымал қылған видео-музыкаларды ұсынған MTV арнасы болды дейді.
“MTV-нің шыққан кезі есімде. 56-шы жылдары Элвис Преслидің шыққан кезіне ұқсап, ол да ата-аналардың наразылығын туғызды. Олар MTV балаларын жамандыққа алып келеді деп қорқып, оны өшіріп тастағысы келді. Оларға бұл астыртын әрекет сияқты болып көрінді”.
12 мен 25-тің арасындағы жастар MTV-ге қызығушылық танытып, әке-шешелерін үйіне кабель теледидар жүйесін алуға мәжбүр етті. Бұл жүйе бірте-бірте дамып, бүгінгі күні ол миллиардтаған доллар әкелетін үлкен бір индустрияға айналып отыр.
MTV музыка саласындағы неше түрлі жұлдыздарды шығарып дыбыс жазу компанияларына пайда әкелуде. Осы жұлдыздардың бірі Мадонна десе болады. Оның "Like a Virgin" деген өлеңі 1984-ші жылы халықаралық феноменге айналды. Мадоннаның бұл видео-клипі сол кезде кейбір адамдарға ыңғайсыз болып көрінген болар, бірақ Мадоннадан кейінгі жұлдыздар мәнерлерін одан сайын ашыңқырап көрсете бастаған кезде адамдардың көзі бұған да үйреніп қалды. Алайда MTV немесе соған ұқсаған басқа телеарналар Иран сияқты елдерге әлі онша таралмаған.
Ауғанстанның “Толо” телеарнасында жұмыс істеген Мустафа Сарвар “Талибан” режимі кезінде Ауғанстан тұрғындары Үндістандағы MTV бағдарламаларын жысырынып көретін тұғын дейді.
“Кейбіреулерінде спутник тарелкалары болған. Бірақ олар MTV-ні жысырын түрде көретін еді. Егер талибандықтар оны біліп қойса, онда оларды бір айға түрмеге жабатын. Ол сұмдық еді”.
Ал Томсонның айтуынша, MTV-дің жастарға арналған бағдарламалары өте сәтті болғандықтан, оның көрермендерінің саны көбейген. Сонымен қатар, технологиялар дамып жатыр, адамдар қазір MTV-дегі видео-клиптерді тіпті Интернет арқылы да көре алады. Бұл телеарнаның айтуынша, “адамдар музыканы тек тыңдап қана қоймай олар, сондай-ақ, оны көргісі келеді”.