БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1000-нан аса адамның өмірін қиған Израйл мен Хизболланың арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздері алдында, сейсенбі күні Ливанда әуе шабуылдары мен жердегі қақтығыс одан әрі жалғасты. Бейруттың тұрақтылық орнату үшін Оңтүстік шекара аймағына Ливанның 15 мың Армиясын орналастырамыз деген ұсынысын Израйл осы аймақтағы прогрестің белгісі ретінде қарайтынын айтты. Бірақ, Израйл премьер министрі Эхуд Олмерт осындай қадамдарға Хизболла жауынгерлерін қарусыздандыру мәселесі қосылу керек деген.
Халықаралық алаңдаушылықтарға қарамастан, Таяу шығыстағы қақтығыстан бейбіт тұрғындардың құрбан болып жатқанына байланысты атысты тоқтатуға шақырған дипломатиялық үндеулер нәтижесіз қалып отыр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің дипломаттары сейсенбі күні Нью-Йоркте кездесіп, әскери әрекеттерді тоқтату жөніндегі қарар жобасын талқылап айтылған ұсыныстармен бұл құжат бойынша сәрсенбі күні бір келісімге келу керек. Бірақ, Израйл егер өздерінің үміті ақталмаса, Хизболлаға қарсы шабуылын ұлғайтатынын ескертті.
Ливан АҚШ пен Францияның ұсынған қарарын бұл жобада оңтүстік Ливаннан Израйлдың 10 мың әскерін тезірек шығару туралы айтылмаған деп қабылдамай отыр.
Сонымен қатар, Бейрут дүйсенбі күні егер оңтүстік Ливаннан Израйл күштері шығарылса, бұл аймақта тұрақтылық орнату үшін Ливанның 15 мың Армиясын орналастыратыны туралы айтқан.
Израйл премьер министрі Эхуд Олмерт бұл ұсынысты көңілге қонымды әрі жақсы қарастырылған деп айтты.
“Біз мұны қарастырамыз десек, бұл әділетті болады. Бұл өте көңілге қонымды және біз мұны жақынырақ тексереміз”, - деген ол.
Сейсенбі күні кешкісін Араб Лигасының бас хатшысы Әмір Мұса БҰҰ-ына Ливанның талаптарын жеткізеді. Қарар жобасын дайындаған Құрама Штаттар мен Франция Әмір Мұса бастаған ол делегацияны ыждахатты түрде тыңдауға дайын екендіктерін айтқан.
Бұл арада Германияның сыртқы істер министрі Франк Уалтер Штанмайер Таяу шығысқа өзінің үш күндік сапарын бастап, Ливан мен оның Араб одақтастарын ол қарар жобасын қабылдауға көндірмекші. Берлиннен бұл аймаққа сапарға шығар алдында ол:
“Осы аптада Нью Йоркте мақұлдануға ұсынылатын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарымен біздің Таяу шығыстағы атысты тезарада тоқтату мүмкіндігіміз бар. Алдын ала ұсынылатын жағдайлар, екі тарап та Израйл сияқты Ливан да Ливанның оңтүстіктегі шекара аймағында тұрақтылық орнату үшін халықаралық күштер орнатумен келісуі керек”.
Израйл премьер министрі Эхуд Олмерт Израйл Ливанның оңтүстігіне халықаралық күштерді әкелуді оң қабылдайды деген. Десе де, Израйлдың үлкен алаңдаушылығын тудырып отырған мәселе - бұл аймақта Хизболла жасақтарының болуы деп айтқан Израйлдың аға барлаушысы, генерал Иосси Куппервассер, дүйсенбі күні Тел-Авивте журналистерге былай деген:
“Кейбір адамдар сұрайды, “қалайша Израйл күштері Хизболланы бес минуттың ішінде құрта алмады” деп. Сондықтан менің сізге айтарым, Хизболланы құрту пиццаға тапсырыс беру емес, ол уақытты алады”.
Ливанның оңтүстігіндегі сейсенбі күнгі қақтығыстарда хабарларға қарағанда, екі Израйл әскері қаза болған. Және Израйл күштері Ливанның оңтүстігіндегі Хиям қаласына әуеден әрі артилериядан соққы берген. Бірақ онда құрбан болғандар туралы мәлімет айтылмады.