БҰҰ-ның бітім жөніндегі келісімі өз күшіне енген соң Израиль мен “Хизбаллаһ” Ливанның оңтүстігіндегі атыстарын тоқтатты. Бейбітшілікті сақтауға көмектесу мақсатында қазір дипломатиялық әрекеттер жалғасуда.
Ливандағы атыстар бітім жөніндегі келісімнің өз күшіне енуіне бірнеше минут қалғанға дейін жалғасты. Бірақ келісілген мерзімге сәйкес жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8-де әскери іс-қимылдар тоқтады.
“Бітім жөніндегі кезең басталды. Атыс яқталды. Бітім жөніндегі келісім сақталады деп үміттенеміз. Хизбаллаһ оны бұзуы мүмкін, сол үшін дайын болуыңызды сұраймыз. Ливанның оңтүстігіндегі әскери күштерімізге көмек қажет болса, дайын тұруымыз керек”, - деді Израиль офицері.
Сөйтіп 34-күн бойы жалғасқан қақтығыс аяқталды. Ол қақтығыстардан Ливанда 1100-ге жуық адам қаза тапса, ал Израильде 154 кісі құрбан болды.
Бірақ бітім жөніндегі келісім шынында да жалғасады ма? Ол дипломаттардың қалған проблемаларды қалай тез шешетініне байланысты болады. Біріншіден Ливанның оңтүстігіне халықаралық бітімгершілік күштерінің 15 мың жауынгері орналастырылуы керек. БҰҰ-ы делдал болған келісімге сәйкес Ливанның оңтүстігіне БҰҰ-ы мен Ливанның үкімет күштері жайғастырылатын болады. Ал Израиль күштері Ливаннан шығарылады. Кейбір Израиль әскерлері Ливанның оңтүстігінен шығарыла бастады деп хабарланып отыр.
Бірақ БҰҰ күштері әлі жасақталуы тиіс. Ливан үкіметінің хабарлауынша, бүгін БҰҰ-ның бітім жөніндегі келісімі өз күшіне енген соң бейбітшілікті сақтауға көмектесу мақсатында әзірше алты ел өз күштерін Ливанның оңтүстігіне жіберуге келіскен. Бұл елдер: Морокко, Индонезия, Италия, Түркия, Испания және Малайзия. Қайсы мемлекет бұл күштерге жетекшілік ететіні әзірше белгісіз. Сондықтан дипломаттар әлі көп жұмыс атқаруы керек болады.
БҰҰ-ның қарарына сәйкес, Хизбаллаһ қарусыздануы керек. Бұл Израильдің ең негізгі талабы болған. Осы мәселеге байланысты Хизбаллаһ лидері Хасан Насралла былай деп мәлімдеді.
“Халықаралық бітімгершілік күштерінің қолдауымен Ливан армиясын орналастыру мәселесімен біз келісеміз. Құдай қаласа, Хизбаллаһ олармен толығымен ынтымақтасады”. Бұл туралы Насралла жексенбі күні мәлімдеген болатын.
Ливан үкіметі Хизбалланың қарусыздану мәселесіне қатысты отырысын кейінге қалдырды. “Хизбалла” - Ливан үкіметіндегі партиялардың бірі.
Шілденің 12-сі күні соғысқа түрткі болған ұрланған Израиль жауынгерлерінің тағдыры әзірше белгісіз болып қалуда. Бірақ Израиль басылымының хабарлауынша, Израиль ұрланған жауынгерлерін азат ету мақсатында түрмедегі Хизбалла мүшелерін босатып, оларды айырбастау жөніндегі мәселені шешкісі келеді.
БҰҰ-ның бітім жөніндегі келісімі бойынша атыс тоқтаған соң Израиль мен “Хизбаллаһ” екеуі де жеңіске жеткенін айтып отыр. Израиль сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Израиль Хизбаллаһтың израильдіктерге атқылау мүмкіндігін жойды деп хабарлады. Ал “Хизбаллаһ” өз кезегінде Ливанда жеңіске жеткендігі жөніндегі үндеу қағаздарын таратып, 34 күнге жалғасқан шайқас барысында төзімділік көрсеткені үшін Ливан азаматтарына алғыс айтты.