Қазақстанда судьяларды ел Конституциясында жазылғандай өмір бойына тағайындамай, 2 жыл сайын ауыстырып отыру туралы ұсыныс Астанада тамыздың 16 күні өткен Қазақстанның демократиялық реформалар жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының отырысында айтылды. Комиссия мүшелері бұл жемқорлықтың алдын алады деген пікірде. Бірақ, судьялардың көбісі бұған қарсылық білдірді.
Қазір Қазақстанда судьялардың ротациясы, яғни ауыстырылуы 5 жылда бір жүргізіледі. Мемлекеттік комиссияның ең үлкен жұмыс тобының мүшелерінің айтуынша, бұл үдерісті 2 жылда бір рет жасау керек. Топ мүшелерінің айтуынша, бұл демократиялық реформалардың сәтті болуында шешуші роль атқармақ. Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Тастемір Әбішевтің пайымдауынша, мұның барлығы жемқорлықтың алдын алу үшін жасалған:
- Соттардағы сыбайлас жемқорлық болмас үшін аудандық соттардың төрағаларын 5 жылға тағайындау бұл ұзақ уақыт.
2006 жылдың басынан бері Қазақстанда 4 судьяға үкім шықты. Олардың көбі пара алған деп айыпталған болатын. Жоғарғы соттың қылмысты істер алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов пара алатын судьялар бар екендігін мойындап отыр:
- Пара алған судьялар бар. Олардың нақты санын қазір айта алмаймын. Бірақ, бұл жөнінде мен мынаны айтып кеткім келеді: бұл тек сот жүйесінде емес, басқа да органдарда құқық бұзушылықтар бар. Бұл біздің қоғамымыздың ауруы. Осыны құрту үшін ең біріншіден сот жүйесінен бастау керек. Соттарды тәуелсіз жасау керек, еңбекақы және құқық жағынан.
Бірақ, жемқорлықтың алдын аламыз деп судьяларды қысқа мерзімге ауыстыру дұрыс емес дейтіндер көп. Жоғарғы сот судьясы Жолымбет Баишевтың айтуынша, егер де әр 2 жыл сайын судьяларды ауыстыру мәселесі енгізілсе, аудандық сот төрағалары сол ауыстырумен айналысатындарға одан бетер тәуелді болады.
Астана қаласындағы аудандық сотының төрағасы Айгүл Ташенованың айтуынша, бұрынғы жүйені өзгертпеу керек:
- Бұрынғы 5 жылдық жүйе қалғаны дұрыс.
- 5 жылда жемқорлық болмай ма?
- Ондай болмайды деп ойлаймын.
Бірақ, судьялардың мерзіміне байланысты әңгіме мұнымен тынбады. Жұмыс тобының кейбір мүшелері судьяларды Конституцияда жазылғандай өмір бойы тағайындау емес, қайта сайлауды ұсынды. Алайда, бұл ұсыныс та әзірге өтпей тұр. Жоғарғы сот судьясы Жолымбет Баишевтың айтуынша, егер судья өз жұмысында ақаулық жіберсе, оны онсыз да өзгертеді. Ал егерде әр судья өзінің қайта сайланып қызметін жоғалтып алатынын білсе, онда субъективті факторлар пайда болады, дейді ол. Баишевтың айтуынша, судьяларды өмір-бақи тағайындау үдерісін өзгертпеу керек, өйткені судьяны қайта тағайындаумен айналысатын органдар судьяға әсер ете алатын болады, дейді ол.
Ал, Бас прокурордың бірінші орынбасары Ілияс Бақтыбаевтың жеке пікірінше, судьялар белгілі бір мерзім сайын сайланып отырғаны жөн:
- Біздің судьялар бір рет қана елбасымен тағайындалады. Ол адам зейнетке шыққанша басқа сайлануы қажет емес.
-Сіздің пікіріңізше осы дұрыс па?
- Егер жеке менің пікірімді білгіңіз келсе, мен ойлаймын: судьяларды 5 жыл сайын сайлау керек, барлық судьяларды.
Астананың аудандық сотының төрағасы Айгүл Ташенованың айтуынша, судьялар онсыз да жан-жақтан тексеріледі:
- Егер де қайсібір жағдай болса бізде бірнеше комиссия бар. Бізде бәрі соны шешеді.
Ал, Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Тастемір Әбішевтің пайымдауынша, судьяларға аттестация енгізген жеткілікті:
- Мемлекеттік комиссияның пікірінше, Жоғарғы сотта істейтіндер өмір бойы болуы мүмкін, ал басқа соттардың судьялары 5-10 жылдан кейін аттестациядан өткеннен кейін барып әрі қарай тұрақты түрде өмір бойы қалуына ұсыныс енгізіліп отыр.
Жоғарғы сот судьясы Жолымбет Баишевтың айтуынша, бұл жағдайда онсыз да қорғауы аз судьялар тіпті қауіпті жағдайда қалмақ, өйткені қайсібір себептермен біреуге ұнамай қалған судьяны аттестация арқылы қызметінен алып тастауға болады, дейді ол. Бірақ, әзірге көптеген ұсыныстардың барлығы Конституцияға өзгеріс енгізуді қажет ететін және қажет етпейтін деп екіге бөлінген. Яғни, өзгеріс енгізуді қажет етпейтін мәселелер тез қаралады да, қалғаны кейінге қалдырылуы мүмкін дейді бақылаушылар. Осы жиында қабылданған ұсыныстар 28 тамызда өтетін мемлекеттік комиссияның отырысында талқыланады.