Ауған İшкі İстер министрлігінің екі саяси партияны тарату жөніндегі ұсынысы дала қолбасыларының билігіне құрылған жүйені ел үкіметінің ауыздықтауға тырысқан алғашқы қадамы болуы мүмкін. Дала қолбасылары ретінде аты мәлім болған Абдул Рашид Достум мен генерал Абдул Мәліктің бұл екі партиясын қолдаушы топтар Ауғаныстанның солтүстік бөлігінде жылдар бойы өзара соғысып келеді. Ауған İшкі İстер Министрі Зарар Ахмад Моқбел олардың бұл саяси басбұзарлығына шыдар төзім таусылды деп мәлімдеді.
Жергілікті саяси билік көбіне қаруға арқа сүйеген Ауғаныстан қатарлы ел үшін İшкі İстер Министрінің бұл мәлімдемесі әдеттегіден тыс тікесінен жасалды. Ол Достумның Джунбиш деген атаумен мәлім Ауғаныстанның Ұлттық Исламдық Қозғалысы партиясы мен Мәліктің Ауғаныстанның Азаттық партиясын әскери жасақтарын сақтап отырғандықта айыптады. Ауғаныстанның 2004 жылғы Конституциясына және елдің саяси партиялар туралы заңына сәйкес бұл заңсыз саналады.
Алайда бұл заңға қарамастан, Ауғаныстандағы қарулы топтардың басым көпшілігін елдегі ресми тіркелген жетпістен астам саяси партияның жетекшілері, ашық яки құпия түрде, басқарып отыр.
Талдаушылардың сөзінше, әзірге бұл шараны жаңа үкіметтің елдегі дала қолбасыларының билігіне құрылған жүйені ауыздықтау және қарулы топтардың билігіне шектеу қою әрекетінің басы деп атау ерте. Алайда,- дейді талдаушылар,- Кабулдағы ресми үкімет және оның халықаралық сахнадағы қолдаушылар үшін бір нәрсе анық – егер Талибаннан кейінгі жаңа Ауған үкіметі елде демократияны дамытқысы келсе, онда ол дала қолбасыларын қадағалау астында ұстауы тиіс.
Ауған İшкі İстер Министрі Зарар Ахмад Моқбел таяуда елдің солтүстігіндегі Фаряб уәлаятында болған қарулы қақтығыстар қатаң шараларды тез арада жүзеге асыруға итермелеп отыр деді.
Министрдің сөзінше, Әділет министрлігі таяуда тағайындалған Жоғарғы Сот арқылы мәселені заңды түрде шешсе болады.
Достум бұрынғы коммунист қарулы жасағының қолбасы, кейін муджахединдердің тарабына өтіп, 1992 жылы олардың астана Кабулды өз қадағалауы астына алуына септескен. Азаматтық соғыс кезінде Достумның әскери жасақтары мен оның Джунбиш партиясы өз белсенділігін танытты.
1992-1996 жылдар аралығында Достум солтүстік Ауғаныстанның басым бөлігін өз қадағалауы астында ұстап тұрды, ал генерал Мәлік оның орынбасары болды. Алайда, 1996 жылы Мәліктің бауыры генерал Расул Пахлаунның жұмбақ жағдайдағы өлімінен кейін Досум мен Мәліктің арасы бұзылады.
Бүгінгі күні Достум да, генерал Мәлік те өз саяси партияларының әскери қанаты жоқ екенін мәлімдеуде. Алайда, бақталасына келгенде екі қайраткер де қарсы партияны зорлықта айыптап отыр. Бұл тұрғыда үстіміздегі тамыз айының басында он күнге ұласқан қақтығысқа байланысты жауапкершілікті де екі тарап бір-біріне жүктеп отыр.
Ауған İшкі İстер Министрі Зарар Ахмад Моқбелдің Достум мен генерал Мәліктің саяси қайраткерлігіне шектеу қою әрекетінен не шығары әзірге беймәлім, Ауғаныстанның тарихында бұл бұрынды-соңды болып көрмеген жағдай. Алайда, көптеген қарапайым Ауған азаматтары үшін бүгінгі күні ең басты сауал: ендігі кезекте кімнің қарулы тобы болуы мүмкін?