Хабарларға қарағанда Қырғызстанда жоғалып кеткен екі өзбек босқыны қазір Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы абақтыда отыр. Валижон Бобожонов пен Сайдулло Шокиров өткен жылы мамыр айында орын алған Әндіжан оқиғаларынан кейін елінен қашып кеткен тұғын. Кейінірек оларға босқын мәртебесі берілген еді. Қырғызстандағы адам хұқтарын қорғаушы белсенділер Өзбекстанның қауіпсіздік қызметтерімен ынтымақтасқандығы үшін Қырғыз билігін сынға алып отыр.
40-жастағы Валижон Бобожонов өткен айда ғана Қырғызстанның Ош қаласынан “Азаттық” радиосына сұхбат беріп, БҰҰ босқындар жөніндегі агенттігінің көмегімен Европаға көшірілетіндігі туралы бөліскен еді. Бірақ соңғы хабарларға қарағанда, Бобожонов пен 38-жастағы Сайдулло Шокиров Өзбекстанға қайтарылып, олар енді Әндіжан қаласындағы абақтыда отыр. Бұл екі босқын өткен жылғы Әндіжан толқуларынан кейін Қырғызстанға қашып кеткен болатын. Соңынан екеуіне де БҰҰ босқындар жөніндегі агенттігі тарапынан босқын мәртебесі берілген. Бобожонов пен Шокиров өткен аптада жоғалып кеткен тұғын. Олардың Оштағы досы “Азаттық” радиосына берген сұхбатында былай деді:
“Бірінші Валижон жоғалып кетті. Оны үйінен алып шығып кеткен. Келесі күні Сайдуллоны алып кеткен. Содан бері олар жоғалып кетті. Олардың қайда екендігін және оларды кім алып кеткенін ешкім білмейді. Бір күн бұрын мен олармен кездесіп, әңгімелескен едім. Иммиграция бөлімі мен адам хұқтары бойынша “Әділет” ұйымына бәріміз бірге барған едік. Олар бізге босқын мәртебесіне қатысты мәселе 6-шы немесе 7-ші қыркүйекке дейін шешіледі деп айтты. Ал келесі күні шамамен кешкі сағат 4-терде Валижонды алып кетті”.
Бобожонов пен Шокировты кім алып кеткені және олар шынымен де Өзбекстанға депортацияланды ма, бұл әлі белгісіз. Бірақ адам хұқтары бойынша “Әділет” ұйымы олардың екеуін де Қырғызстан Ішкі Істер министрлігінен екі адам алып кеткен дейді. Аталған ұйымның төрайымы Чолпон Жакупованың айтуынша, жоғалып кеткен екі босқын Әндіжандағы абақтыда отыр.
Ошта орналасқан үкіметтік емес “Заң және тәртіп” ұйымының басшысы Изатулла Рахматуллаев Ошта бір жылдан астам уақыт болған Бобожонов және Шокировпен байланыста болғанын айтады.
“Мен олардың екеуін де танитынмын. Өткен жылы Сайдулло Шокиров маған келгенде, БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агеттігіне апарып, оны тіркеуден өткізген едім. Кейін оларды достарымның үйінде жайғастырдым. Біз олардың Өзбекстанға тапсырылғандығы туралы естігенімізде, БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігі мен иммиграция департаментіне бардық. Бірақ олар да бұл туралы ешнәрсе білмейтіндіктерін айтты”, - деді Рахматуллаев. Ол екі босқынның тағдырына байланысты алаңдаушылық білдірді.
Әзірше Қырғызстанның билік орындары бұл хабарға байланысты ешқандай пікір білдірмеді. “Әділет” ұйымының төрайымы Жакупованың айтуынша, құқық қорғау мекемелерінің ресми өкілдері екі босқынның жоғалып кеткеніне байланысты тергеу жұмысын жүргіземіз деп уәде берген. Сонымен қатар, Бобожонов пен Шокировқа қандай айыптар тағылып отырғандығы белгісіз. Тамыздың 9-ы күні Қырғызстан Әндіжан оқиғасына қатысы бар деп күдіктелген бес өзбек азаматын депортациялаған болатын. Қырғызстанның бұл әрекетін халықаралық қауымдастық сынға алды.
Қырғызстандағы адам хұқтарын қорғаушы белсенділер де Өзбекстанның қауіпсіздік қызметтерімен ынтымақтасқандығы үшін Қырғызстан билігін айыптап отыр.
Ал Батыс елдерінің дипломаттары мен халықаралық ұйымдар Өзбекстанның билік орындарын “түрмедегілерді қинап-азаптайды” деп айыптаған болатын.