Жапония Қазақстандағы уран кен орындарын игеруге мүдделі. Бұл туралы Астанада тамыздың 28 күні Жапония премьер-министрі Дзюнъитиро Коидзумидің Қазақстандағы ресми сапары кезінде хабарланды. Ал, қазақстандық сарапшылардың кейбіреуі Қазақстанға Жапониядан үлгі алып шикізатқа емес жоғары технологияларға көңіл бөлген жөн деп санайды. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы мамандары болса Қазақстанда шығарылған уранды компания тек шет елге шығаруға мәжбүр деп отыр.
Жапония премьер-министрі Дзюнъитиро Коидзумидің Қазақстандағы ресми сапары нәтижесінде Қазақстанмен Жапония арасында екі құжатқа қол қойылды. Біріншісі, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келісім, екіншісі, атом қуатын бейбіт мақсатта пайдаланудағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум. Жапония премьер-министрі Дзюнъитиро Коидзумидің айтуынша қол қойылған меморандумға сәйкес атом қуаты жөнінде келісім жасау жұмысы басталады.
Коидзумидің айтуынша Қазақстандағы атом қуаты саласындағы қатынас оның ішінде уран кен орындарын игеру болашағы мол қарым-қатынас.
Бұған дейін, Жапониядағы үлкендігі жағынан үшінші - Itochu Corp. сауда компаниясы Қазақстаннан табиғи уран сатып алу туралы 2005 жылы келісім жасаған болатын. Жапон компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» мемлекеттік компаниясынан шамамен 10 жыл бойы жалпы есеппен 3 мың тоннаға жуық уран сатып алуды жоспарлап отыр. Бірақ, қазақстандық уран толығымен дерлік шет елге шығарылады, дейді жергілікті мамандар. Өйткені, Қазақстанда Маңғыстау облысында тек бір атом стансасы бар. Сондықтан, елдегі ішкі тұтыну мөлшері аз, дейді мамандар. Оның үстіне, бұл атом стансасы қазір тоқтап тұр. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қоғамдық байланыс басқармасының бастығы Шынар Жәнібекованың айтуынша, Қазақстанда шығарылған уранды компания тек шет елге шығаруға мәжбүр, өйткені уран тұтуынушылары болып тек атом электрстансалары саналады. Ал, қазақстанда атом электр стансалары жоқ, деді ол.
Мамандардың есебіне қарағанда қазір Қазақстандағы уран қоры әлемдегі қордың 25 пайызын құрайды. Тек барлаудан өткен қордың арқасында Қазақстан 1 миллион тонна уран шығара алады. Ал, әлемде жыл сайын уранның 5 мың тоннасы іске жаратылады. Демек, Қазақстандағы уран қоры арқылы әлі көптеген жылдар бойы табыс табуға болады, дейді мамандар.
Ал, Қазақстан президенті Назарбаев жоғары құны қосылған өнім өндірісіне салынатын Жапон инвестициясына Қазақстан ықылас білдіреді деген пікірін жеткізді.
Қазақстан президенті Назарбаевтың айтуынша Қазақстанды Жапонияның соғыстан кейінгі үлгісі қызықтырады.
- Жапонияның жоғары технологиялары, жоғары білім деңгейі біз үшін жақсы үлгі және біз мұны үйренгіміз келеді, - деді Назарбаев.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстаннан Жапонияға темір, титан және сирек кездесетін металл жөнелтіледі. Ал, Жапония Қазақстанға автокөліктермен электр жабдықтарын тасымалдайды. Екі ел арасындағы тауарайналым биылғы жылдың жарты жылдығында 439 миллион долларға жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 21 пайыза артық деп хабарланады. Жапония премьер-министрінің айтуынша Жапония пайдалы қазбаларға кедей, ал, Қазақстанда үлкен қор бар. Ал, 120 миллион адамы бар Жапонияның алып жатқан жері Қазақстанның жетіден бір бөлігіне тең, деді ол. Коидзуми айтып өткендей, Жапония Қазақстанда нарықтық экономикасы бар демократиялық мемлекет салуға көмек көрсетуге дайын. Ресми мәлімет бойынша қазір Қазақстанда Жапония несиелеріне Ертіс өзенінде көпір салынып жатыр, оның сыртында Астана әуежайы мен Батыс Қазақстандағы автожолдар жөнделуде. Жапония Орталық Азиядағы қозғаушы күш бола алатын Қазақстанмен қатынасын тереңдеткісі келеді, деді Коидзуми.
Қазақстаннан кейін Жапония премьер-министрі Дзюнъитиро Коидзуми Өзбекстанға аттанады деп хабарланды. Орталық Азиядағы сапар тек осы екі елмен шектеледі.