Ирандағы белсенділер қыз-келіншектерге қарсы дискриминация жасайтын заңдарға өзгерістер енгізуге шақыратын науқанын бастады. Ұйымдастырушылар бұл петицияға 1 миллион ирандық қол қояды деп үміттеніп отыр.
Әйелдер хұқтарын қорғаушы белсенділер мұндай науқанды бұдан бұрын да өткізген болатын. Осыдан екі ай бұрын Иранда өткізілген наразылық шарасын полиция қызметкерлері күшпен таратып жіберген болатын. Ол наразылық шарасын ұйымдастырғандардың бірі бұрынғы парламент депутаты Әли-Акбар Муссави Хоени қазір түрмеде отыр. Белсенділердің айтуынша, Иранда қыз-келіншектерге қарсы дискриминация жасалуда.
Басталған жаңа науқан заңшығарушыларға қысым көрсетуге бағытталып отыр. Ұйымдастырушылар бұл бастама арқылы әйелдерді екінші сорттағы азаматтар деп қаралатын заңдарға Иран азаматтарының көбі қарсы екендерін көрсеткісі келеді. Иранда жүзеге асырылатын Ислам заңдары ажырасу, мирас және тағы басқа мәселелер бойынша әйелдерге тең құқық берілмейді. Сонымен қатар, әйел-кісілердің соттағы куәгерлік жауаптары ер адамдардікіне қарағанда онша есепке алынбайды. Бұған қоса, қыз-келіншектер сапарға шығу үшін әкесінің немесе күйеуінің рұқсатын алуы керек.
Белсенді Голназ Малеки “Фарда” радиосына берген сұхбатында былай деді:
“Бұл петицияға бір миллион адам қол қойса, бұл тек 4 мың немесе 5 мың ғана адамның талабы емес екендігін көрсете аламыз. Бұл науқанды көптеген адам қолдап отыр”.
Белсенділердің айтуынша, заңды түрдегі әйелдерге қарсы дискриминация ер-адамдардың өміріне де теріс әсерін тигізеді. Бұл, дейді олар, қыз-келіншектер мен ер-адамдардың қарым-қатынастарында түсіністіктің болмауына алып келеді.
Малекидің айтуынша, бұл науқанның мақсаты әйелдер хұқтары туралы адамдарға көбірек мәлімет беру және бұл арқылы түрлі топтар арасында диалог пен ынтымақтастық орнату.
“Біздің басты мақсатымыз азаматтар арасында диалог құру және олардың хұқтары туралы көбірек мәлімет беру. Біз, сондай-ақ, қыз-келіншектердің заңда көрсетілген мәртебесіне сезімтал болуын қалаймыз”, - дейді Малеки.
Дискриминацияға қатысты заңдарға наразылық білдіру мақсатында өткізіліп отырған петицияға қол қою шарасы науқанның тек қана “бірінші кезеңі” дейді белсенділер. Олардың айтуынша, кейінгі кезеңде жаңа заңдар ұсынылатын болады.
Ұйымдастырушылар бұл науқан Мороккода 1992 жылы басталған шараға ұқсайды дейді. Мороккодағы науқан нәтижесінде ол елдің заңдарына өзгерістер енгізілген болатын. Бірақ Иранда басталған бұл науқан барысында көптеген қиыншылықтар болуы мүмкін, дейді белсенділер.
Жексенбі күні “Әйелдер хұқтарына қатысты заңдардың әсері” деп аталатын семинар басталмақшы болған, бірақ оны билік орындары болдырмады. Бұған қарамастан, ұйымдастырушылар бұл науқанын одан әрі жалғастыру мақсатында Интернетте өз парақшасын ашты (http://www.we-change.org). Елдің танымал зиялылары, адвокаттары, және басқа да тұлғалары бұл науқанды қолдап отыр. Олардың арасында Нобель сыйлығының иегері Ширин Ебади, ақын Симин Беһбаһани және режиссер Жафар Панахи де бар.