Пәкістанның оңтүстік батысындағы Балуджистан провинциясындағы ашулы көтерілісшілердің елдің қауіпсіздік күштерімен қақтығысы үш күндей жалғасты. Оған түрткі болған пәкістандық қауіпсіздік күштерінің сенбі күнгі операциясы кезінде қаза болған жергілікті балуджа қауымы жетекшісінің өлімі болды. Сейсенбі күні бір полицейдің өліміне әкелген Кветта қаласындағы атыс 79 жасар Ауаб Акбар Хан Буктиді жерлеу рәсімі кезінде ушығып кетті. Сарапшылар бұл қанды көтерілістер Пәкістан президенті Первез Мушаррафтың үкіметін қысым астына алып отыр деп айтуда.
Пәкістанның қауіпсіздік күштері Квета қаласындағы көтерілісшілерді көзден жас ағызатын газбен таратқан. Балуджистанның қалалары сияқты басқа да қалаларда, провинция орталығы Квета қаласында өткен сенбіден бері тайпа көсемі Ауаб Акбар Хан Буктидің өліміне ашынған жұрттың қақтығысы болды. Бұл провинцияның шекара аймағы Ауғаныстан және Иранмен шектесетіні белгілі.
Букти Пәкістанның адам аз тұратын ең кедей провинциясындағы Балуджа ұлтшылдарына үлкен автономия беруді талап етіп келген. Ол сондай-ақ, көп жылдар бойы табиғи газдан түсетін үлкен кірісті Балуджистанмен бөлісуді талап еткен.
Енді Буктидің өліміне байланысты наразылықтарға тап болған Пәкістан премьер министрі Шаухат Азиз Буктидің өлімі әдейі ойластырылған шабуыл дегенді жоққа шығарды.
Сонымен қатар, елдің ақпарат және хабар тарату министрі Тариқ Азим Хан, балуджалардың жетекшісі Буктидің қаза болуы ол жасырынып жатқан үңгірге жақын жерде орын алған жарылыстан болды деген.
“Біздің Науаб Акбар Хан Буктиге тиісу ойымыз ешқашан болған жоқ. Бұл орын алған жағдай үкіметтің өз жасағаны емес. Жердегі миналар жарылған кезде ол үңгірді талқандап жіберді. Бірақ, оны өлтіру біздің мақсатымыз болған жоқ”, - деген Пәкістанның ақпарат министрі.
Дегенмен, бұл мәлімдеме әсіресе Пәкістанның Балуджа бүлікшілдеріне қарсы кең көлемді әскери операцияларына қатысты сынға ұшырады. Және президент Первез Мушарраф Буктидің өлімін жеңіс ретінде қарастырып отыр деген хабарлар айтылды.
Пәкістан әскери күштерінің мақсат-мүддесін айтпағаннның өзінде сарапшылар, Буктидің бұл өлімі Балуджа ұлтшылдарының Исламабадтағы орталық үкіметке деген көптеген реніштерінің бір тұсы ғана болды дейді. АҚШ-тағы Бейбітшілік институтының зерттеушісі Кристин Фэйрдың пікірінше, Буктидің өлімі енді осыған дейін Буктиге қарсы болған басқа да түрлі Балуджа топтарын біріктіріп жіберуі мүмкін. Демалыстағы генерал лейтенант әрі Пәкістанның ішкі барлау қызметінің бұрынғы басшысы Хамид Гүл сарапшы Кристин Фэйрдың пайымдауымен келіседі. Әскери шенді Хамид Гүлдің айтуынша, Буктидің өлімі Балуджаның ұлтшыл көтерілісшілерін әлсіретудің орнына енді оларды одан да күштірек етіп біріктіріп жіберуі мүмкін.
“Менің болжауым бойынша мұндағы проблема Букти Балуджа көтерілісшілерінің символына айналды. Және жастар, Балуджа жастары осы символдың маңына топталатын болады”, - деген ойын жеткізді Пәкістанның барлау қызметінің бұрынғы басшысы Хамид Гүл.
Оның сөзіне қарағанда, Буктиді өлтіру президент Мушаррафтың мүмкіндіктеріне нұқсан келтіріп, оның Пәкістан әскерінің қолдауымен билікті басып алған президенттігіне саяси проблемалар әкелуі мүмкін.
Бұл арада Пәкістандағы оппозиция жетекшілері дүйсенбі күні бірігіп, бірлескен жаңа стратегия жобасын құру үшін кездесті. Оппозиция жетекшісі Качкул Али Балуч Буктидің өлімі Балуджа тарихындағы үлкен оқиға болды десе, тағы бір оппозиция жетекшісі Амин Фахим бұл өлім Балуджистан үшін үлкен автономия керек деп жүргендерді біріктірді деген.