Бүгін Жапон императорлық сарайының хабарлауынша, императордың екінші ұлының әйелі 39 жасар ханшайым Кико ұл туды. Сөйтіп, император Акихито отбасының 40 жылдан аса уақыт күткен мұрагері дүниеге келді. Осыған дейін бұл отбасында дүниеге тек қыз балалар ғана келген. Енді ұзақтан бері шешімін таппаған мұрагерлікті жалғастыру мәселесі шешімін тапты.
Кико ханшайым аяғы ауыр болған кезден бері қоғам бүгінгі жаңалықты алаңдаушылықпен асыға күткен еді. Өйткені, ол да Жапон императоры отбасының басқа да мүшелері сияқты соңғы 41 жылдағыдай тағы бір қыз тууы мүмкін еді. Немесе Кико ханшайымның 2000 жылдық тарихы бар елдің Хризантема тағына мұрагер болатындай ұл туатынына кепілдігі болды ма екен, әйтеуір бүгін таңертең император сарайының дәрігері Ичиро Каназава миллиондаған адамның ұзақ уақыт естігісі келген жаңалығын айтты:
“Ханзада Акичиноның жұбайы Кико ханшайым Токио госпитальінде таңғы сағат 8 ден 27 минут кеткенде босанып, дүниеге ханзада әкелді”.
Сәбидің салмағы 2500 килограмм болған. Оны хирургиялық әдіспен жатырды тіліп алған. Императорлық дәстүр бойынша оған бір аптаның ішінде ат қойылады. Токиодағы Империал сарайының сыртына жиналған жұрт сүйінші жаңалыққа орай, он мыңдаған жыл дегенді білдіретін дәстүрлі айқаймен жапонша “Банзай” деп қуаныштарын жеткізген.
Міне, осылайша тақ мұрагерінің дүниеге келуіне орай, жапондықтар қуанышқа бөленіп өз сезімдерін білдіріп жатыр. Сол сияқты Жапон кабинетінің хатшысы Шинзо Эбе өзінің қуанышты сезімін былай жеткгізген:
"Жаңа ханзаданың дүниеге келуі аса қуанышты оқиға. Менің көңілім жай тауып, ханшайым мен жаңа ханзада екеуінің де денсаулығы жақсы екенін естігеніме қуаныштымын. Мен өзімді күздің ашық аспанындай тың сезініп тұрмын”, - деген.
Жапондықтардың бұл хабарға орай сезімдерін бұлай теңеумен жеткізуінің сыры да бар. Бүгінгі сәби дүниеге келгенге дейін әлемдегі ең ежелгі болып есептелетін осы патшалық әулеттің шаңырағында қара бұлт үйіріліп қалғандай еді. Заң бойынша таққа тек ер адамдар ғана отыра алатын болса, бұл отбасында 1965 жылдан бері мұрагер болатын ұл туылмаған. Осыдан 5 жыл бұрын Масако ханшайым қыз туған соң, хабарларға қарағанда қатты уайымдап жүйке ауруына ұшырап қалған. Содан бері ол қоғам алдына шығуын шектеген екен.
Содан кейін қоғамдық қысымның бір тарабымен жапон үкіметі қыз балалардың да таққа ие болуына рұхсат беретін император мұрагерлігі туралы заңға өзгерістер енгізуді қарастыра бастаған. Ол өзгеріс бойынша мұрагер ханшайым Масако мен мұрагер ханзада Нарухитоның қыздары ханшайым Эйконың 300 жылдан кейінгі бірінші Жапония императоры ретінде таққа отыруына жол ашатын еді. Бірақ, бүгінгі жас мұрагердің дүниеге келуі ол реформаларды толығымен жойып жіберді. Сөйтіп, жапондық дәстүр бойынша елдің императорлық отбасына 125-ші мұрагер ұрпақ келіп, императорлық әулеттің сақталу келешегіне кепілдік жасалды. Ал, жаңа өзгерістерден үміт артқандар жеңіліске ұшырады.