Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Оңтүстік Африка республикасының астанасы Иоханесбургте мәжіліс өткізіп, туберкулезке қарсы күрес мәселесін талқылап жатыр. Туберкулез болғанда – емдеуге көнбейтін туберкулездің жаңа түріне қарсы әрекет жолдары талқылануда. Осы медициналық парадокс денсаулық сақтау мамандарының алаңдаушылығын туғызды.
Туберкулездің жаңа түрін тіпті аса қатты дәрілермен емдеу мүмкін болмай тұр. Дәрігерлер мұндай жағдайға соңғы бірнеше жылда тап болды. Оңтүстік Африкада жақында осы аурудың індеті орын алды, инфекция жұқтарған 53 адамның 52-сі қайтыс болды. Ғалымдар олардың ауруын "дәрі-дәрмекке аса қатты қарсыласатын туберкулез" деп атайды.
Мұндай туберкулез түрі Шығыс Еуропада және бұрынғы Совет Одағы аймағында шапшаң көбейіп жатыр. Ең үлкен көрсеткіш Латвияда орын алып отыр, - дейді Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы. Бұл елде түрлі дәрі-дәрмекке көнбейтін туберкулез ауруының әр-бір бесінші жағдайы "дәрі-дәрмекке аса қатты қарсыласатын туберкулезге" айналған. Ресей, Украина және Орталық Азия елдерінде түрмелерде туберкулез ауруы эпидемиялық пропорцияларға жақындаған. Мамандар туберкулездің аса қауіпті түрі осы елдерде де пайда болуы мүмкін дейді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының қызметкері доктор Эрнесто Харамио жаңа туберкулездің табиғаты жайында былай дейді:
- Туберкулезді емдеу жолында кейбір негізгі принциптер басшылыққа алыну керек. Ең бастысы, емдеу режимінің нақты тәртібі қарастырылу керек, дұрыс дәрі-дәрмектер белгілену керек. Сонда емдеу дұрыс жолмен жүру керек. Ал дәрігерлер дұрыс дәрі бермесе, не болмаса науқас адам дәрілерді дұрыстап қабылдамаса – туберкулездің емге қарсы қабілеті пайда болады.
Туберкулезбен науқастанған адамдар көптеген дәріні ішу керек және ұзақ ішу керек. Бұған ақша көп кетеді және дәрігерлердің бақылау жиі-жиі болу керек. Әйтпеген жағдайда ауру асқынып, туберкулез емге көнбейтін түріне өтіп кетеді. Доктор Эрнесто Харамио Иоханесбург қаласындағы жиын әлем бойынша дәрігерлерге нұсқау беруді көздеп отыр дейді. Жыл соңына таман туберкулездің дәрі-дәрмекке қарсыласатын түрімен жұмыс істеу жолдары белгіленбек. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы фармацевтикалық компаниялардың қызметін осы бағытта белсінді болуға шақырып отыр, - дейді доктор Эрнесто Харамио:
- Соңғы жылдары бұл істе үлкен табысқа қол жеткізілді. Бір үлкен фармацевтикалық компания екі негізгі дәріні өндірудің ортақ технологиясын іске асыра бастады. Дегенмен, дәрі-дәрмектерге қарсыласатын туберкулезді емдеу үшін кемінде төрт дәрі қажет. Бұл істе прогресс болғанымен, оның қарқыны жеткіліксіз.
Осы мәселеде үміт отын жағатын жағдайды айтсам – АҚШ миллиардері Билл Гейтс туберкулезге қарсы әлем бойынша күрес жобаларын қаржыландыруға жыл басында 600 миллион доллар сыйлады.