Польшада өткен аптада қамалып, бір тәуліктен аса Варшава түрмесінде отырған Қырғызстан парламентінің депутаты, оппозиция басшысы Өмірбек Текебаев бүгін еліне оралды. Ол есірткі тасымалының күдігі бойынша ұсталған болатын. Польша соты Өмірбек Текебаевтың багажына есірткі салу жағдайын саяси араңдату көрінісі деп тапты да, қырғыз депутатын қамаудан шығарды. Өмірбек Текебаев бүгін Бишкек әуежайында саяси араңдатуды Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік қызметі атқарды деп мәлімдеді.
Бишкекте бүгін Қырғызстан парламентінің мәжілісі өтіп жатыр, онда Текебаевтің ісі бойынша президент Құрманбек Бақиев келіп, есеп берсін деген талап қойылды. Мұнда Текебаевтың багажына есірткі салуды Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік қызметі ұйымдастырды деген күдік айтылып отыр. Дау барысында Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің бастығы Бұсырманқұл Табалдиев қызметінен кетуге арыз берді, ал оның орынбасары Жаңыш Бақиев қазірдің өзінде қызметінен алынды. Жаңыш Бақиев – президент Бақиевтің інісі. Бишкектегі "Манас" әуежайы бастығының орынбасары парламентке іс бойынша есеп бергенде, есірткі салынуына Жаңыш Бақиевтің қатысы болуы мүмкін деді.
Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің бастығы Бұсырманқұл Табалдиев парламентте бүгін сөйлегенде президент Бақиев бұл істі қылмыстық іс деп танып отыр, және інім айыпты болса заң алдында жауап берсін деп айтты дейді. Сөйтіп президент Бақиев есірткі салу дауын қылмыстық іс ретінде тергелуіне араласпайтынын білдірді.
Өмірбек Текебаев 6 қыркүйек күні Польшаға экономикалық конференцияға қатысуға келгенде ұсталғаны аян, оның багажында 600 грамға жуық героин табылды. Өмірбек Текебаев – "Реформалар үшін" деп аталатын оппозициялық ұйымның төрағасы. Өмірбек Текебаев Бишкекке бүгін оралғанда бұл істің артында қырғыз үкіметі тұр деді.
Қырғызстан парламентінде бірнеше депутат президент Бақиев орнынан кетсін деп талап қылды. Парламентте бүгін бас министр Феликс Құлов сөйледі, ол Текебаевқа қарсы қастандық ұйымдастырылып жатқанын білген емеспін деді. Феликс Құлов Текебаевқа ол Польшада қамауға түскенде ақ қолдау танытқан, бұл араңдату деп айтқан. Текебаевтің бірнеше жүз қолдаушысы бүгін парламент алдында жиналып, үкімет араңдату ұйымдастырғандарды тапсын, жазаласын деп талап қылды. Оппозиция 17 қыркүйекте Жалалабад облысының Ақсы қаласында құрылтай өткізбек, бұл мәселе онда кеңінен сөз болмақ.