Дамаскте кеше АҚШ елшілігіне шабуыл жасалып, Сирия қауіпсіздік күштері үш шабуылшыны өлтірді. Шабуыл Сирияны паналап отырған жауынгерлік топтардың мәселесіне назар аудартып отыр. Бұл топтардың Сирия үкіметімен қарым-қатынастары қиын.
Сирия үкіметі іс бойынша тергеу жүргізіп жатырмыз дейді. Қарулы азаматтар кеше АҚШ елшілігіне шабуыл жасады, жарылыс жасамақ болды. Олар жарылғыш заттар салынған мәшине жармақшы болды. Атыста үш шабуылшы қаза тапты, төртіншісі түнде ауруханада қайтыс болды. Сирия қауіпсіздік мекемесінің офицері де қаза тапты. Шабуылды қай топ ұйымдастырғаны әлі белгісіз. АҚШ үкіметі шабуылға қолма-қол тойтарыс берілгені үшін Сирия үкіметіне алғыс айтылды. Ал Сирияның АҚШ-тағы елшілігі болса исламшыл жауынгерлік қозғалыстың белсенділігі АҚШ-тың Ливандағы, Ирақтағы және Палестин жеріндегі саясатынан деп айыптады. АҚШ сыртқы істер министрлігі америкалық дипломаттарға зақым келген жоқ, олардың барлығы аман-есен деді.
АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс Сирия үкіметі шабуылға қарсы шараларды шапшаң атқарды деп алғысын білдірді. Мұндай сөзді АҚШ әкімшілігінің өкілі Тони Сноу да айтты. Ол Сирия үкіметін терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтуге шақырды:
- Сирия терроризмге қарсы соғыста конструктивті роль атқару керек, ендігі қадам осындай болу керек. Сирия террорлық топтарға пана беріп отыр, Сирия террорға жол беруін тоқтату керек, Ливиядан үлгі алып, терроризмге қарсы бізбен бірге соғысу керек.
АҚШ үкіметі Сирия террорлық топтарға қолдау көрсетеді деп көптен бері айыптап келеді. АҚШ ресми өкілдері Ираққа исламшыл жауынгерлер Сирия арқылы кіреді, Сириядағы кейбір мешіттер террорлық топтарға адам жинайды, оларға пана береді деп айыптайды.
Берлинде орналасқан Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік қатынастары жөніндегі Германия институтының директоры Волкер Пертесс Сирия үкіметі өзіне қарсы шығуы мүмкін Сирия исламшыл топтарына көптен бері қысым көрсетіп келеді дейді. Бірақ, АҚШ Ираққа әскер кіргізгелі бері Сириядағы "Мұсылман ағайыншылығы" деген топтың салмағы азайып қалды да, алдыңғы қатарға "Әл Қаидамен" сыбайлас топтар шығып кетті. Олар Сирия үкіметінің өзіне қауіп төндіріп тұр:
- Сирия үкіметі осы күндері көбірек проблемаға тап болды, бұл "Әл Қаидамен" сыбайлас топтардан болса керек. "Әл Қаида" үлгісінде жұмыс істейтін топтарды "жихадшылар" деп атадық. Оларды үкімет бақылап отырмағаны анық, олар Сирия үкімет әскерімен кейбір жерде қақтығысады.
Соңғы бірнеше жылда Сирия қауіпсіздік күштер мен исламшыл жауынгерлердің арасында бірнеше рет қайталанған қақтығыстардың болғаны айтылып отыр.
АҚШ пен Ирақ үкіметтері Ираққа исламшыл жауынгерлер Сириядан келеді деп бірнеше рет Сирия үкіметін шара қолдануға, шекараны жабуға, жауынгерлерге ақша беріп отырғандарды жауапқа тартуға шақырған. Сирия үкіметі Ираққа жауынгерлерді жолдап отырған жоқпыз, оларға қолдау танытып отырған жоқпыз, бұл іске қатысымыз жоқ дейді. Сарапшылар Сирия үкіметі елді паналап жүрген исламшыл жауынгерлердің қауіп-қатерін терең түсінбей отыр дейді. Сирия үкіметі қолдаған, Сирияда жауынгерлік топтарға қосылған жас "жихадшылар" түптің түбінде Сирия үкіметіне қол көтеруі мүмкін делінеді.