Адам хұқтары бойынша халықаралық ұйымдар ЮНЕСКО-ның Өзбекстан президенті Ислам Каримовты “Боробудур” алтын медалімен марапаттау жөніндегі шешімін сынға алып отыр. Бұл медальді өзбек президентіне ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Матсураның өзі қыркүйектің 8-і күні Ташкентте тапсырған болатын. Ислам Каримов “елдің мәдени мұрасын сақтап қалуға өз үлесін қосқан” деп марапатталып отыр. Бірақ осыған дейін құқық қорғаушы ұйымдар Каримов адам хұқтарын өрескел бұзуда деп айтып келген. Олар өзбек президентінің халықаралық түрде марапатталуы жөнсіз, ЮНЕСКО-ның бұл шешімі қате және ол БҰҰ-ның саясатына қайшы келеді дейді.
ЮНЕСКО-ның шешіміне наразылық танытып отырғандардың арасында “Фридом Хаус” және “Хьюман Райтс Уотч” ұйымдары бар.
“Бұл даулы хабар деп ойлаймыз. Біз оны бірінші рет көргенімізде бұл жаман әзіл шығар деп ойладық”, - деді “Хьюман Райтс Уотч” ұйымының өкілі Вероника Женте-Голдстон “Азаттық” радиосының өзбек қызметіне берген сұхбатында.
ЮНЕСКО-ның Ислам Каримовты марапаттау шешіміне байланысты айтылған сынға “Фридом Хаус” ұйымы да қосылып отыр.
“Фридом Хаус Өзбекстандағы диктатор Каримовты марапаттау жөніндегі шешімді айыптайды. Өзбекстандағы қарапайым халықты қыру оқиғасына Каримовтың қатысы бар. Каримов режимі адамдарды қинап-азаптайды, сондай-ақ, адам хұқтарын бұзуда деп айыпталған”, - деді “Фридом Хаус” ұйымының өкілі Александр Джюпман.
ЮНЕСКО-ның “Боробудур” медалі Индонезияның Ява аралындағы буддисттердің әйгілі храмының атына арнап 1983-ші жылы шығарылған болатын. “Боробудур” медалі әдетте мәдени мұраны сақтап қалуға үлес қосқандарға беріледі.
1991-ші жылы тәуелсіздігін алған Өзбекстан Кеңес Одағы кезінде мән бермеген мәдени жерлерін қайта қалпына келтіріп жатыр. Олардың арасында Самарқанд қаласындағы Әмір-Темірдің “Гур-и-Эмир” қабірі, сондай-ақ, бірнеше медресе тұрған “Регистан” жері десе болады. Осыған байланысты ЮНЕСКО баспасөз-хатшысы Владимир Сергеев былай деп мәлімдеді:
“ЮНЕСКО бас директоры Коичиро Матсура Өзбекстан президентін Боробудур алтын медалімен марапаттады. Бұл медаль оған елдегі мәдени мұраларды сақтап қалуға үлес қосқандығы үшін берілді”.
Өзбекстанның Самарқанд және басқа қалаларындағы тарихи ескерткіштер шынымен де әдемілеп қайта қалпына келтірілген. Бірақ кейбіреулер өзбек билігі бұл шараны іске асыру үшін мыңдаған адамдарды басқа нашарлау жерлерге көшірген десе, ал басқалары болса ескерткіштерді қалпына келтіру әрекеті билікке ұлттық науқан үшін керек деп отыр.
Алайда халықаралық “Хьюман Райтс Уотч” және “Фридом Хаус” ұйымдары президент Каримовқа ешқандай марапат берілмеу керек дейді. Женте-Голдстонның айтуынша БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан осы халықаралық ұйымның барлық бөлімдерін өз жұмыстарында адам хұқтары мәселесіне ерекше назар аударуға шақырған, ал Әндіжандағы қанды оқиғалардан кейін Өзбекстандағы адам хұқтары жағдайы тым нашарлап кеткен. “Осыны ескере отырып Өзбекстан президентіне қалайша марапат беруге болады? Каримовтың марапатталуы БҰҰ агенттіктері арасында келісушіліктің жеткілікті болмай отырғандығын көрсетеді” - дейді Женте-Голдстон.
“Келесі аптада БҰҰ-ның адам хұқтары жөніндегі кеңесінің сессиясы ашылады. Бұл мекеме Өзбекстан мәселесін көтеріп, бұл елдегі адам хұқтары жағдайын айыптайды деп күтіп отырмыз”- дейді “Хьюман Райтс Уотч” ұйымының өкілі.
Әндіжан оқиғаларынан кейін бірқатар халықаралық ұйымдардың Өзбекстандағы кеңселері жабылған болатын. Ал БҰҰ-ның босқындар мәселесі бойынша агенттігінің Ташкенттегі әрекеттері тоқтатылған-тұғын.