Молдованың Днестрмаңы аймағында 17-ші қыркүйекте өткен референдумға Кремльдің тікелей қатысы болды деп айтуға дәлел жоқ. Дегенмен, бұл референдумда Днестрмаңының тұрғындары келешекте Ресейге барып қосылатын тәуелсіздік алуға басымдықпен дауыс берді. Осыған ұқсас сайлаулар алда Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетияда өтеді. Бұл жерде бұрынғы совет елдерінде ықпалын күшейтуге тырысқан Ресейдің стратегиясы кең көлемде жүріп жатқаны байқалады. Батыс елдері болса Днестрмаңы аймағының бұл дауыс берулерін қабылдамай отыр.
Кейбір бақылаушылар, Днестрмаңының референдумы тек Днестрмаңы азаматтарының тәуелсіздігі деп ойлайды.
Бұл тұрғыда Брюсселдегі Еуропалық саяси орталықтың сарапшысы Аманда Акчакожа сонымен қоса оның Ресейге танытылған ишара екенін айтады:
“Менің ойымша, бұл мәселе олардың Ресейге қатысты мәңгілік қолдауының бір түрін көрсетіп отыр. Және әлемге бұл жағдаймен өздерінің онда бақытсыз екенін көрсетіп, Ресейдің бір бөлігі болғылары келетінін білдіріп, оған қолдауларын жалғастырып келеді. Оның орнына Днестрмаңы аймағында Ресейдің қарулы күштері мен әскери жабдығын қалдыру ұсынылып отыр”.
Сарапшы Акчакожаның пікірінше, өз кезегінде Днестрмаңының тұрғындары үшін бұл оларды осыған дейін Молдова үкіметінен көрмеген қауіпсіздікті сезіндіреді.
Бұл қарым-қатынасты Мәскеу қуана отырып пайдаланып қалуға тырысады. Бұл арада Батыс елдері Днестрмаңы аймағына арқасын беріп отырғанда, ресми Мәскеу Днестрмаңындағы референдумын мойындайтынын жариялады.
Бұл дауыс берулер қортындысының заңдық салмағы жоқ, бірақ олар мұны Днестрмаңылықтар қақтығысын ұстап тұру үшін тиімді құралы етіп алуда, бұл өз кезегінде, Молдованың Еуропа Одағы және НАТО-мен жақынырақ байланыстар орнату мақсатына әсерін тигізбек дейді сарапшылар. Бұл жайында Брюсселдегі тағы бір Еуропалық саяси зерттеулер орталығының сарапшысы Майкл Эмерсонның атап өткеніндей, Днестрмаңының референдумы бұл аймақта Еуропа Одағының тығызырақ орналасуымен қатар келді дейді.
Соңғы жылдарда Еуропа Одағының шекараға қолдау миссиясы контрабанданы азайту мақсатында Днестрмаңында бақылау жүргізген. Эмерсонның айтуынша, Днестрмаңы референдумын ұйымдастыруға Ресей қатысты дегенге немесе ол дауыс берулер Еуропа Одағының бұл аймақта нығайып жатқанына жауап ретінде деп айтуға негіз жоқ. Десе де, ол референдум айқын түрде Кремльдің кең көлемді жоспарына көмектесті дейді:
“Ресей стратегиясы бұған дейін шығарылып тастаған жалпы, Балтық елдері жағдайын қоспағанда, көрші Еуропа елдеріне немесе бұрынғы Совет елдеріне ықпалын арттырып, өз билігін біріктіру болып табылады. Бірақ, Молдованың шешімін таппаған ісіне қолдау таныту Ресей дипломатиясының терминімен атағанда, айтарлықтай тиімді қолайсыз құндылық болып отыр”.
Басқа да шиеленісті текетірестер Грузиядағы Оңтүстік Осетия мен Абхазия, және Әзірбайжан мен Армения арасындағы Таулы-Қарабах жанжалы осы елдердің Батыс амбициясы жағдайында тура осындай “қолайсыз құндылық” терминін ұстанып отыр
Бұл тұрғыда Кремль ашық түрде бірақ үнсіз ғана сепаратиятік аймақтар Днестрмаңы мен Оңтүстік Осетияға қолдауын танытып келеді.