Қазанның 3-і күні Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аудандары форумы аясында Ресейдегі Орынбор газ өңдеу зауыты негізінде бірлескен кәсіпорын құру бойынша үкіметаралық ынтымақтастық жайлы құжатқа қол қойылды. Бұл уағдаластық арқылы Қазақстан алғаш рет Ресей экономикасына үлкен ақша құятындығын айтты Қазақстан президенті Н.Назарбаев қазанның 3-күні Орал қаласында Ресей президенті В.Путинмен кездесуі кезінде. Ол бұл келісімнің екі ел ынтымақтастығындағы маңызды орнын атап айтса, Қазақстанның демократиялық "Нағыз Ақ жол" партиясы Қазақстан басшылығы геосаяси есептерге бола Қазақстанның ұзақ мерзімді ұлттық экономикалық мүддесін құрбандыққа шалып отыр деген мәлімдеме таратты.
Қазанның 3-і күні Оралда Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аудандарының форумы өтті. Оның аясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарабаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен кездескендігін айтты Қазақстан президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен «Азаттық» радиосына.
Кездесу нәтижесінде екіжақты 6 келісімге қол қою жоспарланған. Оның ішінде шекаралас аудан тұрғындарының шекарадан өту тәртібі бойынша және Орынбор газ өңдеу зауыты негізінде бірлескен кәсіпорын құрудағы үкіметаралық ынтымақтастық жайлы құжаттар қабылданбақ.
Қазақстан президенті Ресей мемлекет басшысымен кездесуі кезінде бірлескен газ өңдеу зауыты бойынша уағдаластыққа қол қою арқылы Қазақстан алғаш рет Ресей экономикасына үлкен ақша құятындығын, бұл жобанының екі ел ынтымақтастығының маңызды бөлігі екендігін айтты. Бұған дейін, биылғы жылдың шілде айында Санкт-Петербордағы үлкен сегіздіктің саммитінің соңғы күнінде, Қазақстан мен Ресей президенттері энергетика саласындағы ең ірі келісімдердің біріне қол қойған болатын. Онда екі ел басшылары Қарашығанақ газын Ресейдегі Орынбор зауыты негізінде құрылатын бірлескен кәсіпорында өңдеп, тарату бойынша келісімге келген еді.
Бұл келісім Ресей энергетикалық жүйесіне қосымша 15 миллиард текше метр газ әкелмек. Ал Қазақстан үшін бұл қаншалықты тиімді? Қазақстанның демократиялық «Нағыз Ақ жол» партиясы мұндай келісімге келу Қазақстанның ұлттық экономикалық мүддесіне қайшы деп есептейді. Мәселен, осы партияның белсенділерінің бірі Айдос САРЫМОВ Қазақстан газ өңдеу зауытын өз жерінде салуы керек деген пікір айтты:
- Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақта кемінде 10 миллиард текше метр газ өңдейтін зауыт болуы керек. Қазақстанда 3 мұнай өңдеу зауыты бар да, бірде бір газ өңдеу зауыты жоқ. Бұл – бір жағынан энергетикалық қауіпсіздік кепілі болса, екінші жағынан мемлекетаралық кикілжіңдер туа қалған жағдайда Қазақстан газ өңдеу зауытынсыз қалады.
Дегенмен, мәселен, Мәскеудегі Орталық Азия және ТМД елдері институтының мамандарының есебі бойынша Қазақстанда газ өңдеу зауытын салу үшін кемінде 2-2,5 миллиард доллар керек. Әдетте мұндай жобалардың құны 4 миллиард доллардан асады. Бұл Ресей үшін де көп дейді сарапшылар. Алайда, Қазақстан бұл маңызды келіссөздерде өзінің үлесін жоғалтпауы үшін қоғамдық ұйымдармен де кеңесу жұмыстары жүргізілуі керек дейді Қоғамдық мәселелерді зерттеу орталығының директоры Меруерт Махмұтова:
- Қазақстанда газ өндіріп, зауыт жасауға қазіргі бюджеттің де, «Қазмұнайгаздың» да мүмкіндігі бар. Егер Орынборда өңдейміз десе, Қазақстан сол зауыттың акциясын сатып алуы керек шығар. Айтқанға көніп, отыра бермеу керек: не акциясын сатып алу керек, не газды Қазақстанда өндіру керек. 1997-ші жылы Қарашығанаққа байланысты СРП (Өнімді бөлу туралы уағдаластыққа) қол қойған кезде осы мәселенің бәрін дәлелдеп, анықтап алу қажет дегендей ой-пікірімізді білдіргенбіз. Бірақ, содан бері көп нәрсе өзгерген жоқ. Сол кезде де Орынборда газ өңдеуге жұмсалып отырды, қазір де сол жолмен басып барады.
«Нағыз Ақ жол» партиясы Қарашығанақ кенішінің газын өңдеуге байланысты бірнеше талаптар қойып отырғандығын айтады Айдос Сарымов:
- Бірінші, Ресей Орынбор зауытының бізге акцияларын беруі керек. Екіншіден, Қазақстаннан шығатын газды Ресейдің ішкі бағасымен өткізу керек. Үшіншіден, барлық қаржылық және басқа операциялар ашық та, айқын жүруі керек. Ең бастысы – Қазақстан өз территориясында жаңадан өзінің газ өңдеу зауытын салуды қолға алуы керек. «Газпромның» мамандары айтып отыр: Қазақстанда зауыт салу, 10 миллиард текше метр газ өңдеу 1,2-1,3 миллиард долларға шығады. Қазіргі біздегі мұнайдан түскен қаражат оны жабуға мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Қарашығанақ кеніші - 1,2 миллиард тонна сұйық көмірсутегі мен 1,3 триллион текше метр газдық қоры бар әлемдегі ірі кен орындарының бірі. Яғни, Қазақстан газының үштен бір бөлігінен астам газы Қарашығанақ кенішіне тиесілі. Алдағы 40 жылда Қарашығанақ кен орнында 320 миллион тонна сұйық көмірсутегін, 797 миллиард текше метр газ өндіру жоспарланған. Ал Ресейдегі Орынбор зауыты алдағы 15 жылда жыл сайын 15 миллиард текше мерт газ өңдейді топшыланып отыр.