Өткен аптада Иранның шығысында ирандық ерлі-зайыпты христиандардың тұтқындаулына байланысты олардың тағдырына алаңдаушылық өсіп барады. Туыстары олармен кездесе алмай отырғандықтарын айтады. Ал билік болса оларға қандай айып тағылып отырғанын да айтпайды.
Фереште Дибаж бен оның күйеуі Реза Монтазами, достары мен туыстары оны Әмір деп те атайды, Иранның Мешхед қаласында тәуелсіз шіркеудің жетекшісі болған. Дибаж бұдан біраз жылдар бұрын өлтірілген христиан дінбасының кіші қызы.
Сонымен 28 жасар Дибаж бен 35 жасар Монтаземиді қауіпсіздік тергеу агенттігі қыркүйектің 28-і күні олардың үйін тінтіп, екі компьютерлерін, басқа да заттарын тәркілеген соң қамауға алған болатын.
Агенттердің бірі Монтаземидің шешесіне баласын жергілікті полиция бектетіне апарамыз деп айтқан еді. Бірақ кейіннен туыстары онда барғанда олар әлгі полиция үйінде болмай шыққан.
Сөйтіп бірқатар іздестірулерден кейін ұсталғандардың туыстары ерлі-зайыптыларды İшкі істер министрлігі жауап алу үшін ұстап отырғанын біледі. Билік болса оларға қандай айып-кінә тағылып отырғанын айтудан бас тартуда.
Британияда тұратын Ферештенің бауыры Исса Дибаж "Азаттық" радиосына берген сұхбатында ұсталған туыстарының қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтқан.
- Иранда олар адамды алдымен ұстап, содан кейін ғана айып тағады. Әзірге билік жағы айыптарын айтқан жоқ дейді олар. Біз тексеріп, сұрастырдық. Олар Әмірге қысқа ғана телефон соғуға мұрсат етті, ол отбасына жағдайымыз жақсы деп қана айтты. Бірақ Фереште телефондай алмаған, сөйтіп ол бір апта бұрын тұтқындалғаннан бері біз одан ешқандай хабар алған жоқпыз. Оларды 6 жасар қызымен де сөйлестірмеген екен.
Монтазами жастау кезінде - 20 жасар шағында христиандыққа өткен. Оның әйелі Фереште христиан отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Мехди Дибаж Құдайға сенім Ассамблеясының Иран бөлімінің Жамиат-е Раббани шіркеуінде белгілі священник болған. Ол тоғыз жылға түрмеге жабылып, 1994 жылы өзінің күрескерлігі үшін өлім жазасына кесілген болатын. Дегенмен де ,1994 жылдың қаңтар айында халықаралық қауымдастықтың араласуымен бостандыққа шығады. Алайда бірнеше айдан кейін-ақ оның өлтірілгендігі аян.
Ферештенің бауыры Иса Дибаж "Азаттық" радиосына берген сұхбатында ерлі-зайыптылар өз діндестерімен араласу, қарым-қатынас турасында ескертулер алып отырған дегенді айтады.
- Билік оларға үйлеріңде ғибадат ету кездесулерін өткізбеңдер деген екен. Бірақ ол қалай мүмкін болады. Мұсылмандар қайда болсын еркін түрде мешіттерге бара алады. Христиандарда тура сондай хұқ болуы керек. Мүмкін олардың ұсталуына деген себептің бірі олардың ғибадат етушілерді бұрынғыдай үйлерінде қабылдай бергендігі шығар.
Кейбіреулер бұл жайттың өзі Иранда тұрып христиандыққа өткендердің ахуалының қандай екенін білдіреді дейді.
Ирандағы Ислам заңына сәйкес, басқа дінге өткен мұсылман өкілі өлім жазасына кесіледі. Бірақ соңғы жылдары мұндай жазаға душар болғандар жөнінде хабарлар болмаған. Әйтседе мұнда христиандарға қарсы қысымның өсіп бара жатқаны байқалады. Жақын айларда бірнеше христиан түрмеге жабылып, оларды кепілдікпен ғана босатуға тура келген.
АҚШ мемлекеттік департаменті қыркүйек айында жариялаған Әлемдегі дін бостандығына арналған есебінде Иран үкіметін христиандардың шіркеулерін жауып, басқа дінге өткендерді тұтқындады, қуғындады деп айыптаған болатын. Сол хабарламада осыдан 10 жыл бұрын христиандыққа өткен Горбан Тори деген азаматтың 2005 жылы белгісіз біреулердің қолынан қаза тапқаны жөнінде айтылған.
Жалпы Иран христиандарын қудалау 1979 жылғы Ислам революциясынан бері өрши түскен. Ирандағы ең көп деген христиан азшылығы армяндар да соңғы жылдары көптеп кете бастаған.
Мұнда сондай-ақ христиандыққа өткен мұсылман өкілдеріне де аса сенім бола қоймайды, сондықтан да олар мемлекеттік қудалаудан қашып, көбіне жасырынуға мәжбүр болады. Ал мұндағы христиан топтары христиандыққа өткендердің көбейіп келе жатқанын айтады.