Пара алған деген күдікке ілінген Алматы қаласы тұрғын үй басқармасы бастығына қатысты тергеу жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы "Азаттық" радиосына дүйсенбі күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Сарапшылардың айтуынша, 2005-2007 жылға есептелген мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында арзан баспана бөлу - Қазақстанда сыбайласқан жемқорлық, алаяқтық ең белең алған саланың бірі болып есептеледі.
Алматы жоғарғы оқу орындарының бірінде дәріс беретін 28 жасар Гүлнар Асанова мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беру жүйесімен пәтер алғысы келеді. Алайда, кезекте тұрғанына 1 жылдан астам уақыт болса да, әлі пәтерге қол жеткізе алмаған ол бұл салада парақорлық қанат жайып, кезекте тұрғандарға үйді әділ бөлуге кедергі жасап отыр деп есептейді:
- Ия, таныстарымыздың арасының өзінде «500-1000 доллар бердік» деген әңгіме айтылды...
Жалпы қазір Алматы қаласында мемлекет көмегімен тұрғын үй алу үшін кезекке тұру, алға жылжу тек қана ақшаның көмегімен шешіліп жатыр деп есептейді «Шаңыраққа тірек» қоғамдық ұйымының жетекшісі Дос Көшім:
- Менің ойымша, осы бір зиянды тоқтатуға мемлекеттің әлі келеді. Бірақ, мемлекеттік қызметкерлердің кейбіреуінің осыған тікелей қатысы бар екендігі айдан анық. Әрине, кейбіреулерді анда-санда ұстап, қоғамда сондай бір күрес жүргізу суреті бар. Бірақ бұл жүйе қоғамға кеңінен бойлап кіріп кеткен.
Алдыңғы аптада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматы қаласы тұрғын үй басқармасының директорын ұстаған. Оған Қылмыстық Кодекстің 311-ші бабы бойынша іс қозғалған, яғни, пара алды деген күдікке ілінген. Қазір бұл істің тексеріліп, тергеу жүріп жатқандығын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі де растап отыр, бірақ тергеуші ешқандай мәлімет берген жоқ.
Жекелеген шенеуніктерді жауапқа тарту тұрғын үй саласындағы сыбайласқан жемқорлыққа толықтай тосқауыл бола алмайды деп есептейді «Шаңыраққа тірек» қоғамдық ұйымының төрағасы Д.Көшім. Оның пікірінше, бұл үшін ең алдымен осы саладағы жариялылық пен ашықтыққа қол жеткізу керек. Әйтсе де, ол бұл бағыттағы қоғамдық ұйымдардың бастамалары әзірге қолдау таппай отырғандығын айтты:
- Алматы қаласында кезекте тұрған адамдардың тізімін жариялата алмадық. Мысалы, Алматыда 7 мыңдай адам шаршы метрі 350 долларлық үй алу бойынша кезекте тұр делінген. Егер сол тізім «Алматы ақшамы» газетінде жарияланса, әр адам өзінің қай жерде тұрғанын көрсе, тізімге басқа адамдардың кіріп кетуіне жол берілмес еді.
Ал бұған дейін Қазақстандағы сыбайласқан жемқорлықпен күресуді мақсат еткен жалғыз қоғамдық комитет, осы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясындағы істерді тексеріп-тергеумен айналысып жатқанда сот шешімімен жабылып қалған-ды. Осы комитеттің бұрынғы атқарушы директоры Талғат Құсдәулетов сол кезде тосын фактілердің бетін ашқындағын айтады.
- Әр шаршы метрі 350 доллардан берілетін үйлерді делдалдар немесе басқалар арқылы билікке жақын адамдар алады. Өйткені, төмен бағамен үй сатып алу оларға тиімді. Мысалы, Астанада мемлекеттік бағдарламамен арзан үй алушылар тізімінде Астана қалалық прокуратура, қаржы полициясы, ішкі істер министрлігінің лауазымды адамдары бар. Олардың баспаналары жоқ дегенге кім сенеді? Ал қарапайым адамдар болса, пәтерге қол жеткізе алмайды. Себебі, тұрғын үй беру туралы шешімнің өзі ашық емес. Мендегі нақтыланбаған деректер бойынша, Астанада мемлекеттік комиссиядан өту үшін 6 мың доллар төлеу керек, - дейді сот шешімен жабылып қалған Сыбайласқан жемқорлыққа қарсы қоғамдық комитеттінің бұрынғы атқарушы директоры Талғат Құсдәулетов.
Бас прокуратураның құқықтық статистика бойынша комитетінде биылғы жылдың алғашқы жартысында мемлекеттік шенеуніктердің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағымданған 4 миллионнан астам арыз тіркелген. Олардың арасында саны жағынан алғашқы болып баспана бөлу саласына қатысты шағымдар тұр. Ал Алматы қалалық қаржы полициясы болса, биылғы қыркүйек айында тұрғын үй саласындағы қылмыс түрлерінің артқандығына алаңдаушылық білдірген.