Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшылығына Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Бан Ки Муун тағайындалатын сияқты. Мәселе Бас Ассамблеяда біржолата шешілу керек, дегенмен Бан Ки Муунның кандидатурасы апта соңына таман бекітелетін көрінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының басшылығына Оңтүстік Корея өкілі келіп жатқан тұста Солтүстік Корея алғашқы ядролық сынағын өткізіп, әлемде жаңаша қиын мәселе туғызды. Осыған орай Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшылығына ұлты корей саясаткер жайдан жай сайланып жатқан жоқ па деген сауалдар пайда болды.
Бан Ки Муун Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшылығына кандидатурасын ұсынғанда Солтүстік Корея мәселесін алға қоямын, бас хатшылыққа тағайындалсам тезарада Солтүстік Корея астанасы Пхеньянға барамын деген. Америкалық сарапшы Джа Хыюн Ким Набауш Бан Ки Муунның Оңтүстік Корея өкілі болғаны, бас хатшы ретінде Солтүстік Кореямен ерекше қатынас орнатуға басқаларға қарағанда мүмкіншілігі молырақ екені ескеріліп отырғаны мүмкін дейді. Бірақ Бан Ки Муун Солтүстік Кореямен жақын қатынас орната алса да Солтүстік Корея оған үлкен табысқа қол жеткізе қоя ма екен, мәселен Солтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттарының арасында тікелей келіссөз өткізуге жол ашыла ма екен, Вашингтон бұдан көптен бері бас тартып келеді, дейді Джа Хыюн Ким Набауш. Бұл сарапшы АҚШ-та орналасқан Колумбия университетінде Корей зерттеу орталығын басқарады.
Басқа кейбір сарапшылар болса Бан Ки Муунның кандидатурасының бас хатшылыққа өтіп жатқаны Солтүстік Кореяға керіснше ұнамауы мүмкін, сондықтан да Солтүстік Корея дүйсенбі күні ядролық сынағын өткізді, қыр көрсетті дейді.
Бан Ки Муун Солтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттарының арасында қандай қарым-қатынас сала алады деген болжам бірыңғай емес. АҚШ әкімшілігі Солтүстік Кореямен диалогты алты тарап келіссөз арқылы өткізгенді жөн көреді. Солтүстік Корея алты тараптың келіссөздерінен былтыр шығып кеткен. "Нейшн" журналының тілшісі Ян Уильям мәселеге күмәнмен қарайды:
- Бан Ки Муун "Біріккен Ұлттар Ұйымының басында ұлты корей азамат отыр, істі нақты шеше аламыз" деп Солтүстік Кореяға сөз салуы мүмкін, олардың ұлттық намыстарына иек артуы мүмкін. Бірақ Бан Ки Муун Вашингтонды Солтүстік Кореямен тікелей айналысуға көндіре алама ма – бұл жағы сұрақтың астында.
Колумбия университетінде заманауи корей тарихын зерттейтін маман Чарльз Армстронг Бан Ки Муунның ұлты корей болғаны оған өз алдына үлкен міндет қояды дейді:
- Бан Ки Муун өз қызметінде Оңтүстік Корея көзқарасынан қимылдамауы керек, Оңтүстік Корея үкіметінің тұрғысынан қимылдамауы керек, осыған өте сақ болуға міндетті. Ол мұны бұқара сөздерінде өзі де анық айтқан, бас хатшы болсам барша Біріккен Ұлттар Ұйымы қауымдастығының атынан істеймін, Оңтүстік Кореяның өкілі болмаймын деген.
Бан Ки Муун өте тәжірибелі дипломат, кез-келген адаммен тіл табыса алатын маман деп айтылады. Бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Солтүстік Кореяның қатынасы өз алдына қиын. Солтүстік Кореяның түсінігінде 1953 жылы Корей елін екіге бөлген соғысқа БҰҰ рұқсат берген деп айтылады.