Қазақстан журналистерінің 5-ші конгресі БАҚ ұйымдарының басын қосатын Журналистер Одағы конфедерациясын құруға шақырды. Бұл ұйым үкіметте, парламентте, қоғамның түрлі саласында журналистік ұйымдардың мүддесін қорғауды көздейді. Конфедерацияның басты құжаты ретінде Конгресс әзірлеген Қазақстан журналистикасының адамгершілік негіздері туралы декларация алынбақ. Бұл туралы сейсенбі күні Конгрестің атқару комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мәлімдеді. Сонымен бірге Конгресс "Отан" партиясынан журналистік ұйымдар әзірлеген "БАҚ туралы" заң жобасын қолдауды сұрады. Ал қазіргі қолданыстағы "БАҚ" туралы заң 5-ші Конгреске қатысқан парламент, үкімет, журналистік ұйым өкілдері арасында түрлі пікірге негіз болды.
Қазақстан журналистерінің 5-ші конгресінің алғашқы отырысы қазіргі қолданыстағы «БАҚ» туралы заң төңірегіндегі пікірталаспен басталды. «Әділ сөз» қоғамдық ұйымының төрайымы Тамара Калеева бұл заңның Қазақстан конституциясына ғана емес, халықаралық талаптарға да сәйкес келмейтіндігін айтты:
Халықаралық сарапшылар қазіргі заңдағы бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу тәртібі мен ондағы көптеген шектеулер еркін пікір білдіру құқығын шектейді дейді. Біз былтыр саяси және азаматтық құқықтар бойынша халықаралық пактіні қабылдадық, бірақ оған қарама-қайшы келетін өзгерістерді заңға енгізіп отырмыз. Қазақстан президенті біз халықаралық қауымдастыққа енуіміз керек, дамыған 50 елдің қатарына қосылып, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіміз керек дейді. Ал заңға өзгерістер енгізіп, өкілетті органның бақылау құзырын күшейтіп отырған мекеме одан мүлдем хабарсыз сияқты, дейді халықаралық «Әділ сөз» ұймының төрайымы Тамара Калеева.
Ал Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ержан Бабақұмаров қазіргі қолданыстағы БАҚ туралы заңға халықараралық тәжірибені ескере отырып өзгерістер енгізілгендігін айтты: Әлемнің бірде-бір елінде бұқаралық ақпарат құралдары саласына берілген толықтай жасыл түс жоқ! Мен кішкентай ғана мысал келтіргім келеді. Тіпті Шығыс Еуропадағы демократияның үлгісі болып табылатын Польшаның өзінде бұқаралық ақапарт құралын тіркету үшін ақы, жарна төленеді. Ал мұндай төлем бізде тек биыл енгізілді. Сол сияқты заңға енгізілген әр бір өзгеріске осындай түсініктеме бере алам. Олар герман, француз, поляк және американ тәжірибесінен алынған, дейді Мәдениет және Ақпарат министрінің орынбасары Бабақұмаров. Ол заңға енгілген өзгерістер шілде айынан бері өзінің тиімділігін көрсетіп, масс-медия базарының ашық болуына оң әсер етті десе, Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева «Азаттық» радиосына берген сұқбатында бұл өзгерістердің Қазақстанның Еуроападағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мүмкіндігіне кері әсер етуі мүмкін екендігін айтты:
- Өйткені, осыдан 1-2 апта бұрын үлкен бір ұлттық комиссия тобымен ЕҚЫҰ-на барып келгеніміз бар. Сонда ЕҚЫҰ-нда істеп жатқан елшілердің ең бірінші бізден сұрағаны: «БАҚ туралы» заңға өзгерістер қалай болды? ЕҚЫҰ-ның стандартына қарсы шығып жатқан өзгерістердің ендігі тағдыры қандай?» деген көп сұрақтар болды. Шынын айтқанда, оларға жауап беру оңай болған жоқ.
Жақында ғана Варшавада өтіп жатқан ЕҚЫҰ-ның жиынына қатысып клеген Мәдениет және Ақпарат вице-министрі Ержан Бабақұмаров болса, бұл мәселеде ешқандай түсіндірме бергісі келмейтіндігін айтты:
Қазақстанда сөз бостандығы бар ма? Менің сұқбатқа жауап бермеуіме болады ғой? Ешқандай түсіндірме жоқ, деді вице-министр.
Ал Мәжіліс депутаты әрі «Отан» партиясының төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева «Азаттық» радиосына демократиялық талаптарға сәйкес келетін жаңадан БАҚ туралы заңды қабылдау бойынша өзінің әкесі, Қазақстан президенті төрағасы болып табылатын «Отан» партиясының мүмкіндігін де пайдалануды көздеп отырғандығын жасырған жоқ:
«Отан» партиясына қосылып отырмыз. «Отан» партиясының бағдарламасында бір өте маңызды мәселе бар: 2009-шы жылға дейін жаңа демократиялық БАҚ туралы заңды енгізу керек. Енді қазір сол бағдарламадағы мәселені қайта еске түсіріп, «Отан» партиясына барлық журналистік ұйымдар атынан ұсыныс жасасақ Қазіргі Парламентте жатқан жаңа «БАҚ туралы» заңды «Отан» партиясы қолдаса, өте жақсы болар еді!»
Алайда, мәселен, «Отан» фракциясының мүшесі, бұрынғы журналист Ғаділбек Шалахметов қазіргі қолданыстағы «БАҚ» туралы заңға енгізілген өзгерістер бойынша Парламентте жұмысшы тобын басқарғандығын айтады. Ол «Азаттық» радиосына қазіргі қолданыстағы заңның қоғам үшін маңызды екендігін жеткізді:
- Қазіргі заңдағы өзгерістер өте бір керек өзгерістер. Неге десеңіз, бірнеше топ газеттер санға кірмей қалған. Кім басқаратыны белгісіз. Қазір асығып, Америкадан, Еуропадан озып кете алмаймыз.Ол бізге керек емес. Қазіргі заңның азаттығына Ресейде де жетпейді. Осыны түсіну керек.
Дегенмен, «БАҚ» туралы заңға енгізілген өзгерістерге қарсы шығып отырған қазақстандық журналистік ұйымдар енді өздері әзірлеген «БАҚ» туралы заңды Парламентте қабылдатуға күштерін жұмылдыруды көздеп отыр. Бұл ретте Қазақстан Журналистер конгресі барлық журналистік ұйымдарды біріктіретін Журналистер конфедерациясын құру туралды бастама көтерді.