Биыл қазан айының 8-10 аралығында Прагада Форум-2000 конференциясы оныншы рет өткізілді. Аталған конференция дау-жанжалсыз, бейбіт қатарлас өмір сүру деген сауалға жауап іздейтін халықаралық ең бір үлкен басқосу. Конференцияның бұл жолғы тақырыбы -"Ғаламдық қатарлас дамудың дилемалары" деп аталған еді. «Азаттық» радиосының тілшілері конференцияның мәртебелі меймандарының бірі - Латвия президенті Вайра Вике Фрейберге ханыммен бірқатар өзекті деген сауалдар төңірегінде сұхбаттасқан еді.
Вайра Вике Фрейберге ханым 2003 жылы Латвия елінің президенті болып екінші рет төрт жылдық мерзімге сайланған еді.
«Азаттық» радиосы: - Президент ханым, Васлав Гавелдің сөзінде айтылған түрлі мәдениеттер арасындағы ынтымақтастық үшін аздаған болса да стандарттар негізін құру деген ұсынысы туралы не ойлайсыз?
Вайра Вике Фрейберге: - Бұл тұрғыдағы талқылауларға келетін болсақ, менің ойымша президент Гавел тек риторикалық сұрақ қойды. Ол нақты бір әрекеттерге шақырған немесе біз қол қойып бекітуге тиіс құжат турасындағы ұсыныс емес еді. Бірақ кім біледі, ол осыған ұқсас бір нәрселерді меңзеген болар, менің ойымша, оның ұсынғаны - диалогтар өткізудің негізі.
«Азаттық» радиосы: - Солтүстік Кореяның ядролық сынағына қандай түсініктеме бересіз?
Вайра Вике Фрейберге: - Солтүстік Кореямен осыдан бірнеше апта бұрын Хельсинкиде өткен Евродақ-Азия саммитіндегі сияқты дипломатиялық әңгімелесулерге талпыныс болды. Оңтүстік Кореяның премьер-министрі өздерінің Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізуге қаншалықты талпыныс жасап жатқандары жөнінде айтты, бірақ, өкініштісі, жалпы бір жылдан бері олар ешқандай жауап бермей және ядролық қаруды қолданудан бас тартуға шақыратын алтыжақты келіссөздерге де қосылмай отыр. Солтүстік Кореяның ядролық сынақ өткізуі осы халықаралық күш-жігердің бәрі де далаға кетіп, бір елдің халықаралық қауымдастықтың талаптарына мойынұсынбағандығының ең бір жаман мысалы. Ең бір қиыны сол - басқа да елдер осындай қадамдарға барсақ болады-ау деген ойға келуі мүмкін. Бұл жағдайда не істеу керек? Менің білуімше, бұл бір күйіп тұрған мәселе.
«Азаттық» радиосы: - Ресей мен Грузияның арасындағы қазіргі қарым-қатынас жайында пікіріңіз? Осыған ұқсас жайт сіздің елде болса, қалай әрекет етер едіңіз?
Вайра Вике Фрейберге: - 1991 жылдан бері біздің Ресеймен қарым-қатынасымызда бірқатар шиеленісті сәттер орын алып келді. Менің ойымша, Грузияда қазір осыдан 10 жыл бұрын Балтық елдері өз алдарына кеткен кездегі жайт қайталанып отыр. Өте бір күрделі кез. Тіпті, егер қаласыңыз, қазір өте бір жүйкені қоздыратындай жағдай туындап тұр. Менің баспасөзден ұққанымдай, Ресейдің шпиондық жасады деп күдіктелген тұлғаларын Грузияның тұтқындауы қалыпты қадам деуге болмайды, бірақ бұл жалпы мойындалған, болып тұратын жайт. Ресей жағының бұған қарсы реакциясы тізбекті шараларға жалғасты. Міне, бұл алаңдаушылық туғызады. Өйткені, көршілес жатқан елдер арасында диалог көбірек болуы қажет және олар халықаралық заң, ереже талаптарын басшылыққа алулары тиіс.
«Азаттық» радиосы: - Грузия мен Ресей қарым-қатынасы туралы тақырыпты жалғастырар болсақ, бұндай пробеламаға халықаралық қауымдастық қалай қаруы керек? Сіз бұл тек Грузияның немесе сол аймақтың ғана мәселесі деп ойлайсыз ба, әлде мұндай жайттар жалпы Европаға да тән бе?
Вайра Вике Фрейберге: - Ксенофобия, нәсілшілдік және асыра сілтеушілік барлық жерде болып тұрады. Бұған байланысты БҰҰ осыдан біраз жыл бұрын арнайы конференция да өткізген еді. Мұндай жайттар, мәселен, Ресейде үкімет тарапынан қолдау тауып отыр ма, болмаса үкіметтің шарасыздық танытып, оған төзіп отыруының салдарынан болып жатыр ма, міне, мәселе сонда.
«Азаттық» радиосы: Сіз биыл БҰҰ-ның Бас хатшылығына үміткер ретінде дауысқа түсіп, бірқатар қолдау тапқанымен де, мұндай орынға өтпей қалғаныңызға өкінбейсіз бе?
Вайра Вике Фрейберге: -Мен оған мүлде өкінген жоқпын, солай боларын бір жағынан күткенмін де. Бір есептен мен қатты таңқалып, қуандым да, өйткені, соншалықты аз уақыттың ішінде көп қолдау таптым. Ендігі сәтте Кофи Аннанның ізбасары кім болары анықталып та қалды ғой, ол - Оңтүстік Кореяның өкілі Бан Ки Мун.
«Азаттық» радиосы: - Латвиядағы НАТО одағына деген қолдаудың 80 процентке дейін жетуіне не себеп болды?
Вайра Вике Фрейберге: - Мұның бірнеше себептері бар. Менің ойымша, мұндай қуатты одаққа мүше болсаң, ұйқың да тыныш болады, өйткені, кім білген, кез-келген саған шабуыл жасауы мүмкін ғой. Бұл тек сенің қуатың ғана емес, сен кез-келген күшке қарсы тұра аласың, артыңда қолдайтын Альянс бар. Мұның өзін саған біреудің көз алартуынан сақтайтын құрал деуге болады.
«Азаттық» радиосы: - Ресейдің көршісі бола тұрып, бірақ НАТО немесе Евродақ сияқты ұйымдарға мүше болмай-ақ, елдің ішінде тұрақтылықты сақтап, демократияны дамытуға бола ма?
- Біз оған тәуекел етпеген болар едік, ондай тағдырды қаламаймыз,- деп күле отырып, жауап берді Латвия президенті Вайра Вике Фрейберге ханым.