Пост-советтік елдердегі әйелдердің тағдыры жайында деректі жеті фильм жарыққа шықты. Ашық қоғам институтының әйелдерге арналған бағдарламасының демеушілігімен түсірілген бұл қысқа метражды деректі картиналар Армения, Грузия, Литва, Ресей мен Тәжікстан және Украинадағы гендерлік саясаттың өзекті мәселелеріне арналған . «Азаттық» радиосының тілшілері осы аталған елдерде әйелдер өмірінде жиі кездесетін мәселелер турасында талдау жасап көрген еді.
Ашық қоғам институтының бұл жеті деректі фильмдер жобасына "Гендерлік калейдоскоп" деген ортақ ат қойылған. Оларды жергілікті киногерлер әйелдер хұқын қорғаушылармен және зерттеушілермен бірлесе отырып түсірген.
Қырғыздың "Елечек" деп аталатын қысқа метражды деректі фильмінің кейіпкері күйеуінің көп әйел алуын қаламайды, қабылдай алмайды. Өзінің жастық та жарқын жылдарын бірге өткізген күйеуінің енді басқа бір әйелмен қол ұстасқанын ол мүлде қос көрмейді, оған қарсы күресуге бел байлайды. Бірақ, елдегі солқылдақ заңдар тұрғысынан да, жақын-туыстары жағынан да, әділет жүйесінде де қырғыз әйелі өзінің көзқарасын қорғайтындай күш таба алмайды. Міне, осындай дәстүрлі әдет-ғұрып, салт-санаға Сайраш енді өз сенімін қарсы қоймақшы болады.
"Елечек" деректі фильмін түсірген Ашық қоғам институтының Қырғызстан әйелдер бағдарламасының өкілі Нұргұл Асылбекова «Азаттық» радиосына берген сұхбатында, дәл қазір Қырғызстанда әрбір 10 қырғыз әйелінің төртеуінің маңдайына үшінші не төртінші әйел болу жазылған деп сипаттайды, демек Сайраштың басындағы жағдай жалғыз емес деп атап көрсетеді.
- Әдетте, бірінші әйелдер, сондай-ақ екінші, үшінші әйелдер де бізге өтінішпен келіп жатады. Бәйбішелер мүліктік хұқ туралы, кейінгі әйелдер бала хұқы, психологиялық көмек деген сияқты нәзік жағдайларда хұқтарының қорғалуын қажет етеді. Мұндай жайттар неге жиілеп кетті? Себебі, егемендік алғаннан кейінгі жылдарда өнеркәсіп орындары жабылып, жұмыс істейтін жерлер болмай, әйелдер әлеуметтік жағынан қорғалмай қалды. Олар мүлде екінші орынға шығарылып тасталды, - дейді Нұргүл Асылбекова.
Асылбекова мұндай факторлар Қырғызстанда патриархтық белгілердің қайта жанданып келе жатқанын көрсетеді дейді. Мәселен, әйелге жекеменшік мүлік ретінде қарау тағы басқа деген сияқты. Соның бір айқын көрінісі - Парламентте бірде бір әйел жоқ, олардың хұқының қорғалуына заңнамалардың көмегі де шамалы. Дегенмен де осындай дәстүрлі салт-дәстүрлердің қайта жаңғырып, әйелдердің екінші немесе үшінші әйел болу мүмкіндігінің туындауы - олардың мүлде шаңырақ құрмай қалуынан гөрі жақсырақ көрінеді.
Асылбекованың айтуынша, Қырғызстанда көп әйел алу қазір сәнге айналып, қырғыз азаматтары арасында көп әйел алушылық жағынан өзіндік бәсекелестік қалыптасқан. Келесі бір деректі кино - тәжікстандық әйелдер өмірінен, ол "Жаңа Пенелопалар" деп аталады. Орта Азияның бұл елінде күйеулері табыс табу үшін Ресейге жұмысқа кетсе, ал әйелдері Грек аңызындағы соғысқа кеткен Одиссейді күткен Пенелопа тәрізді күйеулерін шыдамдылықпен күтуге мәжбүр. Кей кездері олардан келетін азын-аулақ табысты күте-күте зарыққан әйелдер балалары мен өзін асырап-сақтау үшін басқа біреудің етегінен ұстап, көп әйелдің бірі болуға дайын. Сонымен, сыртқа кеткен ерлер мен олардың елінде қалған әйелдері, отбасылары да өмірден түрлі қиыншылықтар көріп, зорлық-зомбылықтарға душар болатыны рас.
"Жаңа Пенелопалар" фильмінің атқарушы директоры Зухра Халимова «Азаттық» радиосына берген сұхбатында шет жерге еңбек күші болып кеткен тәжік азаматтарының тағдыры қоғамның барлық қабатына өзіндік әсер етеді, оның әсері деректі фильмде де көрініс берді дейді:
- Мұның өзі әйелдердің бірнеше ұрпағының басында бар тағдыр, қыздарының алдында ұялып, қысылған ана, күйеулерін күтумен сарғайған әйелдер, күйеулері болса, отбасына жағдай жасай алмағаны үшін өкініп, қиналады. Осылардың бәрімен бірге фильм адамдар өз қабілет-қарымдарын іске қоса отырып, күрделі жағдайларда дәстүрлі ұғымдағы қадамдарға бару арқылы мүмкіндіктер табатындығына назар аударады.
Халимованың сөзіне қарағанда, Тәжікстанда көп әйел алушылықтың пайда болуына қоғамдағы таптық және экономикалық алуандық, өзгешеліктер себеп болған. Мұнда мүмкіндігі бар ерлер екінші де, үшінші де әйел ала алады.
Арменияның да осы Ашық қоғам институтымен бірлесіп түсірген фильмі «Әйелдің бақыты немесе ерлердің мақтанышы» деп аталады екен. Мұнда екі әйелдің тағдыры арқылы армян әйелдерінің өміріне зерттеу жүргізілген. Кейіпкердің біреуі күйеуінен ажырасып, бұл өмірдің бақытын тек жұмыстан тауып, өз бойындағы суреткерлік талантын дамытқан әйел болса, екінші кейіпкер - жесір қалған келіншек күйеу тапқысы келеді, сөйтіп отбасының қызығын, бақытын көргісі келеді, олардың екеуі де қандай қиыншылыққа қарамастан, балаларын тәрбиелеп өсіріп жатқан аналар.