Ливан үкіметіндегі Сирияны сынап келген министр Пьер Жемаилға жасалған қастандықтан кейін Бейруттағы шиеленісті жағдай одан сайын күрделеніп кетті. Сейсенбі күні Ливан астанасында қарулы адамдар Жемаилдің көлігіне шабуыл жасап, министрді атып кеткен болатын. Ал бұл екі арада, Ливанда премьер-министр Фоуад Синиора жетекшілігіндегі анти-Сириялық үкімет пен Дамаскіні қолдайтын оппозициялық “Хезболлаһ” қозғалысы арасындағы саяси дағдарыс одан әрі жалғасуда.
Бұл қастандық әрекеті бұрынғы харизматикалық премьер-министр Рафик Хариридің өлтірілуін еске түсірді. Харири 2005 жылы ақпан айында орын алған жарылыс салдарынан қаза тапқан болатын.
Парламенттегі анти-Сириялық фракцияның лидері Хариридің ұлы Саад Харири Пьер Жемаилға жасалған шабуыл туралы ақпаратты алған соң өзінің теледидар арқылы өткізіп жатқан баспасөз-маслихатын тоқтатуға мәжбүр болды.
“Маған қазір ғана министр Пьер Жемаил оққа ұшып, қатты жараланды деген мәлімет келіп түсті”, - деді Харири.
Ауруханаға жеткізілген Жемаил кейінірек сол жерде көз жұмды.
Саад Харири “бұл оқиғаға Сирияның қатысы бар деп ойлаймыз” деген болжам айтты. Рафик Харири қаза тапқан кезде де, ливандықтардың көбі және БҰҰ-ның тергеу ісін жүргізген өкілі ол оқиғаға Сирияның қатысы бар болуы мүмкін деп айтқан болатын.
Бірақ бұл айыптауларды жоққа шығарған Сирия және соғысушы “Хезболлаһ” тобы да Жемаилға жасалған қастандықты айыптады.
Израиль шабуылдарынан кейін ахуалын қайта қалпына келтіріп жатқан Ливанда саяси дағдарыс жалғасып жатыр. Бұл елде Сирияны қолдайтын 6 министр қатарынан қызметтерінен кеткен болатын.
Міне енді елдің Өнеркәсіп министрі Пьер Жемаилға жасалған қастандықтан кейін Бейруттағы шиеленісті жағдай одан сайын күрделеніп кетті. Бұл қастандықтың алдында, Сирияны жақтайтын Хезболлаһ жетекшісі мен оның Христиан одақтасы бұрынғы премьер-министр Мишель Аюн премьер-министр Фоауад Синиораның үкіметін биліктен құлату үшін елде жаппай наразылық шараларын ұйымдастыруға дайындалып жатқан тұғын. Олар үкіметті АҚШ-пен одақтас болды деп айыптап, кабинетте шиит мұсылмандар жоқ болғандықтан үкімет заңсыз жұмыс істеп отыр дейді.
Ал осы аптада Фоуад Синиора үкіметке қарсы кез келген наразылық шарасы зорлық-зомбылыққа алып келуі мүмкін деп ескертті.
1943 жылы Франциядан жеке бөлініп шыққан Ливан елі бейсенбі күні Тәуелсіздік күнін тойлайды. Ливандық журналист Дэни Хуридің хабарлауынша, Бейрут тұрғындары бейберекеттік пен зорлық-зомбылық әрекеттері елдің Тәуелсіздік Күні қарсаңында өршіп кетуі мүмкін деп қорқады.
“Мен өзім де бейберекеттік пен зорлық-зомбылыққа байланысты алаңдап отырмын. Өйткені соңғы күндері әсіресе Тәуелсіздік Күні мен наразылық шаралары жақындап қалғандықтан көшелердегі жағдай шиеленісті болып тұр. Сондықтан біз қазір Хезболлаһ пен Мишель Аюнның баспасөз-хатшылары наразылық шаралары бола ма жоқ па сол туралы не дейді екен деп күтіп отырмыз”, – дейді Хури.
2005 жылы парламентке қайта сайланған христиан Жемаил Хариридің өлімінен кейін елде қастандық жасалған үшінші анти-сириялық тұлға.