Қазақстанның Әділет министрлігі елде жаңадан құрылған социал-демократиялық партияның құжаттарын тіркеу мерзімін уақытша тоқтатқаны белгілі болды. Өзін билікке оппозициялық ұстанымдағы партия деп жариялаған жаңа ұйымның басшылығы бұны саяси мақсатпен жасалып отыр деп санайды.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төралқа мүшесі Әміржан Қосанов сенбі «Азаттық» радиосына, өздерінің тіркеу мәселесі жайында қарашаның 23-күні әділет министрлігінен алған хаттың қысқаша мазмұнын былайша баяндап берді:
- Құжаттарды, тізімдегі азаматтардың қатарын тексеру үшін уақыт керек деген сылтаумен тіркеу мерзімі уақытша тоқтатылып отыр.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы елдің әділет министрлігінің тіркеу комитетіне құжаттары мен 127 мың адамның тізімін өткен айдың 22-күні тапсырған болатын. Қазақстанның қолданыстағы заңында тіркеу ісіне бір ай мерзім берілген. Алайда, сонымен бірге, әділет министрлігі қажет деп т апқан жағдайда қоғамдық ұйымдардың, соның ішінде саяси партиялардың тіркеу мерзімін осылайша тоқтата алатыны жөнінде де бап бар. Бірақ, бұл жолы оған саяси астар негіз болып отыр деп санайды партия өкілі Әміржан Қосанов:
- Жармахан Тұяқбай өз әріптестерімен құрып жатқан жаңа партияны тіркеу не тіркемеу туралы биліктің ең жоғары жағындағылар әлі түпкілікті шешімге келе алмай отыр, сондықтан осылайша тосқауыл жасалып жатыр.
«Азаттық» радиосы: - Ал сіздердің ендігі қадамдарыңыз, іс-әрекеттеріңіз қалай болмақ?
- Біз барлық облыстардағы өзіміздің ағарту жұмыстарымызды жалғастыра береміз. Өйткені, бізде қазіргі таңда 150 мыңнан астам адамның қолы жиналған. Сол себепті, қалай болғанда да, осыншама халықтың ерік-жігерін, ой-пікірін жоққа шығару мүмкін емес. Логикалық тұрғыдан болсын, мейлі заңды, мейлі саяси тұрғыдан болсын, бұл партия сөзсіз тіркеледі деп сенеміз. Сондықтан, біз өз жұмысымызды жалғастыра береміз.
Жаңа партияның тіркеу мәселесіне қатысты әділет министрлігінен «Азаттық» радиосы тыңдармандары үшін қандайда бір түсінік алуға тырысқанымызбен, оның сәті түспеді. Айтпақшы, тура осындай жайтты Қазақстанда бұған дейін билік шешімімен жабылған оппозициялық саяси партияның орнына жаңадан қайтадан құрылған «Алға» партиясы да басынан кешіп отыр.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға, былтыр елде өткен президент сайлауында, Қазақстанда соңғы 17 жыл бойы билік басында отырған Нұрсұлтан Назарбаевқа басты қарсылас ретінде бірлескен оппозициялық күштерден сайлауға түскен саясаткер, Парламент Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Жармахан Тұяқбай жетекшілік етеді. Ал президент Назарбаевтың саяси тірегі саналатын «Отан» партиясына биылғы жылдың шілде айынан бастап билікке жақын өзге 3 партия едел-жедел қосылуды бастады. Бақылаушылар бұны алдағы уақытта парламентке байланысты ықтимал өзгерістермен байланыстырады.
- Отан партиясының қатарын кеңейтіп жатқанына қарағанда, билік парламенттегі партиялық тізіммен сайланатын депутат санын көбейтуді көздеп отырған тәрізді. Бұл билікке, бір жағынан, парламенттегі өз адамдарының қатарын молайтуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, Ақ жол, Патриоттар партиясы секілді кейбір саяси ұйым өкілдерін де парламентке жіберу арқылы оппозициямен арадағы дүрдараздықты аздап болсын бәсеңдетуді көздейді. Бірақ, әрине, негізінен парламенттегі көпшілік орын Отан партиясының еншісінде болмақ, - дейді қазақстандық саясаттанушы Андрей Чеботарев.
Қазір Қазақстанда ресми түрде 12 партия тіркелген. Ал елдегі дауыс беруге құқы бар адамдардың саны 8 миллионды құрайды.