Қазақстандық экономистер Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына Ресейден кейін қабылдануы аймақтық сауда қатынастарына кері әсер етуі мүмкін деп есептейді. Ал Ресейдің Экономикалық даму жөніндегі министрі Герман Греф болса 2007 жылы Қазақстан мен Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымына бір уақытта қабылдануы мүмкін деп есептейді.
Ресейдің Экономикалық даму жөніндегі министрі Герман Греф қарашаның 21-күні Мәскеуде өткен брифингте Ресейдің ВТО-ға қабылдану процесі келесі жылдың ортасына таман аяқталуы мүмкін екендігін мәлімдеді. Сонымен бірге министр Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше-мемлекеттер санатында Ресеймен қатар Қазақстан және Украинаны көргісі келетіндігін атап өтті.
- Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жұмыстары басталған алғашқы күннен-ақ Ресей мен Қазақстан өзара ақпарат алмасып тұрды. Қазіргі таңда Қазақстанда ВТО-ға қосылу жұмыстарын атқаратын мықты топ жасақталған. Қазақстандық әріптестеріміз бұл салада өте қарқынды жұмыс істеп келеді. Менің пікірімше, Қазақстан мен Ресейдің ВТО-ға қабылдану мерзімдерінде алшақтық болмайды. Тіпті, Ресей, Қазақстан және Украина бір уақытта Дүниежүзілік сауда ұйымына қабылдануы мүмкін, - дейді Ресейдің Экономикалық даму жөніндегі министрі Герман Греф.
Қазақстандық сарапшылар да республиканың ВТО-ға көршілес мемлекеттермен бір уақытта қабылданғандығын қалайды. Мәселен, қазіргі таңда Қазақстанның жалпы сауда айланымының тең жарымы ВТО-ға мүше мемлекеттердің үлесіне тиесілі. Ал, Дүниежүзілік сауда ұйымына Ресей мен Украина бізден бұрын қабылданса, онда бұл көрсеткіш 90 пайызға дейін жетеді екен. Өйткені, Ресей мен Украина – Қазақстанның басты сауда әріптестері. Экономист Қанат Берентаевтың пікірінше, ВТО-ға қабылданарда Қазақстан мен Ресейге қойылар талаптың бірдей болғаны маңызды.
- Мен Қазақстанның көршілес мемлекеттермен ВТО-ға бірге кіргендігін қалаймын. Себебі, біздің экономикаларымыз тығыз байланысты және Ресей біздің басты сауда әріптесіміз. Бұл жерде Қазақстан мен Ресейдің ВТО-ға қатысты әрекеттері бірдей болғаны маңызды. Егер бұл мемлекеттер жеке-жеке қабылданатын болса, онда Қазақстан ұйымның бірқатар талаптары бойынша ұтылып қалуы мүмкін, - дейді экономист Қанат Берентаев. ТМД аумағындағы көршілес мемлекеттердің Дүниежүзілік сауда ұйымына бірге кіруін Ресей де қалап отыр. Ресей Федерациясы Экономикалық даму жөніндегі министрі Герман Грефтің айтуынша, бұл өзара сауда-саттықты дамытады.
- Ресей көршілес Қазақстан және Украинамен бір уақытта ВТО-ға қабылдануын қалайды. Егер бұл мақсат жүзеге асып жатса, онда аталған мемлекеттер арасында сауда саттықтың дамуына оң ықпал етер еді. Бұл жағдайда біз ВТО-ға мүше мемлекеттер ретінде аймақтық сауда қатынасты дамыту туралы жаңа келісімдерге барар едік, - деді Ресейдің Экономикалық даму жөніндегі министрі Герман Греф.
Қазақстандық экономист Қанат Берентаевтың пікірінше, Дүниежүзілік сауда ұйымына Ресейдің бірінші болып қабылдануы көршілес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың дамуына кедергі келтіруі мүмкін.
- Өйткені бұл мемлекеттер Біртұтас экономикалық кеңістік құруға келіскен болатын. Енді Ресей ВТО-ның құрамындағы мемлекет ретінде Еуразиялық экономикалық қауымдастық және Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы шарттарын ВТО тәртіптеріне сәйкестендіріп алуы керек болады. Сондықтан аймақтық ұйымдардың құрылымы да өзгеріске түсуі мүмкін, - дейді Қанат Берентаев.
Үкімет Қазақстанның ВТО-ға қабылдануы республика аумағында бәсекеге қабілетті экономикалық қарым-қатынастарды дамытады деп есептейді. Алайда бірқатар сарапшылар ВТО-ның тәртіптері Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен шағын және орта кәсіпке зиян тигізуі мүмкін екендігін айтуда. Бұл пікірлермен келіспейтін экономист Рахман Алшанов Қазақстанның ВТО-ға кіруінен айтарлықтай өзгеріс болмайды деп есептейді.
- Қазіргі таңда Қазақстанда 8 мыңдай шетелдік компания жұмыс істейді. Әлемнің ең ірі трансұлттық компанияларының барлығы дерлік Қазақстан нарығына кіріп, өз тауарларын сатып жатыр. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның ВТО-ға кіруі үлкен өзгерістер алып келмейді, - дейді экономист Рахман Алшанов.
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылдану жұмыстарын 1996 жылы қаңтарда бастады. Қазіргі таңда Қазақстан аталған ұйымға мүше 36 мемлекетпен келіссөздер жүргізіп жатыр. 1995 жылы құрылған Дүниежүзілік сауда ұйымына әлемнің 146 мемлекеті мүше.