Қазақстандағы жекешелендіру-инвестициялық қорлардың бір топ салымшысы 1993-ші жылдары алған купондарынан дивиденд талап етпек. Осы мақсатта олар бір қоғамдық ұйым аясында жұмыс істеп, содан кейін сотқа шағымдануға даяр. Бұл жөнінде қарашаның 29-күні Алматыда әр түрлі инвестициялық-жекешелендіру қорларының 5 салымшысы мәлімдеді.
Алматыдағы «Шаңырақ» ықшам ауданында тұратын Қорланның қолында 5 жекешелендіру-инвестициялық купоны сақталған . Ол бүгін содан дивиденд алғысы келеді:
- Шетелде қарап отырсаң, акциялар, бағалы қағаздар алады, купондар салады. Содан дивиденд алады ғой?! Сол сияқты бізде бұл купондары алдық қой. Анаған салдық, мынаған салдық. Содан кейін «анау банкрот болып қалды, мынау жабылып қалды» деп, бұл біраз уақыт ұмытылып қалды. Сосын бәріміздің салымыз суға кетіп, купондар әр жерде жатты. Дегенмен, кейбіреулер оларды лақтырып жіберсе де, кейбіреулері сақтап қойды. Сондықтан, қазір мына қоғамды дамыту және құқық институты осы мәселені көтеріп отырғанына өте қуаныштымыз! Егер адамдар купондарына дивиденд алып жатса, бұл деген жақсы ғой! Бұл бізді қоғам ұмытқан жоқ дегенді білдіреді.
Қазақстанда пайда болған ең алғашқы инвестициялық – «Новое поколение» қорының салымшысы Юрий Черванев дивиденд алатын уақытты 14 жыл күткенін айтады. Бірақ, бұл уақытта ол салымшы болған инвестициялық қордың ізі суып қалған.
- Бізге қор 5-6 жылдан кейін дивиденд аласыңдар деген. Міне, содан бері 14 жыл өтті, бұл істе ешқандай алға жылжу байқалмайды. Бірақ мен бір басылымдардан оқыдым, бұрын Қазақстанда 170 қор болса, қазір олардың 126-сы жұмыс істеп тұр екен. Солардан тек «Бутя-капитал» ғана 4-5 мың теңгеден салымшыларға берді. Қалғандары мүлдем үнсіз. Мен өзімнің қорымды адрес бойынша іздеп көрдім. Барсам, 5 қабатты үлкен үй екен. Ақыры, темір есікті тауып, «қор осында ма екен?» десем, «мұнда зейнеткерлер тұрады», дейді. Қорлардың бізден жасырынып жүргені анық!, - дейді Юрий Черванев.
Қазақстанда 1993-1995 жылдары мемлекеттік мүлікті жекешелендіруге қоғамды қатыстыру мақсатында купондық механизм енгізіліп, Қазақстан азаматтарының бәріне бірдей ақшалай номиналы жоқ 100 купоннан берілген болатын. Бұдан кейін купон иелері оларды инвестициялық-жекешелендіру қорларының акцияларына айырбастаған еді. Осы акциялар бойынша қорлар кейін дивиденд төлеуге уәде еткен. «Бірақ, содан бері қорлардан бір тиын пайда алмаған салымшылар бізге шағымданды» дейді Қоғамды дамыту және құқық институтының басшысы Татьяна Черняк.
- Қорлар әр түрлі. Осы тақырыпты бәрі үнемі көтереді, бірақ ешкім оны шешкісі келмейді. Бізге купондары бар көптеген азаматтар өтінішпен шықты. Олар сотқа шағым беріп, осы істі алып жүруге дайын. Сондықтан, біз оларға көмектескіміз келді, - дейді Татьяна Черняк.
Оның айтуынша, қазір бұл істі ұйымдастыру бағытында үш адамнан тұратын қоғамдық қор құрылып отыр. Сол қордың мүшесі Гүлжахан Қошқарбаева бұл қоғамдық ұйымның жұмысы тек Қазақстандағы басқа салымшылар белсенділік танытқан жағдайда ғана жүруі мүмкін деп санайды:
- Бұл тек Алматыда ғана болмайды, бүкіл Қазақстанның аймақтарына да әсер етеді. Біз бастама жасадық, егер біздің азаматтарымыз бізге қол қозса, онда біздің дұрыс жолда екенімізді білдіреді. Егер олар қолдамаса, жұмысымыз әрі қарай жүрмейді. Сол купондар жатты ғой. Енді үкіметке айтамыз: «адамдар осындай сұрақтар қойып жатыр, арыз жазамыз», деп.
Купондарынан дивиденд алуды көздеп, сол үшін сотқа шағымдануды жоспарлап отырған бұл салымшылар өздерінің ешқандай саяси немесе басқа мүддені көздеп отырмағандарын айтады. Дегенмен, оларды ұйымдастырушы топтың басшысы Татьяна Черняк өзінің оппозциялық бағыттағы «Нағыз Ақ жол» партиясы мүшесі екенін жасырмайды. Айта кету керек, «Нағыз Ақ жол» партиясының тең төрағасы Болат Әбілов кезінде басшылық еткен «Бутя» фирмасы құрылтайшысы болып есептелетін инвестициялық-жекешелендіру қорлардың бірі - «Бутя-капиталға» қатысты сот ісі басталуға жақын. Бұл іске 767 салымшы-акционердің арызы кірістірілген. Дегенмен, «Бутя-капитал» - бүгінгі күнге дейін Қазақстандағы 170 қордың арасында салымшыларына қандай да бір қаржы төлеген жалғыз қор. Басқа жекешелендіру қорлары да сол үлгісімен салымшыларымен есеп айырысуы керек деп есептейді парламент депутаты Ерасыл Әбілқасымов:
- 100-ден астам қор бір тиын берген жоқ! Елдің үйінде қағаздары бар. Олар кезінде соның арқасында мемлекеттің дүние-мүліктерін, зауыт-фабрикаларды алып алды. Кезінде рентабельдік төмен болып, қайтара алмаса, енді міндетті түрде дивиденд төлеуі керек! Егер төлемесе, оларға қарсы іс қозғап, жауапқа тарту керек!
Ресми деректер бойынша, жекешелендіру саясаты кезінде Қазақстанда халыққа 1846 миллион купон таратылған. Қазақстан тұрғындары оларды 1995-ші жылдың қыркүйек айына дейін инвестициялық қорларға салулары керек болған. Сол уақытқа дейін купондардың 65 пайызы қорларға түсіп үлгерген.