Дүйсенбі күні Брюссельде өткен жиынында Еуроодақ сыртқы істер министрлері Түркияның одаққа мүше болуына қатысты келіссөздерді жарым-жартылай тоқтатуға келісті. Себебі Анкара Еуроодаққа мүше ел Кипрды мойындағысы келмей, оған өзінің су бекеттерін ашу міндеттемесінен бас тартып отыр. Ирландия сыртқы істер министрі Дермот Ахерннің мәлімдеуінше, одақтың 25 министрі келіссөздегі 35 саланың 8-н тоқтатуға келіскен. Бұл мәселе апта соңында өтетін Еуропа Одағы мемлекет басшыларының екі күндік кездесуінде де сөз болмақ. «Азаттық» радиосының тілшісі Джеффри Донован таяуда Түркияның ең ірі қаласы Станбұлда болып, Түркияның Еуроодаққа мүше болмақ ниеті жөнінде сондағы қарапайым түрік азаматтарының пікірін білуге тырысқан еді.
Бір жағы Еуропада, бір жағы Азияда тұрған Станбұл екі әлемді жалғап тұрғандай. Ал екі арада қатынайтын кеме-паромдар сізді Еуропа жағынан Азияға, қаласаңыз керісінше Азиядан Еуропа жағына бар болғаны сегіз минөтте өткеріп салады.
Осы кеме-паромдарда күнделікті Еуропа мен Азия арасында қатынап жүретін қарапайым түрік заматтары өз елінің болашағы қайда деп біледі екен – Еуропа да ма, әлде Азияда ма?
Жұмысына асығып бара жатқан Тансу былай дейді:
"Ашығын айтсам, біздің Еуропа Одағыны қосылуымызды онша қаламаймын. Өйткені, бізге қойып отырған талаптары, меніңше, тым ауыр. Меніңше, Еуроодақтың орнына Түркияның басқа түрік мемлекеттерімен бас қосып одақ құруы, немесе Исламдық одақ құруы түрік елі үшін әлдеқайда жақсы болар еді".
Станбұлдық Фенербахче футбол тобының жанкүйері Енер де бұл пікірмен келісетінін айтады:
"Еуропа Одағына біз кіре алмаймыз. Олар бізді қабыл алмайды. Біз де қосылғымыз келмейді. Фенербахче ең мықты!"
Алайда университет студенті Гөкчен Еуроодаққа қосылу мәселесіне орай басқа көзқарасты ұстанатынын жасырмайды. Шыдамдылық және бірте-бірте жүзеге асырылатын қадамдар арқылы Түркия Еуропа Одағына қосылуы әбден мүмкін, дейді ол.
"Әлбетте Түркия үшін Еуропа Одағына қосылу, Еуропа Одағында болу тамаша болар еді. Иншалла, бірте-бірте ілгері жылжып келеміз. Біраз уақыт керек".
68 жасар Станбұл тұрғыны Нағме Баш болса, күндердің күнінде өз елінің Еуроодаққа қосылатынына сенеді. Алайда әзірге Еуропадағы халық пікірі Түркияның одаққа қосылуына бөгет болып тұр дейді ол.
"Үлкен проблемалар тұр – Армения проблемасы, күрдтер мәселесі, Эгей Теңізі, Кипр мәселесі. Күнде біреуі шығады. "Мынаны қалаймыз," "мынаны жасаңдар" деп талап етіп жатады".
Жағадан былай қарай шығып, қалаға бойлай кірсеңіз, Еуропа мен Азияны жалғап тұрған көптеген тарихи куәліктерді көресіз. Османлы дәуіріндегі "Көк Мешіт" – Сұлтан Ахмет пен кезінде Шығыс Християндықтың ордасы болған Айя София. Батыстың барлық талаптарына сай келетін қаржы орталығы мен орта ғасырлық белгілерін сақтап қалған ұлы базар – Қапалы Чаршы да осы бір қаланың ішінде үйлесімді орын тапқан. Еуропа кәсіпкерлері қаржы орталығына қызығушылық танытса, Еуропадан келген туристтер базар аралауға әуес. Базардағы саудагерлер батыстың тілін еркін игеріп алған. Алайда базардағы ағылшын әуезінен азанға шақырған дауыс басым түседі. Қалай болғанда да, бұл Азия, мұсылман әлемі – кей Еуропалықтардың пікірінше, дәл осы себептен де Түркияны Еуроодаққа жіберуге болмайды.
Алайда саясаткерлер өз ісін істеуде. Түркияны одаққа алу мәселесіне орай ұзақ уақыт бойы келіссөз жүргізіп келген Еуропалық саясаткерлер Түркияның Кипрге өз су бекеттерін ашпауына байланысты келіссөздерді жарым-жартылай тоқтатып тастады. Алайда Түрік жетекшілігі Еуроодақта болу арманынан оңайлықпен бас тартпайтынға ұқсайды.