Сәрсенбі күні жарық көрген республикалық басылымдарда Қазақстандағы шетелдік және жергілікті мамандар жалақыларының арасында айырмашылық жайы талқыланады. Сондай-ақ, мәселен, жалақының аз болуы және техникалық қауіпсіздік мәселесі дұрыс жолға қойлымағандықтан, "Миттал Стил Теміртау" компаниясының 700-ге жуық жұмысшысының Ресейге жұмыс іздеп кетіп жатқандығы сөз болады.
«Алтын орда» газеті Теңіз кенішінде қазақстандық және шетелдік жұмысшылар арасында болған төбелестің мән-жайын анықтауға Қазақстан үкімет енді ғана көңіл аудара бастады деп хабарлайды. Атырау облысының прокуроры Рахымбек Мамырбаев газет бетінде аталған оқиғаға орай «шетелдік компаниялар тарапынан көптеген заңсыздықтарға жол берілген. Яғни, жұмысшы құқы аяққа тапталып, жалақы төлеуде әділетсіздік орын алғандығын айтқан. Сондықтан, «осы мәселені анықтап, оған заң жүзінде тойтарыс береміз» деп мәлімдеген Атырау облыстық прокуроры «Алтын орда» газетінде. «Шындығында, мұндай жағдай күні бүгінге дейін жалғасып келген еді», - дейді «Алтын орда» газеті. «Мәселен, соңғы тексеруде Атырау облысында 199 шетелдіктердің заңсыз жүргені анықталды. «Сенімді құрылыс» компаниясынан өзге, түріктік және бір компания – «ГАТЕ Иншаатта» берекетсіздіктер тіпті көп екен. Ал бұл бүгінгі күнге дейін неге белгілі болмаған? Ол үшін Теңізден төбелес шығуы міндетті ме еді?» деп жазады «Алтын орда» газеті.
«Атырауда болған оқиғадан кейін шетелдік мамандарды Қазақстанға әкелудің дұрыс-бұрыстығы туралы мәселе барыншы өткір тұр» деп есептейді «Известия» газетінің «Қазақстан» қосымшасы. Осы ретте газет тілшісінің сауалдарына жауап берген «Қазмұнайгаз» компаниясының мамандарды басқару басқарама бастығы Раушан Раисханова «бүгінгі күні тең жағдайда жұмыс беруші біліктілігі сертификат арқылы расталған шетелдік маманға ықылас танытатындығын» мойындайды. «Бұған қарсыласу қиын, себебі, сылақшыдан бастап топ-менеджерге дейін барлығына қатысты халықаралық заңнаманың талабы сондай», - дейді «Известия» газетінің Қазақстан қосымшасы.
Ал «Литер» газеті қазақстандық метталургтердің жұмыс іздеп Ресейге кетіп жатқанын хабарлайды. «Жақында ғана «Миттал Стилл Теміртау» кәсіпорнының жұмысшылары жалақы көтеруді талап етіп митингіге шығатын. Енді одан олар жалыққан. Қаржылық тығырықтан шығу үшін 700-ге жуық жұмысшы жұмыс орнын ғана емес, тұратын жерлерін де түбейгелі ауыстырмақ», - деп жазады «Литер» газеті. «Егер ресейлік сатып алушылар былтыр ондаған қазақстандық жұмысшыны әкетсе, биыл олардың саны бірнеше жүзге жетіп отыр. Бұдан көңілсіз түйін шығаруға болады: адамдар жағдайларының жақсаратынына сенбейді, техникалық қауіпсіздік деңгейінің нашарлығынан опат болу қауіпін ойлап әбден шаршаған», - дейді газет тілшісі. Егер былтырғы жылы ресейліктердің жалақы төлеу қоры 27 пайызға артса, «Миттал Стил» керісінше, қызметкерлерін үстемақы мен сыйақылардан айырып отыр», - дейді «Литер» газеті.
«Аргументы и факты» басылымының Қазақстандық қосымшасы Қазақстандағы ірі қалалардың бірі - Алматы қаласында тұрғын үй бағасы ептеп түскендігін айтады. «Құн индексі 58,91 долларға азайған. Бұл 2,21 пайызға сәйкес келеді», - дейді басылым. Газеттің болжамынша, қазіргідей баға өсімі қарқынында қаладағы тұрғын үйдің әр шаршы метрінің бағасы 2007-ші жылдың ақпан айында 2 мың 500 доллар болмақ.
«Айқын» газеті 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде біраз жұмыстың атқарылғанымен, осындай қысқа мерзімде баспанаға зәру бүкіл жанды қамтып үлгеру мүмкін еместігіне тоқталады. «Сондықтан да, сарапшылар бұл бағдарлама әлі кемінде 20 жылға дейін жалғасын табатынын айтады .Әрі нарық заңына сәйкес тұрғын үй бағасы да реттеліп отырады. Тұрғын үйдің нарықтық бағасы 100 долларға түсіп кетсе, бағаны 350 доллар етіп ұстап тұру ақылға сыймайтыны рас», - дейді «Айқын» газетінің тілшісі.