Қазақстан Үкіметі республика аумағындағы табиғи қазба байлақтарды игеруші ірі компаниялардың қаржылық есептерін тереңірек тексеруді қолға алды, деп хабарлады «Азаттық» радиосына Қаржы министрлігінің Табиғи қазба байлықты өндірушілермен жұмыс бөлімінің бастығы Дәулет Ерғожин. Оның пікірінше, бұл процесс Қазақстандағы инвестициялық ақуалға кері әсер етпеуі тиіс. Алайда бірқатар сарапшылар Қазақстан Үкіметі инвесторларға қатысты жаңа кампания бастады дегенді айтуда.
Осы жылдың қазан айында ҚР Қаржы министрлігінің жанынан республиканың табиғи кен байлықтарын игеруші компанияларды бақылайтын арнайы бөлім құрылып, қазірдің өзінде Қазақстандағы үш кәсіпорынды тексеруге кірісіп кетті, дейді «Азаттық» радиосына Табиғи қазба байлықтарын өндірушілермен жұмыс бөлімінің бастығы Дәулет Ерғожин.
- Мақсат – табиғи қазба байлықтарды игеруші кәсіпорындардың өз төлемдерін жоспарлы түрде жүргізуін қадағалау. Тексерулер Қазақстандағы тау-кен өндірісі мен мұнай саласындағы компанияларда жүргізіледі. Мұнда, әсіресе, салық және басқа да төлемдердің өтелу жағдайына ерекше мән беріледі. Яғни, біз табиғи кен байлықтарды игеруге қатысты келісімнің орындалу барысын бақылаймыз.
Экономист Нәдір Нәдіровтың пікірінше, қазба байлықтарды игеру саласында болып жатқан өзгерістер Қазақстан басшылығының инвесторларға қатысты жаңа саясаттың басталғандығын білдірсе керек.
- Шетел инфестициясының Қазақстанға келуі үшін көп нәрсе жасап келсек, қазір олардың өздері ұмтылып отыр. Соған байланысты мемлекет шетелдік кәсіпкерлердің қызметін бақылауда ұстауы тиіс. Бақылау бар болса салық та уақытында төленіп, қаржы көбейеді. Ал мемлекет ақшаның қайда кетіп жатқандығын біліп отырады, - дейді Нәдір Нәдіров.
Табиғи кен байлықтарын игерушілермен жұмыс бөлімінің бастығы Дәулет Ерғожиннің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 400-ден астам табиғи қазба байлықтарды өндіретін компаниялар бар. Арнайы құрылған бөлім соның 32-сінде тексеру жүргізеді. Бөлімнің жұмысына қатысты бес жылдық жоспар жасалынған. Яғни, белгіленген тәртіпке сәйкес алдағы жылдары басқа да компаниялар тексеруден өтетін болады. Ал бірінші кезекте тексерілетін компаниялардың арасында ұлттық «ҚазМұнайГаз», халықаралық «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» секілді мұнай өндіруші кәсіпорындар да бар, дейді Дәулет Ерғожин.
- Бұл жұмыстар заң аясында жүргізіледі. Біз республиканың экономикалық мүддесі сақталуы үшін Қазақстан заңдарының барлық тетіктерін пайдалануға тырысамыз. Алайда бұл компанияларға тікелей қысым көрсету дегенді білдірмесе керек. Өйткені, біз Қазақстандағы инвестицияға жайлы ақуал мен экономикалық тұрақтылығының сақталуы тұрғысында жұмыс істейміз. Ал егер компаниялар қазба байлықтарды игеру жөніндегі келісім шарттарын орындамағаны анықталса, біз оны заң бұзушылыққа жатқызамыз. Бұл жерде мұндай келісімдерді қайта қарастыру туралы сөз болып отырған жоқ.
Ал экономист Рахман Алшановтың пікірінше, қазба байлықтарды игеруші компанияларға бақылауды күшейту кезінде Үкімет пен ірі компаниялар арасында әртүрлі мүдде қайшылықтары туындауы мүмкін. Алайда бақылауды күшейтудің өзі Қазақстан үшін пайдалы болады, дейді экономист.
- Шетелдік компаниялардың көбімен келісім шартқа отырған кезде пайданың 80 пайызы Қазақстанға түседі деген бап қолданылады. Ал кәсіпкер өндірілген байлықтың бағасын төмендетіп көрсететін болса, Қазақстанға түсетін табыс та аз болады. Қазіргі таңда мұнай саласындағы кәсіпорындар бізден үш есе көп табыс көріп отыр деген пікір басым. Яғни шикізат тасымалы кезінде араға түсетін делдалдар бағаны төмендетіп көрсетуі мүмкін.
Дәулет Ерғожин қазба байлықтарды игеретін компанияларда жүргізіліп жатқан тексерулердің заң жағынан ешқандай ерекшелігі жоқ екендігін айтады. Тек, тексерудің әдісі ғана өзгергелі отыр, дейді ол.
- Яғни, біздің тексерулер бұрынғыдан гөрі кеңірек жүргізілетін болады. Бұл жағдайда әлемде соңғы жылдары көп қолданылып жүрген тәсілдерге жүгінеміз. Сонымен бірге, бұл процеске халықаралық консалтингілік компаниялар тартылатын болады. Соған байланысты біз қазіргі таңда мүдделер қайшылығын тудырмайтын осындай компанияларды іздестіріп жатырмыз, - дейді Дәулет Ерғожин.
Экономист Рахман Алшановтың пікірінше, қазіргі таңда Қазақстандық компаниялардың өзі шетелдік компаниялардың орнын басуға мүдделілік танытып келеді.
- Дүние жүзінде Қазақстанда өндірілетін барлық шикізатқа баға өсіп келе жатыр. Сонымен қатар, отандық инвесторлар саны көбейді. Лондондағы қаржы биржасында қазақстандық компаниялардың акциясы аспандап тұр. Бізде шикізат бар, ол дүние жүзіне қажет. Сондықтан, Қазақстанның ұстанымы бұл жерде мықты. Респубоикадан бір кәсіпкер кететін болса оның орнынан жүз компания дайын тұр деп айтуға болады, - дейді Рахман Алшанов.
Қазіргі таңда «Мұнай туралы» және «Табиғи қазба байлықтар мен оны өндірушілер туралы» екі құжатқа өзгертулер енгізуді көздейтін заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Заң жобасын дайындаушылардың айтуынша, бұл құжаттар қазба байлықтар өндірісінің көпшілікке ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында дайындалған. Сонымен қатар, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 15 жылдығына арналған мерекелік жиында Қазақстанның энергетикалық саясатын дамыту қажеттігін атап көрсеткен еді.