Еуропа Одағына төрағалық ететін келесі ел - Германияның Орта Азия елдері, Қара теңіз аймағы және Ресеймен қарым-қатынасы басым бағыттарының бірі болмақ. Сейсенбі күні Брюссельде сөйлеген сөзінде, Германияның сыртқы істер министрі Франк Уолтер Штайнмайер өз елінің 1-ші қаңтардан бастап, Еуропа Одағына төрағалық жасайтын алты ай ішіндегі жоспарымен қысқаша таныстырып өтті. Оның айтуынша, Германия өз уақытысын Орта Азия үшін Еуро Одақтың жаңа стратегиясын дайындауға пайдаланады. Және сондай-ақ, Германия Ресеймен жаңа әріптестік келісіміне қол жеткізу үшін жұмыс жасайды дей келе Германия сыртқы істер министрі, Берлин 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Еуро одаққа мүшелікке өтетін Румыния мен Болгариядан кейін одақтың тікелей көршілеріне айналатын Қара теңіз аймағындағы елдермен жақын байланыс құрады деді.
Еуропа Одағының ендігі төрағалығын алатын Германия одақтың назарын Шығысқа аудармақшы. Әрине, Германия Еуро Одақтың әдеттегі сыртқы саясатындағы басты назарын Таяу Шығыс, Балқан елдері мен Түркия бойынша ұстап қалады. Ол туралы Германия сыртқы істер министрі Франк Уолтер Штайнмайер сейсенбі күні Брюссельдегі өз жоспарлары туралы баяндамасында айтып өтті. Бірақ, Орта Азия, Ресей және Қара теңіз аймағын Еуро Одақтың негізгі мәселелері қатарына көтеру одақтың таяу болашақтағы тарихында бірінші рет болып отыр. Штайнмайер Германияның бұл үш сала бойынша нақты нәтижеге қол жеткізуге тырысатынын айтты. Мәселен, Берлин Орта Азиямен Еуро Одақтың жан-жақты жаңа стратегиясын дамытқысы әрі бұл аймақтағы одақтың айтарлықтай ролін арттырғысы келеді.
“Ханымдар мен мырзалар, бұл аймақта, мен байқап отырғандай, Ресей мен Қытай шекарасымен тікелей көрші орналасқанына қарамастан, екі бірдей үлкен көршінің монополиялау тілегі орындалмай отыр. Ол аймақтағы көбісі Еуропаға қарайлап, бұл Орта Азия аймағына Еуропа қызығушылық танытады деп күтеді” - деді Германия сыртқы істер министрі Штайнмайер.
Сөйтіп, ол Еуропа Одағының не себепті Орталық Азияға стратегиялық қызығушылық танытады дегенге үш себеп келтірді. Біріншісі, бұл өңір тұрақсыздық болып отырған Ауғаныстан, Пәкістан және Иран елдерімен тікелей көршілес аймақ. Екіншіден, Орталық Азия ислам фундаментализмі күшейген аймақ, үшіншіден - Еуропаның бұл аймақтағы мүддесі энергия көзінде жатыр деген Еуро одақтың алдағы төрағалығын алушы ел -Германияның сыртқы істер министрі.
Франк Уолтер Штайнмайер бұл аймақтағы көптеген елде заң мен демократияның енді ғана жолға қойыла бастағанын мойындағанымен, Одақтың Орта Азиямен байланысындағы негізгі мәселелерді жоғарыдағыдай ғана атап өтті. Ол сонымен қатар, Болгария мен Румынияның жаңа жылдан бастап Одаққа ену жағдайында Қара теңіз аймағының да маңыздылығы арта түскеніне тоқталды. Бұл жерде Румыния Еуропа Одағының мүшесі ретінде, Одақтың бағдарламасы бойынша Молдоваға үлкен ерекшелік беруге тырысады делініп отыр. Украина да, Грузия мен басқа Кавказ елдері де Еуропа Одағының назарын қажет етеді. Брюссельдегі ресмилер бұл аймақпен көбірек байланыс құруды жоспарлайды деген.
Германияның шығыстағы үшініші басым бағыты- Ресей болып отыр. Қараша айында Хельсинкиде өткен саммитте жаңа әріптестік келісімін құру жолындағы келіссөздер жүргізу үміті болған еді, ол сауда дауына байланысты Польшаның вето қоюымен жүзеге аспады.
Германия сыртқы істер министрі кеше Еуро Одақтың әлі де Польшамен бірауыздылықта қала бергенімен, Берлин бұл тұрғыда бар назарын үлкенірек мәселеге аударады деді.
“Ресейдің заңдары мен демократиясын жолға қойып, Еуропалық маңызды жүйемен жақынырақ болуды қарастырғаны Еуропаның мүддесіндегі мәселе. Сондықтан менің пікірімше, Ресеймен келіссөздер шеңберін кеңейту қажет және біздің байланыстарымызды жаңадан аяғынан тұрғызу керек” деген Германия сыртқы істер министрі өзінің бүгін яғни желтоқсанның 20-сында Мәскеуге баратынын айтқан еді.
Сыртқы саясаттағы тағы бір маңызды мәселелерінің бірі ретінде, Штайнмайер Германия алдағы уақытта жақында жартылай тоқтап қалған Түркияның одаққа қабылдану жөніндегі келіссөздерін кемінде жаңа екі келіссөз бөлімімен ашуға үміт артып отырғанын айтты.
Германия сонымен қатар 2007 жылдың 21-ші қаңтарындағы Сербияның сайлауларынан кейін, Косованың мәртебесін анықтау жөніндегі келіссөздерге төрағалық етеді.