Желтоқсанның 15-і күні Алматыда ұсталған "Азаттық" радиосының тілшісі Азамат Жетпісбаев сәрсенбі күні алғаш рет адвокатымен кездесуге мүмкіндік алды. Ол өзінің жазбаша берген түсіндірмесінде өзіне Қылмыстық кодекстің 177-ші бабы бойынша күдік келтірліп отырғанын, жақын уақытта өзіне іздеу жариялаған республикалық қаржы полициясы Астанаға әкететінін айтқан. Ал бұл уақытта жастардың "Қаһар", "Социалистік қарсылық" жастар ұйымдары журналист Азамат Жетпісбаевты жедел босатуды сұрап президент пен халықаралық ұйымдарға петиция жариялап отыр.
Алдыңғы аптада Алматыға халықаралық конференцияға жеке тұлға ретінде қатысуға келген «Азаттық» радиосының Бішкектегі тілшісі Азамат Жетпісбаев желтоқсанның 15-і күні ұсталған болатын. Содан бері оны қамауға алған құқық қорғау орындары мейрам күндері екендігін алға тартып, Жетпісбаев жайлы қандай да бір мәлімет беруден бас тартып келген. Тек желтоқсанның 20-сы күні Азамат Жетпісбаевтың адвокатымен кездесуіне мүмкіндік алғанын хабарлады «Алға» партиясының Алматыдағы филиал басшысы Әлихан Рамазанов:
- Азамат Жетпісбаев Сейфуллин-Маметова көшелері қиылысындағы тергеу изоляторында жатыр. Адвокат бүгін кірді, Азаматтан жауап келді. Бұл жақта ешқандай тергеу болмайды. Қылмыстық іс Астанада жатыр. Сондықтан, 22-сінен бастап Азаматты Астанаға апару керек. Сол жерде тергеу жұмысы 4 айдай болады дейді.
Ал Азамат Жетпісбаевтың өзі қазіргі жағдайын былайша баяндаған:
- 20-шы желтоқсанда маған адвокат келіп жолықты. Ұсталған күннен бүгінге дейін тергеу органдарына ешқандай талап, арызым жоқ. Ешкім ұрып-соққан жоқ. Маған Қылмыстық Кодекстің 177-2 бабы бойынша айып тағып жатыр. Мені ұстаған себебін олар былай деп түсіндірді: мені Астанадағы қаржы полициясы іздеу жариялаған екен. Енді мені жақын арада Астанаға финполиция әкетеді.
Сәрсенбі күні «Қаһар», «Социалистік қарсылық» жастар қоғамдық ұйым өкілдері Азамат Жетпісбаевқа өздерінің сәлемдемелерін жеткізу үшін Алматыдағы тергеу изоляторына барған. Бірақ онымен кездесу былай тұрсын, өздеріміз қамауға алына жаздадық дейді «Қахар» жастар ұйымы жетекшілерінің бірі Бақытжан Төреғожина.
- Азамат жалпы қамау камерасында емес, іздеу салынғандар жататын жерде екен. Біздің сәлемдемемізді алған жоқ. Бізге «ол жақын күндері Астанаға жөнелтіледі, сондықтан, «конвойды» күтудеміз» деді. Біз олардың жауабын жазып алмақшы болғанымызда, олар күзетшілерді шақырып, өзімізді ұстап ала жаздады, - дейді «Қаһар» ұйымы жетекшілерінің бірі Бақытжан Төреғожина.
Ол өздерінің Азамат Жетпісбаевқа қатысты Қазақстан президенті мен халықаралық ұйымдарға арнап петиция жарияланғандарын жеткізді:
«Біз бұл тұтқындауды жалпы елдегі саяси еркіндік пен тәуелсіз қоғамдық ұйымдарға жасалған шабуыл аясында қарастырамыз. Біз жастар ұйымының басшыларын тұтқындау тәжірибесіне өз наразылығымызды білдіреміз. Сондықтан, біз құқық қорғау орындарынан Азамат Жетпісбаевты қудалауды доғарып, оны жедел босатуды талап етеміз. Сондықтан, барлық адам құқығын қорғайтын ұйымдардан, саяси партиялардан, мәжіліс депутаттарынан, оппозция қайраткерлерінен Азамат Жетпісбаевты босату науқанын қолдауға шақырамыз!» дейді «Қахар» жастар ұйымы жеткшілерінің бірі Бақытжан Төреғожина.
Бұған дейін Азамат Жетпісбаевтың босатылуын талап етіп «Журналистер апатта» қоғамдық ұйымы мәлімдеме таратқан. Ал желтоқсанның 20-сы күні Республикалық қаржы полициясы баспасөз қызметіне хабарласқанымызбен, түсіндірме алу мүмкін болмады. 22-жастағы Азамат Жетпісбаев биылғы жылдың тамыз айынан бері «Азаттық» радиосы Қазақ қызметінің Бішкектегі тілшісі болып жұмыс істеді. Ол оған дейін екі жыл бұрын Астана қаласындағы жастар қозғалысының белсендісі ретінде танылған Махамбет Әбжанмен бірге Қазақстанның Отаншыл жастар одағы ұйымын құрған. Бұл ұйым Қазақстанда демократиялық бағыттағы саяси реформалар жүргізуді мақсат тұтқан еді.