Сапармұрад Ниязовтың әкесі Атамұрад 2-дүниежүзілік соғысы кезінде 1942-жылы Қапқаздағы шайқастарда қаза тапқан. Анасы Ғұрбансолтан және екі ағасы 1948-жылғы зілзалада құрбан болған.
Ал Сапармұраттың өзі жетім балалар үйінде өсіпті. С.Ниязов 1962 жылы советтік компартия қатарына кіреді. 1967-жылы ол кездегі Ленинград политехникалық институтын тамамдайды. Мәскеуде Компартияның орталық комитетінде біршама уақыт инструктор қызметінде болғаннан кейін сол 1985 жылы С.Ниязов Түркімен ССР-інің министрлер кеңесінің төрағасы және республика компатиясының 1-хатшысы қызметіне отырады.
Американдық талдаушы Д.Киммидждің айтуынша, С.Ниязовтың коммунистін идеяға жүрекпен берілгендігі соншалық, 90-жылдары ол кездегі советтік басшы М.Горбачевтің жариялылық және реформа жөніндегі бастамасына да салқын мінез танытыпты. Ал, 1991-жылғы тамыздағы төңкерістік әрекеті кезінде С.Ниязов сол путчистерді қолдап шыққан.
Дегенмен, одақ құлағаннан кейін, 1991-жылы қазанның 27-сінде Түркіменстан тәуелсіздігі жарияланып, Ниязов президенттік таққа отырып алғаннан кейін, 92-жылғы алғашқы және соңғы сайлауда, өзі жеке дара қатысып, елбасшылығын мықтап бекітіп алды. Содан бір жыл өтпей жатып, барлық түркімендердің басшысы - Түркменбашы атанды, ал 1999-жылы парламент шешімімен өмірбақи президент деп жарияланды.
Ал, одан 9 жыл бұрын, 1990 жылы Жоғарғы Кеңес төрағасы және алғашқы президент деп жарияланған кезде С.Ниязов:
- Қадірлі депутаттар, менің қымбатты отандастырым, мен еліме, советтік социялистік республикама қызмет етуге уәде етемін. Конституцияны, аумақтық біртұтастықты, азаматтардың құқығын, бостандығын қорғауға уәде беремін, - деген болатын.
Бірақ көп өтпей-ақ, сол С. Ниязовтың жетекшілік беталысы күрт өзгерді. 2004-жылғы үкіметтік бір мәжілісте С.Ниязов:
- Біз банктерді, радио, теледидарды қатаң бақылауға алуымыз керек. Шыбынның ұшқанын да көзден таса қалдырмауымыз лазым, деген бұйрық сөзін айтты.
Ал одан бұрын Сапармұрат Ниязов өз мемлекетін бейтарап ел деп жариялаған болатын. Қауіпсіздік қызметінің күшімен өзгешелеү саяси пікір айтатындардың бәрін жау деп жариялап қызметтен алуға, түрмеге жапты. Өзін қолдап, қолпаштап оны көкке көтеретіндерге кең жол ашып, жеке басының мадақталуына мүмкіндік беріп қойды. Күнделікті БАҚ ндағы мақтау-мадақтау хабарлары, түрлі ғимарат, кеңселердегі оның сан жетпейтін портреттік бейнелерін айтпағанда, түркімен қаласынан бастап, даласына дейін оның ескерткіштері қаптатылды. Рухнама деген кітабын жазып оның Қасиетті құран қатарына қойып, мектептегі баладан бастап, зейнеттегі шал-кемпірге дейін оны оқып үйрену Түркіменстандағы мәжбүри қағидаға айналды.
С.Ниязов қол астындағы ресми қызметкерлердің, министрлердің бәрін дерлік, бүкіл ел алдында қаралап, бірер айып тағып жүйелі түрде, қызметінен алып тұрды. Бас министрі орынбасары Шихмұрадовты қылмыскер деп атап 25 жылға түрмеге жапты. Ал оған үкім шығаруда қатысқан бас прокурор Құрбанбиби Атажанованың өзі де кейіннен абақтыдан орын тапты.
Бұл орайда Париждегі Шегарасыз репортерлар ұйымынан Елса Видал ханым:
- Президент Ниязов елдегі адам құқының аяқ тапталуына тікелей жауапты басшы. Ол баспасөз бостандығын жер қылған әлемдегі ел жетекшілері тізімінің басында болды. Сондықтан, Түркіменстан баспасөз еркіндігі бойынша бүкіл әлемдегі ең нашар екінші мемлекет қатарында келді. Бұл ел осы кезге дейін әлемге жабық оқшауланған мемлекет қалпында қалып отыр, деді.
Бес млн. түркімен халқының әлемнен бөлек саяси, экономикалық ерекше жағдайда өмір сүріп жатқандығынан халықаралық қауымдастық жақсы хабардар.
Бір ғана мысал, жуырда «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының Түркімен қызметі тілшісі, бірнеше баланың анасы Оғулсапар Мұрадова ханым Ашғабат түрмесінде белгісіз жағдайда қайтыс болды. Марқұмның денесіндегі таяқ іздері айқын байқалғанымен, ол журналистің өлімі жөнінде Түркіменстандық ресми орындардан кезінде ешқандай анық, сенімді дерек мәлімет берілмеді.