Желтоқсанның 21-күні Алматыдағы Бостандық аудандық сотында журналист Қазиз Тоғызбаевқа қатысты соттың екінші отырысы өтті. «Азат» газетінің тілшісі Қазиз Тоғызбаев «Президенттің ар-намысына нұқсан келтірген» деген күдікпен сотқа тартылып отыр. Бұл жолғы сот отырысында журналистке қарсы шағым түсірген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушісі мен анықтаушысынан жауап алынды.
Осыдан бір ай бұрын, яғни, қарашаның 23-күні басталған сот отырысында Қылмыс Кодексінің 318-ші бабының 2-ші тармағы бойынша «Президенттің ар-намысына тиген деген» күдікпен сотқа тартылған Қазиз Тоғызбаевтың өзінен жауап алынған болса, бұл жолы сот залына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің журналистке қарсы шағым түсірушілері шақырылды. Олардан жауап алу керектігін Тоғызбаевтың жақтаушылары алғашқы отырысында талап етіп, сот айыпталушы жақтың ұсыныстарын қабыл көрген еді.
Бұл жолғы отырыста Тоғызбаевтың адвокаты Мұстахим Төлеев «Журналистер апатта» ұйымның төрағасы Розлана Таукинаны айыпталушының тағы бір қоғамдық жақтаушысы ретінде таныстырды. Сонымен қатар, тіркелмеген «Алға» партиясының төрағасы Асылбек Қожахмет және «Әділ сөз» халықаралық қорының төрайымы Тамара Калеева да алғашқы сот отырысынан бастап Тоғызбаевтың қоғамдық жақтаушылары болып жүргені бар.
Сөйтіп, айыпталушылардың сұрауы бойынша, Тоғызбаевтің ісіне қатысты тергеу ісіне қатысқандардың бірі – Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі жедел істер жөніндегі уәкіл Мамедгасанов мырза сот алдына шықты. Тіркелмеген «Алға» партиясының төрағасы Асылбек Қожахметтің айтуынша, комитет өкілдерінің сотқа бекер шақыртылып отырған жоқ.
- Қылмыстық-процесуалдық кодексінің 242-бабында сараптама жұмысын тергеуші жүргізетіндігі айталған. Алайда Тоғызбаевтың ісіне негіз болып отырған екі сараптама да тергеушінің емес, жедел істер жөніндегі уәкілінің қатысуымен жасалынғаны анықталып отыр. Алайда бұл кісілер істеген әрекеті заңның аясында жасалғандығын айтып жатыр. Шын мәнінде олар заңды өрескел бұзды, - дейді тіркелмеген «Алға» партиясының төрағасы Асылбек Қожахмет.
Соған байланысты Қазиз Тоғызбаевтың жақтаушылары филологиялық-психологиялық сараптаманың екеуі де заңсыз деп танылуы тиіс дегенді айтып қана қоймай, Қазиз Тоғызбаевтың құқығы аяққа тапталғандығын алға тартып отыр. Мәселен, Тоғызбаев мұндай сараптаманың жүргізілгендігін білмеген, соған байланысты ол бұл процеске қатыса алмаған, дейді айыпталушының жақтаушылары. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің сот алдында жауап берген өкілдері алдымен бұл әрекеттің барлығы да заң аясында жүргізілгендігін айтып бақса, кейіннен олар Қылмыстық процесуалдық кодекстің ережелерін сақтау қажеттігін мойындады. Тіпті, сот төрағасы Гусакованың өзі комитет тергеушісі Жәнібек Жұмажановтың тергеуге дейін және тергеу барысында да Тоғызбаевқа өз құқығын пайдалануына мұрсат бермегендігін айтып өтті, - дейді адвокат Мұстахим Төлеев.
Ал тіркелмеген «Алға» партиясының төрағасы Асылбек Қожахметтің айтуынша, тергеу барысында бір ғана процесуалдық заң бұзушылық орын алған болса, сот төрағасы істі қайта қаратуға жібер алатындығын айтады. Тоғызбаевтың адвокаты Мұстахим Төлеев болса көптеген заң бұзушылықтардың болғандығын айта отырып, сараптама қорытындыларының заңды күші жоқ деп танылу керектігін алға тартып отыр.
Алайда сот төрағасы Гусакова журналист Тоғызбаевтың ісіне қатысты сот отырысы желтоқсанның 22-күні қайта жалғасатындығын айтты. Жұма күні сотқа филологиялық-психологиялық сараптаманы жүргізген мамандар шақырылған. Олар журналист Қазиз Тоғызбаевтың осы жылы жарық көрген екі мақаласында Президенттің ар-намысына тиетін сөздер айтылған деген тұжырым жасаған еді.
Бұған дейін қорғаныс саласында қызмет істеген отставкадағы полковник Қазиз Тоғызбаев 200-ден астам мақалалардың авторы.