Бас кеңсесі Париж қаласында орналасқан «Шекарасыз репортерлер» атты халықаралық ұйымының өкілі Элиза Видел сәрсенбі күні «Азаттық» радиосына берген сұқбатында, осы радионың Бішкектегі тілшісі Азамат Жетпісбаевтың Алматыда өткен Орталық Азия елдеріндегі демократиялық қозғалыстар тақырыбына арналған жиынға қатысуға келген кезінде Қазақстанның құқық қорғау орындары тарапынан ұсталып, тұтқындалғанына алаңдаушылық танытты.
- Бұл жағдайға қатты алаңдап отырымыз. Себебі, «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының тілшісі желтоқсанның 15-інен бері қамауда отыр. Мұның себебін әлі күнге дейін білмей отырмыз. Бұған қатты алаңдаймыз. Мұны журналиске қысым жасау амалы деп білеміз, бұл журналистік қызметінен бас тартсын деген қысым ретінде көреміз, - деді Элиза Видел.
Бұған дейін Азамат Жетпісбаевтың босатылуын талап етіп Қазақстандағы «Журналистер қауіп-қатерде» атты қоғамдық ұйым мәлімдеме таратқан болатын. Алматыда желтоқсанның 13-14 күндері өткен халықаралық жиынды ұйымдастырушы «Алға» халықтық партиясының Алматы қалалық бөлімшесінің төрағасы Әлихан Рамазанов «Азаттық» радиосының тілшісі Азамат Жетпісбаевтың әлі күнге дейін Алматы қаласындағы Сейфуллин мен Маметова көшелерінің қиылысындағы тергеу абақтысында жатқандығын, заң орындары оған ешкімді де кіргізбей, тұтқынды ешкіммен де жолықтырмай отырғандығын айтты.
Оның айтуынша, Азамат Жетпісбаевты тұтқындау жөніндегі тапсырысты Астана қалалық қаржы полициясы департаменті беріпті. Енді кешікпей оның ісін Астана қаласында қаржы полициясы қызметкерлері тергемекші деді ол.
Астана қалалық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Жанна Бастарова «Азаттық» тілшісіне телефон арқылы берген түсініктемесінде, Астана қалалық қаржы полициясы департаментінің тапсырысы бойынша Азамат Жетпісбаевтың тұтқындалғанын, оған Қазақстан Қылмыстық кодексінің 177-ші бабы бойынша, яғни «алаяқтық жасаған» деген айып тағылып отырғанын айтты.
- Азамат Жетпісбаев жақын күндері, яғни жаңа жылға дейін этаппен Алматыдан Астанаға апарылады, оған қатысты тергеу жұмыстары басталды, - деді ол.
«Алға» халықтық партиясының Алматы қалалық бөлімшесінің төрағасы Әлихан Рамазановтың айтуынша, 2005 жылы Астана қаласында жастар ұйымын құрып өздерінің саяси көзқарастарын ашық білдіргендері үшін Махамбет Әбжан мен Азамат Жетпісбаев билік тарапынан қудалауға ұшыраған. Ал қаржы полициясы болса сайлау кезінде бұл екі азамат тиісті мақсатқа жұмсамай 1,5 млн теңгені өздері жымқырған деген күдікпен айып тағып отыр деді ол.
Тәуелсіз журналист Ермұрат Бапи билік жастар арасынан шыққан осындай азаматтардың соңына түсіп қудалап, оларды басып-жаншу арқылы басқаларға сес көрсеткелі отыр дейді. Ал Азамат Жетпісбаевтың құқық қорғау орындары тарапынан осы жолы тұтқынға алынуы оның тек саяси көзқарасына байланысты дейді ол.
Е.Бапидің пікірінше, «Шекарасыз репортерлер» атты халықаралық ұйым және Қазақстандағы журналистер құқығын қорғайтын «Журналистер қауіп-қатерде» атты қоғамдық ұйымының қайта-қайта мәлімдемлер жасап, Азамат Жетпісбаевтың тағдырына алаңдаушылық білдіріп жатуы - Қазақстанның құқық қорғау орындарына үлкен сын болып отыр.