АҚШ президенті Джордж Буш бейсенбі күні ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерімен кездесті, Ирақта тұрақтылық орнату мәселесін талқылады. Мәслихат Буштың Техас штатындағы жеке үйінде өтті. Президент Буш Ирақта табысқа қол жеткізіп жатырмыз деді, алайда Ираққа қатысты дайындалып жатқан жаңа жоспары туралы егжей-тегжейлі айтпады.
Президент Буш Ираққа қатысты жаңа стратегияны белгілеуге жақын қалдық, басты құндылық ретінде Ирақтағы әскеріміз, әскер қатарындағы азаматтарымыздың жанұялары қарастырылып отыр деді. Стратегия жоспарлауын талқылаған мәслихатқа вице-президент Дик Чейни, сыртқы істер министрі Кондолиза Райс, штаб басшылары комитетінің төрағасы генерал Питер Пейс, қорғаныс министрі қызметіне кірісіп жатқан Роберт Гейтс қатысты. Буш жаңа стратегияны ашпас бұрын тағы да бір қатар кеңес құруым қажет деді, Ирақ үкіметімен де ақылдасуым керек деді:
- Жаңа жоспарымды елге жарияламас бұрын көбірек ақылдасып алуым керек. Ирақ үкіметімен жұмысымызды жалғастыратынымыз анық. Ирақтағы балаң демократияға кедергі жасап жатқандармен күресуге ынта танытатын үкімет қажет, бұл Ирақта табысқа қол жеткізудің кілті.
Президент Буш Ирақ стратегиясын жыл соңына таман жариялайды, ұлттық телекомпанияда сөйлейді деп жоспарланған еді. АҚШ әкімшілігі президент Буш сөзін жаңа жыл мерекесінен соң 23 қаңтарға дейін, жылдық жолдауын айтатын күніне дейін жариялайды дейді. Президент Буш 2007 жылы алдыма екі үлкен мақсат қойып отырмын – бірі Ирақтағы АҚШ әскерінің сақтығын қамту, екіншісі Ирақта тыныштық орнату дейді:
- Жұрт Жаңа жылдық сөзіңіз қандай болады деп ылғи да сұрап жатады. Менім ұстанымым мынандай - АҚШ әскерінің сақтығы қамтылатын болады және мақсаттарымызға жететін боламыз. Балаң демократияның аяққа тұруына, гүлденуіне көмектесетін боламыз. Ол-олма, бейбітшілік тарихын жазатын боламыз.
Дегенмен, қоғамдық пікір зерттеулері Буштың Ирақ саясатын қолдайтындардың қатары азайып жатқанын көрсетеді. СНН телекомпаниясы таяуда жүргізген зерттеу Бушты қолдайтындардың саны түсіп, 28 пайыз болғанын көрсетті. Бұл қазан айындағы көрсеткіштен алты балл төмен. Жауап берген адамдардың 70 пайызы президент Буштың Ирақ соғысын басқару деңгейін қабылдамаймыз деді.
Ирақ мәселесін зерттеу жөніндегі АҚШ-тың тәуелсіз комиссиясы Ирақ саясатын күрт өзгертуге шақырған болатын. Ирақтағы АҚШ әскерінің өкілі генерал-майор Уильям Колдуел Ирақ халқының қолдауы болмаса Ирақта табысқа қол жеткізу мүмкін емес дейді. Уильям Колдуел желтоқсан айында жасалған әскери операциялардың 87 пайызын Ирақ жасақтары атқарды, олар не өздері қимылдады, не коалиция әскерімен бірлесе қимылдады дейді. Алайда Ирақ жасақтарының жабдықтау мәселесі қиын, басшылық жасайтын қызметкер тапшы, басқа да проблемелар бар делінеді. АҚШ әкімшілігі Ирақтағы әскер санын уақытша ұлғайтуды, Ирақ жасақтарына америкалық кеңесшілерді көбірек жіберуді ойластырып жатыр. Ирақта қазір шамамен 140 мың америкалық әскери қызметкер бар. Жыл басында қосымша 3300 сарбаз жолданбақ.