Желтоқсан айының соңына шаққанда Қазақстанда 155 мыңнан астам заңсыз мигранттар заңдастырылды. Бұл туралы рақымшылық шарасын қорытындылаған Астананың көші-қон полициясының бастығы Борис Колесниченко хабарлады. Естеріңізге сала кетсек шара басында полиция 5 мыңнан астам мигрант заңдастырылады деп хабаралаған, бірақ полиция өкілдерінің пікірінше жұмыс берушілер ақпараттандыру арқасында көп адамға өздері құжат алып үлгірген.
Ішкі істер министрлігі заңсыз мигранттарды еңбекке қатыстырған жұмыс берушілер үшін жауапкершілікті күшейтуді жоспарлап отыр. Болашақта айыппұл көлемі 2-3 есеге дейін ұлғайту жоспарланды. Ал рақымшылық мерзімін падаланбаған жұмыс берушілер 2007 жылдың қаңтар айында тексеріледі деп хабарланды. Әкімшілік полицияның миграция басқармасының өкілі Еркінбек Жиенбаевтың айтуынша жұмыскерлерін заңдастырып үлгірмеген жұмыс берушілерге әкімшілік шаралар қолданылады:
- Әкімшілік кодекс бойынша айыппұл салынады, сот арқылы шет елге ығыстырылады. Оған жұмыс беруші төлейді. Есеп шотында ақша болмаса онда үкіметтен бөлінген есеп шоттан ақша бөлініп шет елге ығыстырылады.
Полицияның айтуынша енді заңды түрде жасалған келісім шарттардан Қазақстан бюджетіне салық түрінде 1 миллиард теңге түседі. Ресми мәлімет бойынша 2006 жылда Қазақстанға орта есеппен 1 жарым миллион шетелдік келген. Бұл былтырғыдан 20 пайызға артық. Бірақ, сыншылардың айтуынша бұл жолы Қазақстанда заңсыз жүрген мигранттардың тек азғантай бөлігі ғана заңдастырылған. Ал, көші-қон полициясының қызметкері Ғани Шымырбаевтың айтуынша полиция заңсыз мигранттардың ең төмеңгі көрсеткішін алған:
- Елімізге мысалы жылына 200-300 мың шетел азаматтары Қазақстан аумағында жұмыс жасап жатса, соның ең төмеңгі көрсеткіштерін алдық, өйткені ТМД елдерінен оның ішінде Өзбекстан Қырғызстаннан келген азаматтар текқана біздің елімізде күн жылы кезіндеғана.
Бақылаушылардың айтуынша бұл тек ресми сандар, ресми емес көрсеткіштер бұдан әлдеқайда артық деп болжамданған. Ал, Шымырбаевтың айтуынша шетелдік мигранттар қазақстандықтарға бәсеке болмайды:
- Қазақстан сарапшыларының айтуынша жұмыссыздық мәселесін шешіп алмай көршілес елдің жұмыссыздарына жағдай жасау тиімсіз деген пікірдеғой. Бұл жөнінде бізде қазіргі уақытта есепке тұрудан жалтарып жүрген еңбек мигранттарының салық төлеу есебінен жергілікті бюджеттерді толтыру мүмкіндігі бар.
Қазақстан облыстарының ішінде мұндай шетелдіктер Алматы облысында бәрінен көп болып шықты. Қызметі заңдастырылған шетелдік мигранттардың басым бөлігі Өзбекстан азаматтары деп хабарланады. Ал, шетелдіктерге жұмыс берушілердің бірі саналатын кәсіпкер Бақыт Шанабаевтың айтуынша қазақстандықтардан гөрі өзбекстандықтарды жалдаған тиімді:
- Мына жігіттер олар демалыс дегеннің не екенін білмейді. Мен 200 доллар төлеп отырсам олар таңертең келіп маған 300 доллар төле деп айтпайды. Оларда жоқ ондай.
Оның үстіне Шанабаевтың айтуынша қазір мигранттарды тіркеу үдерісі жеңілдетілген:
- Бұрын 3-6 айдан кейін олар қайта кететін. Ал қазір 1-3 жыл рақымшылық жасайды, өте жақсы.
Полицияның айтуынша соңғы үлгідегі мерзімі ұзақ миграциялық карточкалар тегін беріледі. Ал Астанада 3 қабатты жеке меншік үй салып жатқан өзбек құрылысшы Ұлықбек Юлдашевтың айтуынша ол миграциялық карточкаға ақша төлеуге адам жіберген:
- Балалар есепке қоямыз деп кеткен. Миграциялық карта бар, дайын. Тек мөр қою керек. Паспорт бар. Миграциялық пунктке апарып дайындаған. Кішкене ақшасын төлеп, әкелем деген. Біраз қарыз болған ана бала.
Миграциялық полицияның түсіндіруінше бұған дейін жемқорлық жайттары болған. Бірақ соңғы карточкалар арқылы бұл құбылысты азайтамыз, дейді полиция өкілдері. Астананың көші-қон полициясының инспекторы Марат Жұбайдың айтуынша рақымшылық шарасы адам сату фактілерін тоқтатуға бағытталған:
- Құл ретінде басқада ретінде пайдаланатын ол еліміздің егемендігіне нұқсан болады. Көріп жатырсыңдар заңсыз құл ретінде жұмсады деп. Олар енді еліне барғаннан кейін жақсы деп айтпайды.
Аталмыш шараға тек ТМД елдерінің өкілдері кірген, ал, визамен кіретін шалғай шетел тұрғындары тексеруге жатпады. Оның сыртында қала базарларында сауда жасап жүрген шетелдіктер тексерілмеді.