Қазақстан парламентінің бүгінгі мәжілісінде депутаттар президент Н.Назарбаев ұсынған Кәрім Мәсімовты бас министр қызметіне бірауыздан мақұлдап дауыс берді. К.Мәсімов, 1991-жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі 15 жыл ішіндегі 7-ші бас министр болып отыр. Бұрынғы кабинет жетекшісі Даниал Ахметов қаңтардың 8-і күні белгісіз себептерге орай қызметтен босануға арыз берген болатын.
Президент Назарбаевтың жарлығымен сәрсенбі күні экс-премьер Д.Ахметов азаматтық қорғаныс министрі қызметіне, Аслан Мусин бас министрдің орынбасары болып тағайындалды.
Сондай-ақ сәрсенбі күні елдегі бірқатар министрліктердің басшыларын жаңадан тағайындалғаны мәлім болды. Атап айтқанда, Білім және ғылым министрі болып бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі болған Жансейіт Түймебаев, Индустрия және сауда министрі қызметіне осыған дейін Kazakhstan Engineering ұлттық компаниясының президенті болып істеген Ғалым Оразбақов отырды.