«Кришна санасы қоғамы» діни бірлестігі жабылу алдында тұр. Бұл туралы "Азаттық" радиосына осы қоғамның баспасөз қызметінен сейсенбі күні хабарлады. Діни бірлестік өкілдерінің айтуынша, Алматы облысы Қарасай ауданы әкімшілігі сотқа жерді сату және сатып алу келісім-шартын жою бойынша талап-арыз берген. Оған қоса жергілікті билік орындары тарапынан Кришна діни бірлестік өкілдерінің сыртынан бақылау орнату, үйлерін аралау, тізімдеу сияқты шараларды қолға алғандығын жеткізді «Кришна санасы қоғамы» баспасөз қызметі. Ал Қарасай ауданы әкімшілігі болса мұның бәрін жоққа шығарып, керісінше, діни бірлестік өкілдерінің жерді сатып алуда заңсыздықтарға жол бергендігін алға тартады.
Қаңтардың 18-і күні «Кришна санасы қоғамы» діни бірлестігі өкілдері Алматы облысы Қарасай ауданы сотына кезекті шақырту алды. Қарасай ауданы әкімшілігі қаңтардың 16-сы күні берген талап-арызында «Кришна санасы қоғамы» мен Марат Жақсыбеков деген азамат арасында жасалған 47,7 гектар жерді сатып алу-сату келісім-шартын жоққа шығаруды талап еткен. Себебі, олар жасаған келісім-шарт жалған дегенді айтты қаңтардың 23-і күні Алматы облысы Қарасай ауданы әкімшілігінің аты-жөнін жарияламауды сұраған қызметкері:
- Ол договор еш жерде тіркелмеген. Нотариалды түрде бекітілмеген. Сосын олар Жақсыбековтің үстінен арыз жазған болып, ол Жоғарғы сотқа бергендей болады. Әйтеуір, жалған құжаттар жасап, Жоғарғы соттың бір шешімін шығартады. Сосын Жақсыбеков консорциумға сатады, консорциум діни ұйымға сатады. Олар сатқандығы туралы құжатты өтіп кеткен уақытты көрсетіп, жасайды. Мүлдем заңсыз әрекеттерге барады! Олардың жерді консорциумға да, діни бірлестікке де сатуға құқықтары болған жоқ!
Ал «Кришна санасы қоғамының» өкілдері жерді сатып алу-сату келісім-шарты 2005 жылы маусым айының 30-ында Жоғарғы соттың шешімімен заңдастырылған дегенді алға тартып отыр. Ал Қарасай ауданы әкімшілігі жаңа талап-арыз беру арқылы Жоғарғы соттың сол шешімін жоюы мүмкін деп қауіптенеді діни бірлестік өкілдері. «Кришна санасы қоғамының» баспасөз-хатшысы Максим Варфоломеевтің айтуынша, қазір діни бірлестікке қарасты ауылшаруашылығы жерінде көкөніс, астық өсіріледі.
«Сол арқылы «Өмір азығы» қайырымдылық бағдарламасы жүзеге асырылып, Кришна қауымдастығының мүшелері мен әлеуметтік жағынан төмен топ өкілдері күн көріп отыр. Егер жер тартып алынса, бұл ізгі іс-шара тоқтап қалады. Сонымен бірге бүкіл діни бірлестіктің жұмысына қауіп төнеді, яғни, бұл жерден айырылу арқылы осы қоғамды ұстап тұратын қордан айырыламыз. Адамдар үшін тамақтанатын ештеңе болмайды. Сосын, әрине, бұл жерді бізден алса, заңдық мекен-жайымыздан айрыламыз. Бұл – мемлекеттік тіркеуден айрылу деген сөз. Бұл біз үшін – діни бірлестіктің қызметін тоқтатуы екендігін түсінеміз», - дейді Максим Варфоломеев.
Оған қоса Кришна қауымдастығының мүшелері жергілікті билік орындары тарапынан жан-жақты қысым көруде дегенді айтады Максим Варфоломеев.
«Қазір жаппай салық тексерісі басталды. Сонымен бірге жақын маңда поселкеде тұратын біздің қоғамымыздың мүшелерінің сыртынан бақылау орнатылып, олардың үйлерін аралап, пәтерлерде кімдердің тіркеуде тұрғаны анықталған. Әкімшілік қызметкері оған қоса сол үйлердің коммуналдық қызметкерлеріне «кришнаиттердің» өмірін сыртынан бақылау туралы нұқсау берген. Бұл - билік орындарының діни қоғам өкілдеріне қатысты алалау, бөлу приципін қолданып отырғандығын байқатады», - деді Максим Варфоломеев.
Алайда, Алматы облысы Қарасай ауданы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері Кришна бірлестік мүшелеріне қатысты ешқандай бақылау, бөлу, алалау әрекеттері орын алмағандығын айтады:
- Біз тек заң талаптарының орындалуын қадағалап отырмыз. Егер әр «кришнаиттің» артынан жүрсек, онда әкімшілікте істейтін ешкім қалмайды ғой?!
Қазақстандағы адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау бюросының директоры Евгений Жовтис «Кришна санасы қоғамы» бірлестігін қалайда Қарасай ауданы ауқымынан кетіру бойынша кең көлемді операция жалғасуда деп есептейді.
«Біздің ойымызша, діни бірлестік өкілдері жерді адал түрде алған, олардың жалған құжаттар жасағаны ешқандай сотпен дәлелденбеген. Тіпті, кейбір құжаттарда қателіктер кеткен күннің өзінде билік орындары оларды заңдастыруға мүмкіндік бермей, жерді тартып алмақшы», - дейді адам құқығын қорғаушы.
«Кришна санасы қоғамы» Қазақстанда алғаш рет 1994-ші жылы пайда болған. 2002-ші жылы осы ұйым Алматы облысы Қарасай ауданында тіркеуден өткен.